«Педагогика, дефектология» кафедрасы


Практикалық жұмысқа дайындық



бет30/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22
42 сабақ 1 курс үй жұмысы, Психология 11 апта 2 тапсырма, Еңбек психологиясы (2), 5 бжб 3 т
Практикалық жұмысқа дайындық семинарға дайындалудан әлдеқайда өзгеше. Мұнда оқу материалының күрделі немесе жеткіліксіз түрде меңгерілген аспектілерін бөліп алып, әрқайсысына 2-3 тапсырма дайындау қажет. Оқулықтарда ондай тапсырмалар өте аз беріледі, әдістемелік әдебиеттер өте ауыр, не болмаса тәжірибе сабақтарының міндеттеріне сәйкес келмейтін тапсырмаларды қамтиды. Сондықтан оны көбінде оқытушының өзі ойлап табуы тиіс. Аталмыш іс-әрекеттің күрделілігі ондай міндеттер мен тапсырмалардың күннен күнге қажет болғанына орай артуда.


Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар.

  1. Жалпы психология курсынан таңдалған тақырып бойынша

семинардың және практикалық сабақтардың жоспарын құру. Жоспарлардың салыстырмалы талдауын жасаңыз: олардың дидактикалық ерекшеліктеріне байланысты ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңіз.
2. Семинар сабағының лекциядан ерекшелігі мен
мүмкіндігінің артығырақ екеніне түсінік беріңіз.
3. Семинар сабағының қайсысы ЖОО-да жиі
қолданылады? Теориялық білімдерді меңгеруде қандай
түрін жүргізу орынды деп ойлайсыздар?
VІІ. Лабораториялық сабақтар,
тәжірибелер мен демонстрациялар және олардың өткізілуі

Лабораториялық сабақтар да оқу үрдісінің қажетті үзбелісі болып табылады. Олар жалпы және эксперименттік психология курстарында аса қажет.


Лабораториялық сабақтың мақсаты – студенттерді психологияны ғылым ретінде тануда зерттеушілік бағытқа оқыту.
Мұнда студент экспериментті психологияның негіздерімен танысады, онда экспериментке деген кәсіби қызығушылық пайда болады, ол тәжірибелерді жүргізудің алғашқы практикалық дағдыларын меңгереді, классикалық әдістердің қатарын байқап көреді.
Психологияның экспериментті әдістерімен практикалық таныстық психологияны эксперименттік ғылым ретінде толыққанды әрі тереңірек меңгеруге ықпал етеді.
Лабораториялық сабақтардың түрлері. Психологиядағы лабораториялық сабақтарды екіге бөлуге болады: 1) техникалық аппараттар мен арнайы құралдарды пайдалану арқылы лабораториялық жағдайларда өткізілетін сабақтар; 2) үйреншікті аудиторияда өтетін сабақтар.
Лабораторияда студенттерді лабораториялық экспериментті ұйымдастыру мен жүргізу ерекшеліктерімен таныстыруға болады. Мәселен, Шарпантье иллюзиясымен таныстыруға, пішінді қабылдаудың қарама-қарсылығын зерттеуге, Рупп аппаратымен қозғалыс дағдыларының қалыптастыру үрдісін бақылауға және т.б. таныстыруға болады. Осындай лабораториялық сабақтардың түрлерін Б.М.Сосновскийдің оқу құралынан табуға болады (Лабораторный практикум по общей психологии. – М.,1989).
Лабораториялық сабақтарда студенттердің аппараттар қолданылатын әдістемелердің көмегімен диагностикалық тексеруден өтуге, полиграфтың (өтірікті анықтау детекторы) жұмысымен танысуға мүмкіндік беруге болады.
Студенттерге жеткізілуі тиіс нақты ережелер орындалғанда ғана психологиялық экспериментпен жақсы танысуға болады.

  1. Студентті теорияның қажет мәселелерімен, ғылымдағы нәтижелермен, болашақта жүргізілетін эксперименттің әдістемесімен, техникалық құралдармен, математикалық өңдеу аппараттарымен таныстыру қажет.

  2. Лабораториялық сабақ уақытының шектеулілігіне орай, студенттер өздеріне қатысты міндеттерін нақты орындаулары қажет. Типтік экспериментттік топта, ол – экспериментші, бақылаушы, ассистент, сыналушы.

  3. Лабораториялық сабақтарды көркемдеуде және талдауда қорытындыларды құрастыруға және оның дәлелденуіне баса назар аударған жөн. Ол қорытындыларды оқытушы сынақтарда немесе емтихандарда ескереді.

Үйреншікті аудиторияда арнайы құралдарды қажет етпейтін лабораториялық сабақтарды жүргізуге болады. Бұл көбіне, мәтіндерден түріндегі тапсырмалар және жауаптар бланкілерінен құралған диагностикалық тесттермен жүргізілетін жұмыстар.
Мұнда диагноз қою, жеке дара және топтық нәтижелерді талдау және өңдеу дағдылары қалыптасады.
Студенттердің диагноздың барлық кезеңдерін түсінулерін қамтамасыз ету және сол түсініктің әрбір студенттегі қалыптасу деңгейін уақытында бақылап отыру оқытушының міндетіне кіреді. Оны шағын топта ғана қамтамасыз етуге болады, сондықтан лабораторлы сабақтарды жүргізу үшін топты (25 адам) бөлу керек.
Психологтарды кәсіби дағдыларға (кеңес беру, өзара іскер әрекеттесік, терапия т.с.с.) үйретуде аудиторлы лабораториялық сабақтарда арнайы жаттығулар орындалады. Мәселен, жұптасып жұмыс істеу, «бос орындық» «топтық портрет», т.б. техникалары.
Лабораториялық сабақтарда оқу демонстрациялары мен тәжірибелерін ұйымдастырған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет