Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Жүректің оң жақ шекарасын анықтау



бет73/155
Дата26.12.2021
өлшемі210,23 Kb.
#105939
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   155
Байланысты:
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінен дәрістер жиынтығы

Жүректің оң жақ шекарасын анықтау. Ол үшін оң жақ өкпенің төменгі шегін (бауырдың жоғарғы шегі) анықтайды, ол қалыпты жағдайда V қабырғада орналасқан, одан кейін плесиметр саусақты бір қабырғаға жоғары жылжытып, оны жүрек шегіне паралельді (қабырғаға перпендикуляр) орналастырады. Плесиметр - саусақты жылжытып отырып өкпе дыбысының төмендеген жеріне дейін келеді, қалыпты жағдайда бұл жүректің оң жақ шекарасы болып төстің оң жағында IV қабырға аралықта 1см сыртқа қарай орналасады.

Жүректің сол жақ шекарасын анықтау. Сол жақ шекараны жүрек ұшы орналасқан қабырға аралығы бойынша анықтайды, оны пальпаторлы табады. Жүрек ұшы соққысы табылмаған жағдайда сол жақ шекті V қабырға аралығы бойынша анықтайды.

Перкусияны алдынғы қолтық сызығынан бастап тынық дыбыс пайда болғанға дейін жеткізеді. Бұл нүкте жүректің сол жақ шекарасы болады, қалыпты жағдайда сол жақ V қабырға аралықпен бұғана ортаңғы сызықтан төске қарай 1-1,5см аралықта орналасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет