Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»



Pdf көрінісі
бет64/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

Бақ туралы аңыз
Ғалым Бақыткерейұлы
Ертеде бір бай өзінің ержетіп келе жатқан ерке ұлын еңбекке баулып, 
оған қажетті тәлім-тәрбие беру мақсатында оны бір мезгіл өз иелігіндегі 
бау-бақшаға жіберіп тұруды ұйғарыпты. Содан байдың баласы жемістері 
төгілген ағаштары, сылдырай аққан мөлдір бұлақтары, тамылжыта 
сайраған құстары мен алаңсыз жайылған жан-жануарлары бар осынау 
әсем бақта өз бетімен қала бастапты. 
Жемістерден қалауынша үзіп жеп, бұлақтан қанғанынша су ішіп, 
ұйқысын әбден қандырып алған соң ол зерігіп ермек іздей бастаған 
екен. Содан қызық үшін аң-құстарды үркітіп, олардың қашқанына 
елігіп, қиқулап тас ата қуған бала бейбіт жатқан осынау бақтың астан-
кестеңін шығарыпты. Мұнымен қоймай күннен-күнге бұзықтықтардың 
неше түрін ойлап тауып бетімен кеткен ол кеш батқанша бау-баққа біраз 
бүліншілік
33
істеп үлгеріпті.
Осылайша бұл бала әр келген сайын бақты ойрандап
34
, аздырумен 
болыпты. Соның нәтижесінде уақыт өте келе осынау әсем бақ ағаштары 
қурап, бұлақтары бітелген, аң-құстары үркіп бет-беттеріне безіп кеткен 
өлі баққа айналыпты. Ендігі жерде байдың баласына да бұрынғыдай 
көңіл көтеріп, асыр салып ойнамақ түгел, тамағын тауып жеудің өзі 
қиынға айнала бастапты. Бейнеті басынан аса бастағаны соншалықты, 
кейбір кездерде мұндай тірліктен қатты қажып, түңіліп кететін жігіт 
өзінің осынау бағынан қашып үйге қайтып оралуды ойлайды екен.
Содан сүреңсіз
35
бақтан әбден запы
36
болған байғұс жігіт бір күні 
әкесінің аяғына жығылыпты да «Әке, сол қараң қалған бақта мен не 
32
Ренжіту.
33
Тыныштықты кетipген дау-жанжал.
34
Сындыру.
35
Сұpы қашқан, сиықсыз.
36
Жалығу, шаршау. 
МЕН СЕНІҢ ӨМІРІҢНІҢ ЖАЛҒАСЫМЫН


95
жоғалтып едім, неге маған үйде болуға 
рұқсат бермейсің?» – деп өксіп тұрып 
жылапты. Сонда әкесі оған ренішпен 
«Әй, балам-ай! Қалай түсінбей жүрсің? 
Сол «қараң қалған» бақта сен өзіңді 
жоғалтқан жоқсың ба? Мен де сонда өз 
ұлымды жоғалтқан болатынмын. Енді 
сол бақ қайта қалпына келмейінше сенің де менің балам ретінде үйде 
қалуға құқығың жоқ!» 

депті. Сонда ғана өз кінәсін түсіне бастаған 
жігіт тәубеге келіпті де, өз қолымен аздырған бағын өз қолымен қайта 
қалпына келтіруге бекініпті.
Содан ол баққа әр келген сайын бел жазбай еңбек етіп, бұлақтардың 
көзін ашып, жылғаларын тазартыпты, ағаштарды баптап, жаңадан жас 
шыбықтар отырғызыпты. Бірте-бірте шырайы кіріп құлпыра бастаған 
бау-баққа аңдар мен құстар да қайтып оралып, сәніне ән қосып шаттыққа 
толтырыпты. Бейбіт еңбек етіп өздеріне жағдай жасап жатқан жігітке де 
бойлары үйрене бастаған олар, оған іш тартып, үйірсектей бастапты.
Содан баласының үйге бұрынғыдай бірде жабырқау, бірде ызалы 
қайтпай, шаршаңқы болса да ақжарқын кейіпте қуана оралып жүргенін 
байқап жүрген бай бір күні баққа өзі барып оның себебін білмек болыпты. 
Баққа еніп, оның бұрынғыдан да бетер құлпырып кеткенін көріп, риза 
болып келе жатқан бай бір алма ағашының саясында демалып отырған 
баласын байқапты. Жұмыстан шаршап, бұлақ басында салқындап 
отырған жігіттің төбесінде бұлбұл сайрап, алдында ақ тиін ойнап, 
көздері мөлдіреген сүп-сүйкімді еліктің лағы оның бетін жалап еркелеп 
тұр екен.
• 
Мәтінді оқығанда қандай ой түйдіңіз?
• 
Жігіттің әкесі: «Әй, балам-ай! ... Сол «қараң қалған» бақта 
сен өзіңді жоғалтқан жоқсың ба? Мен де сонда өз ұлымды 
жоғалтқан болатынмын», – дегенде не айтқысы келді деп 
ойлайсыз?
• 
Байдың өз баласына қатысты әрекетін қалай бағалар едіңіз?
• 
Жігіт неліктен бел шешіп жұмыс істей бастады?
• 
Ол алдына нақты мақсат қойды деп ойлайсыз ба? Неліктен?
• 
Жігіт қандай қасиеттері арқылы мақсатына жетіп, өзі 
аздырған бақты қалпына келтірді? Жауабыңызды дәйектеп 
жеткізіңіз.
• 
Аңыздан өзіңіз қандай сабақ алдыңыз?
• 
Өзіңіз алдыңызға қойған мақсатқа жету үшін қандай әрекет 
жасайсыз?
Сонда ғана өз кінәсін 
түсіне бастаған жігіт 
тәубеге келіпті де, өз 
қолымен аздырған бағын 
өз қолымен қайта қалпына 
келтіруге бекініпті.
МЕН СЕНІҢ ӨМІРІҢНІҢ ЖАЛҒАСЫМЫН


96


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет