«Педагогика, дефектология» кафедрасы


Оқыту процестерін басқару



бет26/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22
42 сабақ 1 курс үй жұмысы, Психология 11 апта 2 тапсырма, Еңбек психологиясы (2), 5 бжб 3 т
Оқыту процестерін басқару. Студенттердің лекциядағы танымдық іс-әрекетінің көбінесе есту, көру сияқты негізгі екі сезім мүшелері бойынша жүзеге асырылатын ақпаратты қабылдаудан басталатыны белгілі.
Психологтардың көптеген зерттеулері мен танымал лекторлардың тәжірибелерінің талдамасы екі сезім мүшелеріне біркелкі күш түсіре отыра көріп әрі естіп қабылдаудың маңызды шарты екендігін көрсетеді. Сондай-ақ бұл жәйт сезім мүшелері арқылы жеткізілетін ақпараттың сандық тепе-теңдігін қамтамасыз ету мәселесімен ғана шектелмейді. Екі сезім мүшелеріне біркелкі күш түсіруді қамтамасыз етудің ең алғашқы, қарапайым тәсілі ақпараттың сандық өлшемін теңестіруден тұрады, алайда ол әрдайым жүзеге аса бермейді.
Әдетте лекцияны баяндауда қабылдаудың есту арнасына мөлшерден тыс күш түседі. Сондықтан көру арналарын мүмкіндігінше толық пайдалану үшін әртүрлі графикалық ақпараттарды оқытудың техникалық құралдарының (ОТҚ) көмегімен немесе олардың көмегінсіз қолдануға тырысады. Бірақ бұл жағдайда да таным процесіне зиянын тигізбей қабылдаудың екі арнасын біркелкі күш түсіру әрқашан мүмкін бола бермейді. Мұның негізгі себебі зерттелетін пәннің өзіне тән ерекшелігіне, ал кейде баяндалып отырған тақырыптың сипатына да байланысты. Мысалы, психология курсындағы «Тұлғаның дамуы» тақырыбы бойынша осындай тәсілмен біркелкі есіту-көру (аудиовизуалды) қабылдауды қамтамасыз ету әрекеті танымдық қызығушылықты күрт төмендетіп, танымдық іс-әрекеттің ыдырауына әкеледі. Тіпті оқытудың ең жетілген техникалық құралдары да бұл жағдайда көмектесе алмайды. Мұндай жағдайда есту мен көру арналарына біркелкі күш түсіру проблемасын шешу үшін лекцияның құрылымына органикалық тұрғыда енгізілген, нақты жағдайларды талдау әдісін қолдану тиімді.
Ақпараттарды қабылдаудың аудиовизуалды арналарын біркелкі жүктеудің қажеттілігі, тыңдаушылардың зейінін басқару мен қалыптастыруға ұсынылатын талаптармен де анықталады. Зейіннің танымдық процестердің түрі ретінде тиімді қызмет етуінің маңызды шарттарының бірінен саналатын, оның негізгі қасиеттері: бөлінуі мен ауысуының нақты қызметін қамтамасыз етуі болып табылатыны белгілі. Адам зейіннің бөліну қасиетінің арқасында бір сәтте әрекеттің бірнеше түрін атқарса, зейіннің ауысу қасиеті әрекеттің бір түрінен екіншісіне тез өтуін қамтамасыз етеді. Зейіннің осы қасиеттерінің едәуір тиімді қызмет етуі, қабылдаудың есту және көру арналарына біркелкі күш түсіру жағдайында қамтамасыз етіледі. Дегенмен лекцияны баяндауда зейіннің ауысу процесін басқарудың арнайы міндеттері туындайды.
Мысалы, ес тақырыбы бойынша лекцияны баяндауда, тыңдаушылардың зейінін ауыстыруға себепші болатын ақпарат ретінде, мәні аяғына дейін жеткізілген әрекеттерге қарағанда, аяқталмаған әрекеттер және онымен байланысты барлық жәйттардың есте жақсы сақталатындығы жайлы «Зейгарник эффектісі» туралы қосымша мәліметтерді хабарлаған тиімді. Қосымша мәлімет ретінде ірі кеңес психологы, патопсихологияның негізін салушылардың бірі Блюма Вульфовна Зейгарникті тіпті ағылшын королевасы да білген екен және ол Британияда өткен кезекті халықаралық психологиялық конгресте онымен бетпе-бет жүздескенді қалаған. Сондай-ақ бүкіл дүние жүзіне белгілі "Зейгарник эффектісін" дарынды студент қыз өзінің диплом жұмысын жазып жатқан кезде-ақ ашты және ол бірден классикалық психологияның жетістігі болып саналды.
Лекция барысында мұндай тарихи анықтама студенттердің зейінін лекция тақырыбынан ірі психологтың тұлғалық сипатына ауысуына мүмкіндік береді. «Дарынды студент» және «диплом жұмысын жазу» деген сөздерге тыңдаушылардың зейінін аудару студенттердің тұлғасы мен жас ғалымның тұлғасын теңестіруге жағдай жасайды. Соңғысы оқушылардың танымдық іс-әрекетінің қосымша мотивациясын қамтамасыз етеді және олардың лекцияны одан әрі тыңдауына ынталандыры.
Сонымен, лекция барысында тарихи мәліметтердің пайдаланылуы тыңдаушылардың зейінін ауыстырудың тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Олар зерттелінген пәнге тікелей қатысты болғандықтан, білімдердің шеңберін кеңейтеді және өз бетінше ізденуге жағдай жасап, мотивациялық және білім беруші қызметтерді қоса атқарады.
Студенттің лекция барысында ақпаратты есте сақтау процесін басқаруы зейін мен қабылдау процестерін басқарудағыдай соншалықты өзекті емес, өйткені мнемикалық іс-әрекеттің тиімділігі (есте сақтау іс-әрекетінің) көп жағдайда оқытушыға емес, студенттің өзіне байланысты болады. Соған қарамастан адам есінің қызметі туралы кейбір психологиялық заңдылықтар жайлы білім, оны лекцияның аудиовизуалды қабылдануын ұйымдастыру процесінде қолдануға мүмкіндік береді.
Ырықсыз есте сақтау процесі адамның энергетикалық қорларының ең аз мөлшерде шығындалуын біле отырып, лекция кезінде оның белсендірілуіне баса назар аудару қажет. Мұдай жағдайда хабарланатын білімнің эмоциялық бояуы үлкен әсер етеді. Ақпараттар мазмұнын эмоциялы жағынан қанықтыру әрі білімді жеткізудің эмоциялы құралдарын (ырғақтар, ымдау, ишараттар) қолдану жолымен де ырықсыз есте сақтаудың тиімділігін арттыруға болады. Бұрыннан белгілі «Зейгарник эффектісін» негізге ала отырып та, ырықсыз естің белсенділігін арттыруға болады. Ол үшін студенттердің лекцияда атқаратын танымдық әрекеттерін тоқтату тәсілдерін алдын-ала ойластыру керек. Сонымен бірге «Зейгарник эффектісінің» әрекеттер тым ерте не тым кеш емес, дамуының нақты деңгейіне жетіп, аяқталу бетбұрысына ие болғанда ғана көрініс беретінін естен шығармау керек. Бұл – лекцияның кезекті мағыналы бөлімін аяқтаудың алдында лекцияны тоқтатып, студенттердің зейінін жаңа мәселеге ауыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Ырықсыз есті белсендірудің аталмыш тәсілі үлкен педагогикалық тәжірибе мен шеберлікті талап ететін ең әдіс болып табылады.
Оқыту процесінде танымдық әрекеттің диагностикасы оқытудың тиімділігін табысты басқарудың аса маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Лекцияны оқу барысында таным процесін төменгі деңгейден жоғарғысына ауыстыруды көздейтін студенттердің танымдық іс-әрекетін басқару мәселесі, оқытудың тиімділігін арттырып, жоғарғы оқу орындарындағы мамандарды даярлауды жақсартумен бара-бар болатын, оның нәтижесінің сапасын арттыруға алып келеді. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару мақсатындағы шешілуі тиіс болған маңызды міндеттердің бірі, оның даму деңгейін диагностикалау міндеті болып табылады.
Олай болса, лекцияны оқу барысындағы біріккен ойлау іс-әрекетін қалыптастыру процесі біріккен таным дамуының динамикалық-процесуалдық көрсеткіші болып табылады.
Лекцияны оқу барысында оқушылардың танымдық іс-әрекетінің даму деңгейлеріне диагностика әдісін орынды пайдалану мақсатында, С.М.Жақыпов төмендегідей шарттарды ұстану қажеттігін ұсынады:
1. Лекцияны оқу барысында студенттердің танымдық іс- әрекетінің даму деңгейлерінің диагностикасы оқытудың әр түрлі кезеңдерінде біріккен ойлау іс-әрекетінің бар-жоқтығын анықтау мақсатында жүргізіледі.
2. Студенттердің лекцияны тыңдау процесінде гностикалық қарама-қайшылықты анықтау мезетіндегі мағыналы көзқарастары біріккен ойлау іс-әрекетінің эмпирикалық көрсеткіші болып табылады.
3. Нұсқалған көрсеткіштің сенімділігі мен жарамдылығы:
гностикалық қарама-қайшылықтың нақты ғылымның ұғымдарында
проблемаға айналу дәрежесімен; проблемдық жағдайдың пайда болуы мен дамуынанықтайтын мәселені қабылдау (ұғыну) дәрежесімен анықталады.

  1. Студенттердің мағыналы көзқарастарының біріккен ойлау іс-әрекетінің эмпирикалық көрсеткіші ретіндегі сенімділігі мен жарамдылығын арттыру мақсатында лекцияның құрылымына тыңдаушыларда гностикалық қарама-қайшылықтарды қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін және оның біртіндеп проблемаға немесе проблемалы жағдайларға айналдыратын материалдарды енгізу қажет .

  1. Ол үшін лекцияның мазмұнын құрастырғанда:

а) білімнің құрылымымен, не болмаса оның студенттерге баяндалу ретімен анықталатын гностикалық қарама-қайшылықтары бар материалды іріктеу қажет. Мұндай жағдайда лекцияда қарастырылатын қарама-қайшылықтар 4-5 тен аспау керек, яғни бір лекцияда олар 15-20 минут аралығынан жиі қолданбауы керек.
б) қарама-қайшылықты сипаттауда студенттердің
оны өте жақсы түсінуіне көмектесетін ұғымдардың жүйесін іріктеп алу,
яғни қарама-қайшылықтың толық және жан-жақты
сипатталуын қамтамасыз ету керек. Ол өз кезегінде интуитивті анықталған қарама-қайшылықтың сезінілген проблемді жағдайға ауысуына әкелуі тиіс.
в) қосымша ұғымдардың жүйесін (синонимдерін, мысалдарын
және т.б.) іріктеу және оны ұсыну тәртібін қарастыру қажет. Осы тұста проблеманың тұтастай немесе бөлшектене қабылданатындай деңгейіне жетуге болады, яғни субъектіні проблеманы шешуге ынталандыратын проблемды ситуация қалыптасады.

  1. Лекцияны оқу процесінде, әсіресе проблемды жағдайды құру кезеңінде, «көзді-көзге түйістіруді» орната отырып, дәрісхананы жүйелі түрде бақылау қажет.

  1. Проблеманы сипаттау сәтінде пайда болатын мағыналы көзқарастарды және оның проблемды жағдайға ұласуын тіркеп отыру.

  1. Мағыналы көзқарастар болмаса, әлсіз байқалса немесе студенттердің аздаған санында ғана пайда болса, танымдық іс-әрекетті қайта құрып, біріккен ойлау іс-әрекетін оқытудың келесі кезеңінде қалыптастыруға тырысып, лекцияны оқу процесіне түзетулер енгізіп отыру қажет.

  2. Егер мағыналы көзқарас лекцияның барлық жоспарланған кезеңдерінде байқалса, онда ол оқыту нәтижелерінің жоғары сапасына әкелуі тиіс танымдық іс-әрекеттің ең жоғары тиімділігіне жеткендігін
    білдіреді.

Сипатталған әдістеме әрқилы шынайы оқу процесінің жағдайларында қолданылып, жариялануы оның тиімділігімен қатар тәжірибелілігін де көрсетеді.
(Профессор С.М.Джакуповтың «Управление познавательной деятельностью студентов в процессе обучения».атты еңбегінен, Алматы, 2002, 64-71 бб.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет