Биікке көтерілдім,
бірақ халықтан аласа екенімді ұмытпадым. Қайтып ашар есігімді
қатты жаппадым. Түптің түбінде оралар ортам – ел іші, ағайын
ортасы. Басар жерім де, барар жерім де – қара жер. Қастерлей
білсем, қадірімнің кетпесін білдім. Панаң да ел, данаң да ел. Соған
арқа сүйедім, содан үйрендім.
... Туған елімнің түтіні түзу шықса, туы биіктен желбіресе, абыройы
асып, адамдары бақытты ғұмыр кешсе деген тілек үстіндегі жанның
бірімін. Мен осы топырақта туып-өсіп, тұрып жатқан қай ұлт, қай
ұлысқа да осы ізгі ниетімді арнаймын. Алаламаймын. Қазақстанға не
тілесем, Ресейге, тарихи тағдыры бір бауырлас елдердің барлығына
соны тілеймін және олардың болашағына кәміл сеніммен, айырықша
үмітпен қараймын. Оған күн өткен сайын буыны қатайып, беделі өсіп
келе жатқан жас мемлекетіміздің бейбітшілікті нығайтуға күш салуы,
ұлтаралық қатынасты тұрақты сақтауы бұлтартпас дәлел, басты кепіл.
Осыған сайып айтарым: ең алдымен үйдей үрейден аулақ болсақ.
Ертеңге деген сенім жоғалмасын. Қиыншылық деген қиюы келмейтін
іс емес. Жұмыла көтерейік! Екіншіден, тату үйге тақсірет жуымайды.
Бірлігіңе бекем бол! Үшіншіден, өзіңе жақсылық тілесең, өзгеге
жамандық қылма!
•
Мәтінде автордың өзі емес өзгелер жайлы айтуы нені
аңғартады?
•
Мәтіндегі «Алтынның қолда барда қадірі жоқ» деген ойын
қалай түсінесіздер?
•
Мәтіндегі қарамен жазылған автордың ойын түсініп оқып, өз
ой қорытындылырыңызды шығарыңыздар.
•
Авторды еліне адамдық борышын адал атқартып, ақиқаттан
аттамауға мұрындық болған қандай қасиеттері деп
ойлайсыздар?
Достарыңызбен бөлісу: |