Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»



Pdf көрінісі
бет67/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

«... Мен өз халқымның 
жолында басымды бәйгеге 
тіккен адаммын». 
Нұрсұлтан Назарбаев
КӨШБАСШЫ БОЛУ


100
уақытта ол именбей қол бастады, тар кезеңнен жол тапты. Алаштың 
аманатын мойнымен көтерді. Азаттыққа қолымызды жеткізіп, 
мәртебемізді асқақтатты. 
Сын сағатында, алмағайып заманда екі өмір, екі дүние, екі дәуір 
арпалысқа түскен шақта Назарбаев осындай қадамға барды. Керек 
десеңіз, бәйгеге басын да тікті. Ештеңеден, ешкімнен қаймыққан жоқ. 
Қалай барды? Неге сенді? Кімге сенді? Бұл арасы ол кезде тек оның 
өзіне ғана мәлім еді.
Ес жиып, етек жапқан кезде ол туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың: мен 
халқымның тәуекеліне сендім деп жазғаны да, «…Мен өз халқымның 
жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын 
садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп 
төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-
бірінің пешенесіне
40
бұйырмаған бақыты толыққанды, тәуелсіз 
мемлекет құрудың басында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет 
етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар 
қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да 
тәуекелге барамын…» – деп ағынан жарылғаны да жадымызда. Қандай 
да бір шешім қабылдағанда да, нендей бір істі бастағанда да Елбасы 
осылай, үнемі халыққа сеніп, халқына арқа сүйеп келеді. Президентті 
қолтығынан демеген де, демейтін де, қолдаған да, қолдайтын да өзінің 
туған халқы.
Осының бәрі айтуға ғана жеңіл. Әйтпесе тар кезеңде азаматқа елдің 
тілегін жүзеге асыратын жүрек керек еді. Білек те керек еді, қолдайтын 
тілек те керек еді. Риясыз жүрек те, тілек те болды. Алла не берсе де 
оңынан берді. Соның арқасында біз басымыздан кешпеген өмірді кешіп 
отырмыз, жүріп өтпеген жолға түсіп отырмыз. Назарбаевты қазақтың 
пешенесіне берген, халық үшін туған ұлы перзенті дейтініміз сондықтан.
– Жалпы жұртшылықтың бәрі тереңдеп біле бермейтін, әп дегеннен 
ұғына алмайтын жайттары болады. Әр кезеңдерде Елбасы ұстанған 
саясат туралы айтып берсеңіз.
– Елбасы саясатының алтын арқауы, басты өзегі – ел бірлігін 
сақтау. Мемлекет рәміздерінен бірде-бір кем ұстамайтыны, қайта-қайта 
аузынан тастамайтыны – елдің ынтымағы мен бірлігі. Билікті қолына 
алған сәттен бастап осыны саясатының туы етіп ұстап келеді.
Бізге ең алдымен ынтымақ, бірлік, елдің тыныштығы керек еді. Ырың-
жырыңға жол бермеу керек еді. Бұдан басқа жол жоқ еді. Бабаларымыз 
бізге мирас етіп кеткен сол жолдан Елбасы ешқашан тайған емес. Небір 
тар жол, тайғақ кешуден де, неше түрлі сыннан да, тозақтың отынан 
да, қияметтің қыл көпірінен де бірлік пен ынтымақтың арқасында аман 
өтті.
40
Тағдыр.
КӨШБАСШЫ БОЛУ


101
Одақ тарағаннан кейін бұрынғы одақтас республикалардың 
барлығы дерлік дағдарысты басынан кешіргені есімізде. Қалыптасқан 
колхоз-совхоздар ыдырады, зауыт-фабрикалар күйреді, балабақшалар, 
мектептер, мәдениет ошақтары талан-таражға түсті, экономика 
құлдырады, ел күйзеліске ұшырады; жұртты үрей биледі, мұның аяғы 
не болады деп пұшайман
41
болды. Қайтіп ел боламыз деп сергелдеңге 
түсті. Неше түрлі арандатушылар пайда болып, әбіржітті, ел ішіне іріткі 
салды.
Сол бір алмағайып
42
кезеңде Елбасы халықтың ортасынан шыққан 
нағыз интеллектуал екендігін, саясатта салқынқандылық, төзімділік 
керек екендігін шебер дәлелдеді. Кемеңгерлікке тән мінез танытты.
Президент Назарбаев – мемлекеттігімізді орнатып, оны 
қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де 
әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Елбасының аз ғана 
жылдарда адам айтса нанғысыз атқарған қыруар істері болашақ ұрпаққа 
аңыз болып жететіні сөзсіз. Аумалы-төкпелі, алмағайып заманда мың 
өліп, мың тірілген қазақтың, үш ғасыр бодан
43
болған елдің тізгінін 
Нұрекеңдей азаматтың ұстауы Алланың халыққа берген сыйы еді. Қазақ 
халқы сан мың жылдар іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан 
Назарбаевтың тұсында жетті. Осы жылдарда біз Президентіміздің 
жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы 
ретіндегі көсем қасиеттерін айқын таныдық.
Нұрсұлтан Назарбаев – ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының 
бар қадір-қасиетін бойына жиған, тілін, тарихын, мәдениетін, әдет-
ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан-тәнімен сүйетін, 
оның мәртебесін өсіріп келе жатқан, халқының үмітін, сенімін ақтап 
келе жатқан ұлтжанды Азаматы; қалың елдің жанашыры; мұңдасы, 
тағдырласы; қорыққанға қорған, тарыққанға пана, зарыққанға сана бола 
білген өз елінің шын перзенті; алдағыны болжай білетін, ертеңгісін де 
оза ойлай білетін көсемі; елінің жүгін көтеріп келе жатқан қара нары; 
халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің 
басшыларымен терезесі тең, сөйлескенде сөзі асатын, егескенде 
еңсесін басатын, елдескенде мейірімін шашатын аузы уәлі, сөзі дуалы 
саясаткері.
Шынтуайтына келгенде, Нұрсұлтан Назарбаев – тарих толғатып туған 
ғасырдың тұлғасы, елінің жанын ұғатын, халқын замана көпірінен аман 
өткізіп келе жатқан қамқоршы; еліміздің дарынды ұйымдастырушысы, 
көреген басшысы, нарықтық экономиканың терең білгірі, аңқылдаған 
ақкөңіл; кекшіл емес, текшіл; жікшіл емес, көпшіл; жұртты сендіре де, 
иландыра да алатын, өз елім – менің өзегім дейтін Азамат.
41
Бейшаpа, соpлы.
42 
Қиын.
43
Тәуелді.
КӨШБАСШЫ БОЛУ


102
Нұрсұлтан Назарбаев – адамзат тарихын терең білетін, замана 
ағымын жіті ойлайтын, әлемнің озық тәжірибесін ұтымды пайдаланып, 
ата-бабадан қалған асыл өнегені әдемі ұштастырып келе жатқан стратег, 
тәуелсіздік заманының бірнеше ұрпағын өсіріп келе жатқан тәлімгер.
– Президенттің көпшілік біле бермейтін тағы қандай қырларын 
айтар едіңіз?
– Бұл сауалыңызға байланысты мынаны айтайын. Біз абзалы
Елбасымыз туралы өзіміз айта бермей, сырт көздің де пікіріне құлақ 
түріп көрелікші. Мәселен, Ұлыбританияның саясаткері Джонатан 
Айткен «Назарбаев туралы кітап жазуға не себеп болды?» деген 
тілші сауалына: «Дүниедегі саяси лидерлер маңайына ауа райын 
жасай біледі. Маңайына жарқыраған шуақ шашсын, я болмаса нөсер 
әкелсін, әйтеуір өзінше ауа райын туғызған лидерлер тегін болмайды. 
Олар туралы жазу да, оқу да қызық. Мен айтсам: өзінің саяси өмірін 
Кеннеди мен Хрущевтан бастап, осы күнгі Обама мен Медведевпен 
бір бойлықта қажыр-қайрат танытып жүрген жампоздар
44
некен-саяқ. 
Өмір баспалдағы өнеге баспалдағына айналған адам ретінде Назарбаев 
оқырманды қатты қызықтырады» деп жауап береді. Иланбасқа шараңыз 
жоқ.
Сауд Арабиясына барған жылы ол жерде үш ай бойы ылғал тамбаған 
екен. Нұрекең қасиетті Қағбаға кірерде жаңбыр құйып, шыққанда аспан 
шайдай ашылыпты. Бұған таңғалған король Фейсаль:
– Сіз тегін адам емес екенсіз, Алладан не тіледіңіз? – деп сұрапты.
– Қазағымды, елімді аман қыл деп тіледім, – деген екен Елбасымыз.
Көк түріктің кіндігінен жаралғандардың ішінен озып туғаны да, 
түрік тектес халықтардың лидері де – Нұрсұлтан Назарбаев. Түркияның 
Премьер-министрі Тайып Ердоғанның Назарбаевты түрік әлемінің 
лидері дегені – сол мойындаудың келісті көрінісі.
Аты әлемге мәшһүр қаламгер Шыңғыс аға Айтматов: «Ойпырмау, 
бұл кісі данышпан екен ғой. Зауыт салуға болар қазір, фабрика 
салуға болар, өндірісті дамытуға болар, бірақ мынадай қиын заманда 
университет салып, рухын еліне оралтып отырған мынау шын мәнінде 
түріктің түнегін ашқан данышпан ғой. Мен өмірімде, соңғы кезімде 
көрмеген рахатымды көріп келдім. Нұрекеңмен сөйлескенде үлкен бір 
байтақ дарияда жүзгендей болып келдім»,- дегенде төбем көкке екі елі 
жетпей қалды.
Нұрсұлтан Назарбаев – әлем мойындаған, жаһанға атағы жеткен, жер 
жаһанға сөзі өтіп, айтқанын істетіп отырған бүгінгі заманның лидері; 
тумысынан кие дарыған қайраткер; табанды күрескер; гуманист, туған 
халқының Бәйтерегі, Көсемі, Кемеңгері. Елінің аманатын арқалаған 
тірегі, алтын діңгегі.
Міне, менің шын жүрегімнен шыққан сөзімнің түйіні осы!
44
Алғыр адам.
КӨШБАСШЫ БОЛУ


103


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет