«Педагогика, дефектология» кафедрасы



бет22/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22
42 сабақ 1 курс үй жұмысы, Психология 11 апта 2 тапсырма, Еңбек психологиясы (2), 5 бжб 3 т
Лектордың қателіктері

Лектор қателіктерінің студенттердің оқу материалын толыққанды қабылдауларына және меңгерулеріне кесірін тигізетін қатарын көрсетуге болады, олар:



  • сәйкес түсініктемесіз ғылыми терминологияның жиі;

  • жаңа түсініктердің шамадан тыс көптігі;

  • нақтыланбаған, түсінуге ауыр құрғақ баяндау;

  • лекция қатаң теориялық сипатқа ие. Ғылыми ой-пікірлер, зерттеу әдістері мен зерттеулердің суреттелуі баяндалып, олардың тәжірибелік құндылығы мен адамның тіршілік әрекетіндегі пайдаланылуы жайлы ақпарат берілмейді;

  • лектордың конспектіден көз жазбауы;

  • тыңдаушылардың алдындағы үрей;

  • менменшілдігін танытуы. Лектор байқамастан «Мен» және «Олар» (Мен - білімді, ақылды, еңбек сүйгіш; Олар-ақымақ, еріншек, ештеңе білмейтін т.б.) позициясын ұстануы мүмкін. Бұл оқытушы мен студенттердің арасындағы алшақтық пен жаттылық сезіміне әкеледі.

  • басшы, ақылгөй, үйретуші бағытын көрсетуі. Жаңадан қызметке келген оқытушының іскер ынтымастықтық бағытын ұстап, жалпы оқу үрдісінде бірлесіп еңбек жасағандары орынды болар еді.



Жас оқытушыға қажет кеңестер:

Профессор Ю.Г. Шнейдердің кеңестері әзіл-оспақ түрінде ұсынылса да, олар әрбір оқытушыға көмектесуі мүмкін:



  1. Кіріспе лекцияға аса байыппен қара;

  2. Алғашқы лекциядан бастап қатаң да, қайырымды да болып көрінуге тырыспа, өз өзіңізбен бол;

  3. Студенттердің курсты баяндауда жүйені түсінулеріне қажетінше күш жұмса;

  4. Баяндау екпіні баяу да тез де болмауы тиіс, өйткені біріншісі өзіңді және тыңдаушылардың жартысынан көбісін жалықтырса, екіншісіне өзің де ілесе алмауың мүмкін.

  5. Сенің лекцияңа деген студенттердің қызығушылықтарын асыра бағалама, бұл сенің лекцияға келешекте жақсы дайындалуыңа кесірін тигізеді.

  6. Кешіккен студенттерді дәрісханаға жібермеңіз, әрине өзіңіз кешікпесеңіз.

  7. Пәніңді сыйламайынша, студенттер өзіңді де сыйлайды деп үміттенбе.

  8. Негіздерді түсіндіруде уақытыңды аяма; аз, бірақ терең оқы.

  9. Бірінші лекциядан бастап студенттерге олардың қолында тамаша жазбаның болатынын көрсет.

  10. Құштарлықпен беріліп оқыңыз. «Лектор жаймен ғана қалғып бара жатты, студенттер де одан қалыспады» деген жағдайға ұрынып қалма.

  11. Тек оқыма, әңгімелес.

  12. Сөз ойды басып озатындай тез, бірақ ойға да сөздерсіз жалығатындай жәй да оқыма.

  13. Бағдарламаны естен шығармай, еш кемшіліксіз құмартып оқы.

  14. Лекцияңа көз тастап, оған студенттік жазба мен баяндау құрылымын бұзбау үшін ғана қарайтыныңды көрсет.

  15. Мүмкіндігінше баяндалған мәселеге деген өз ойыңды айтып отыр. Студенттердің кеше ғана оқылған мәселенің бүгінде қайталанып тұрғанын сезгендерінен жаман нәрсе жоқ.

  16. Емтихандағы кездесумен қорқытпа, бұл мүлдем тиым салынған әдіс.

  17. Дәлелдердің: тікелей, керісінше, құлықты сияқты үш түрі бар. Дәлелдеудің үшінші түрін пайдаланғанша, ештеңені де дәлелдемей қойғаныңыз жақсы.

  18. Бар немесе болған нәрсе жайлы ғана емес, болуы тиіс жайт туралы да айтыңыз.

  19. Баяндалған ақпаратқа байланысты мысал ретінде өте аянышты болса да күтпеген ойыңды келтіріп кет.

  20. Баяндалғанды суреттеуде, студенттерге жақын аймақтардан мысал келтір.

  21. Студенттерді оқу үрдісінің мүшесі етуге тырыс - пікірлерін сұра, шешімдер мен жауаптарды бірлесіп талда.

  22. Үлгерімі төмен баланы үштікке көтердім, ал озат оқушыны екпінді қатарына түсірдім деп төс қақпа.

  23. Білім шырағын жаға алмасаң да, студенттердің танымын арттыруға тырыс.

  24. Үздіксіз оқы, өйткені тек бар біліміңе ғана үйрететін боласың, ал оның аз екенін естен шығарма.

  25. Әрқашан жағдайдың қожайыны болыңыз; егер тыңдаушыларды сен меңгере алмасаң, олар сені меңгеретін болады.

  26. 150 адамнан тұратын студенттер тобының ішінен 1-2 адам ғана пәніңе қызығып 1-2 сұрақ қойса (онда да емтиханның алдында), босқа мейірленбе.

  27. Кездейсоқ жұмысты қауырт істеуге дағдыланба, ол әдетте ақауға әкеледі.

Профессор Ю.Г.Шнейдер, кеңестер мен ұсыныстарды ұстану әрқашанда мүмкін болмаса да, оған ұмтылудың қажеттігін ескертеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет