Демігу (тұншығу) - өте күшті асфиксияға дейін ентігу. Ұстамалы демігуді демікпе дейді: бронх демікпесі - бронхтың тарылуында, жүрек демікпесі- жүрек ауруларында, өкпе шеменінде кездеседі.
Кеуде тұсында ауырсыну:Қурғақ плевритте ауырсыну плевраның тітіркенуіне байланысты пайда болады. Жүректің ауруларында ауырсыну төстің артында болады.
Дене қызуының көтерілуі- өкпенің қабыну процесстерін білдіреді. Тұрақты қызба крупозды пневмонияның алғашқы күнінде кездеседі, титықтататын қызба -өкпе абсцессі ашылғанға дейінгі кезенде кездеседі, туберкулездің ауыр түрлерінде; субферильды- созылмалы бронхитте, туберкулезде, өкпе рагында.