Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»



Pdf көрінісі
бет70/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

Қаныш Сәтбаев жайлы екі әңгіме
Ерлан Төлеутайұлы
***
Қаныш Сәтбаев мысты Жезқазғанның 
қазба байлықтарын игеру керектігін 
айтқанда, талай адам қарсы шыққан. 
Мәскеуліктер: «Мұндағы қор мардымсыз, 
оны игеруге су да жоқ. Адам тұруға да 
қолайсыз», – деген. Бірақ Сәтбаевтың 
табандылығының арқасында кен орны 
ашылған.
Мен Сәтбаевтар әулетінің тектілігіне 
тәнті боламын. Бұл өзі Құдайдың назары 
түскен сәулелі әулет. Қазаққа бергені көп 
әулет. Мысалы, Қаныштың ағасы Әлкей 
Сәтбаев Семейде педагогикалық училищенің директоры болған. Әлкей 
Марғұлан, Мұхтар Әуезовтерді алғаш оқытқандардың бірі. Әлкей 
Сәтбаев Алашордашылардың құрамында болып, сотталған. Бөкеш 
деген бауырын да бір түнде айдап әкеткен. Қаныш сонда да алған 
бетінен қайтпай, ғылымға адалдығын танытады.
Қаныштың екінші әйелі Таисия орыс ұлтынан. Ол бастапқыда 
Жезқазғанда тұрғысы келмепті. Қысы қатты. Жағатын отын жоқ. 
Пойыз қатынамайды. Таисия мұндай қиындыққа шыдамай, жылайды 
екен. Сонда Қаныш: «Таисия, бұл аймақта тіршілік әлі-ақ мидай 
қайнап жатады. Сонда көресің – мен сені пойыздың жұмсақ купесіне 
мінгізіп қыдыртамын. Осы жерді қимайтын боласың», – дейді екен. 
Сөйтіп жүргенде жалғыз ұлына суық тиіп, қайтыс болады. Қарсақбайда 
бір дөкейдің ғана үйінде көмір болыпты. Үсіп бара жатқасын Таисия 
Қанышты көмір әкелуге жіберіпті де, өзі сыртынан бақылап тұрыпты. 
Ешкімнің ала жібін аттап көрмеген Қаныш далада жатқан көмірден бір 
шелегін салып алуға қолы бармайды. Состиып тұрғанын үй иесі байқап 
қалып, Қанышқа көмірді өзі салып берген екен.
***
Бірде Қаныш түс көреді. Түсінде өлген әке-шешесінің көзін 
Қарашаңырақ деген қаршығасы шоқып жеп отыр екен. Сонда бір 
жағдайдың болғанын сезіпті. Бөкеш ағасынан хат келеді. Онда: 
«Қарашаңырақ иесіз қалды», – деп құпия сөз жазылыпты. Ол кезде 
хаттарды тексеретін болған. Асылында, Бөкеш біраз туыстарын алып, 
Омбыға көшіп кетіпті. Қаныш туған жерінде болып жатқан жайды 
КӨШБАСШЫ БОЛУ


106
көзбен көру үшін машинаға азық-түлік тиеп, ауылына келіпті. Аш-
жалаңаш халыққа талғажау болатын азық-түлік үлестіріпті. «Үлкендерді 
алып кететін жағдайым жоқ, балаларды алып кетейін», – деп, үй-үйді 
аралап, жүруге жарайтын балаларды машинаға салып алыпты. Өзінің 
туған әпкесі кезінде атақты бай болған, жайлауға жылқысы сыймаған 
Шорман әулетінің келіні екен. Ол да аштықтан көз жұмыпты. Әпкесінің 
көзіндей болып, құр сүлдері қалған екі жиенін көреді. Оларды жол 
жүруге жарамайды дегенге қарамастан, алып кетеді. Жалпы саны оннан 
аса шалажансар баланы құрым киіздерге орап, жолай ауыздарына су 
тамызып отырып, үйіне жеткізіпті. Таисия: «Бұл балаларды қайтеміз, 
қалай асыраймыз?» – деп үйінде ұрыс-керіс болады. Қаныш бұл 
балалардан бұрын да аштықта қалған біраз адамды үйіне алып келген 
екен. Адам кейпін жоғалтып бара жатқан адамдарды көріп Таисия да 
қажып кеткен ғой. Сонда Таисияның шешесі келіп қызына: «Қызым, 
қазақ жігітіне тұрмысқа шығарда, оның туыстарының көп болатынын 
баяғыда ойлауың керек еді. Енді неғып тұрсыңдар, моншаны жағып
жуындырыңдар. Қаныш, сен құр тұрма, мата алып кел. Өзіміз киім 
тігеміз», – депті. Сол балалардың барлығы Қаныштың арқасында 
аман қалып, оқып-жетілген. Соғысқа қатысқан. Соның бірі – Есіктегі 
«Алтын адамды» тапқандардың бірі, атақты археолог Кемал Ақышев. 
Ол Қаныштың аман қалған екі жиенінің біреуі. 
(Baq.kz сайтынан). 
• 
Мәтіндегі Қаныштың іс-әрекетінен нені аңғаруға болады? 
• 
Мәтіннен Қаныштың нағыз көшбасшыға тән азаматтық іс-
әрекеттерін тауып, оқып беріңіздер. 
• 
Түрлі дерекөздерден Қаныштың Сәтбаевтың адамгершілігі мен 
азаматтығы туралы ақпараттар жинап, айтып беріңіздер.
• 
Қаныш сияқты өздеріңіз білетін адамдар бар ма? Әңгімелеп 
беріңіздер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет