Жүректің жоғарғы шекарасын анықтау. Жоғарғы шекараны анықтау үшін бұғанадан бастап, сол жақ төс жанындағы сызығы бойымен төмен қарай перкуссиялайды. Тынық дыбыс анықталған нүкте жоғарғы шекара болып естептеледі. Қалыпты жағдайда сол жақтағы ІІІ қабырғаның жоғарғы шетінде орналасқан.
Жүректің шекарасы әр түрлі аурулардың әсерінен өзгеруі мүмкін, мысалы: жүректің ревматизмі, миокардит, перикардит, жүрек гипертрофиясында және т.б.
Жүрек аускультациясы.
Жүрек аускультациясы жүрек қызметі кезіндегі оның әр бөлшегінің тербелісінен туатын дыбыстарды тыңдауға негізделген.
Жүректі тыңдаған кезде аускультацияның жалпы ережелерін мұқият түрде сақтау керек:
Жүректі пациенттің әр түрлі қалпында: тұрғанда, отырғанда, жатқанда тыңдау керек, өйткені, жүрек ақауларының әр түрінде пайда болатын дыбыстар науқастың тек бір қалпында жақсы естіледі де, басқа қалпында нашар естіледі. Мысалы, митральды стенозда болатын диастолалық шу науқас сол жақ бүйірінде жатқанда жақсы естіледі. Перикард үйкелесінің шуы науқастың алға енкейіп отырған күйінде жақсы естіледі.
Тыныс дыбыстары кедергі тудырмас үшін жүректі тынысты тоқтатыпта тыңдау керек.
Сау адамдарда жүрек аускультациясында жақсы екі тон естіледі: бірінші тон систола кезінде пайда болады - систолалық тон, екінші тон диастолада - диастолалық тон. Екі тонда жүректің барлық аймақтарында естіледі, бірақ әр жерде әр түрлі естіледі, соңдықтан жүректі тыңдағанда әр қақпақшаны өз проекциясында тыңдау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |