4-тапсырма.
Тәжік-парсы ақыны, философ Насыр
Хұсыраудың өлеңінен үзіндіні оқыңыздар. Ақынның өсиетін
қалай түсінгеніңізді өз сөзіңізбен жеткізіңіз.
Адамгершілік
Насыр Хұсырау
Бар өмірің адамзатқа қуаныш боп тарасын,
Жүзімдейін тәтті болып, билеп ал сен санасын.
Сенде егерде мұншалықты үлкен жүрек болмаса,
Майшамдай-ақ жарық төк те зәбір берме жанға аса.
Адамдарды ісіңмен де, сөзіңмен де жүдетпе,
Елді тыңда мейіріммен, салмақ салма жүрекке!
Дерті барды айықтыр да! Қайғылыны жұбат сен!
Жердегі өмір қатыгез ғой теңестірсе тозақпен!
Буырқанған жассың ғой сен, жыртқыштарды үйрет сен,
Ата-анаңды әрқашанда қуанышпен билет сен.
Анамыздың бізді аялап өсіргенін ұмытпа,
Әкеміздің тәрбиесін салма әсте құлыпқа.
Содан да сен өзің жасар бейқамдықтан алшақ бол
Қартайғанда жүрегіңе у боп тұнар жаңсақ жол.
Көп ұзамай өзіңді де жаулап алар кәрілік,
Бұл киелі заңдылықты ұстама сен әрі ғып.
Өмір кеш сен бар жан үшін өзіңді әсте ойлама,,
Сенің жаның жарқырайды алғыс алып қайда да.
Ұлы Абайдың төмендегі өлең жолдарын тақырып етіп
алып, топта пікір алысу ұйымдастырыңыздар.
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын.
Әрбір отбасы мүшесінің өз құқы мен міндеттері бар,
оны байыппен, қалтқысыз орындау отбасын бақытты етеді.
Отбасында балалардың ең бірінші міндеті – ата-аналарын
құрметтеу. Сондықтан ата-ана алдындағы перзенттік
міндеттерді, борышты орындау өте маңызды. Үлкендерді
құрметтеу дәстүрінің тамыры тереңде жатыр.
МЕН СЕНІҢ ӨМІРІҢНІҢ ЖАЛҒАСЫМЫН
97
Отбасында ата-әжеге, әке-шешеге, бауырларға риясыз, адал қызмет
етуіміз – бұл отбасылық өмірдің іргетасы, ондағы бақыт пен бірліктің,
отбасы өркендеуінің негізі болмақ. Сол себепті әр қайсысымыздың ең
жоғарғы борышымыз бен міндетіміз – өз ата-аналарымызға, отбасы
мүшелеріне адал қызмет ету.
Әке туралы жыр
Сөзі Мұхтар Шахановтікі
Әнін Нұрғиса Тілендиевтікі
Жас едім өмірге еркін бойламаған,
Күні ертең не боларын ойламаған.
Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған.
Сүрінсем сынай қарап от жанарың,
Сен мені жақтамадың, ақтамадың.
Әрдайым осы қатал мінезіңнен,
Күш алып мақсатыма аттанамын.
Жан әке, шертіп сезім домбырасын,
Кеудемді қуанышқа толтырасың.
Арманның асқарына құлаш ұрсам,
Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.
Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,
Кім мөлдір болса соның жолдасымын.
Қуан сен, қуана бер, әкетайым,
Мен сенің өміріңнің жалғасымын.
МЕН СЕНІҢ ӨМІРІҢНІҢ ЖАЛҒАСЫМЫН
|