«Педагогика, дефектология» кафедрасы


Кәсіби білім беру жүйесіндегі лекция



бет23/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22
42 сабақ 1 курс үй жұмысы, Психология 11 апта 2 тапсырма, Еңбек психологиясы (2), 5 бжб 3 т
Кәсіби білім беру жүйесіндегі лекция

Қазіргі кезде кәсіби білім беруде оқытудың түрлі үлгілері қолданылады. Олар бір-бірінен өзінің алдарына қойған мақсаттары, психологиялық негізі, оқыту мазмұны мен педагогикалық басқару сипатына қарай ажыратылады. Бұлар: түсіндірмелі-суретті үлгі,бихевиоралды-технологиялық, ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыратын, Проблемді және контексті үлгі.


Кәсіби оқытудың жаңа технологиясына Ресей Білім Академиясының корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.А.Вербицкий ұсынған белгілік-контексті (знаковое) үлгі жатады.
Қазіргі кездегі оқыту үлгілерін сынай отырып, дәстүрлі үлгілерде теория мен тәжірибе байланысының принципі жұмыс істемейтінін және кәсіби іс-әрекетте олар мәселені өздері қойып оны шеше білуіне тиісті болуына қарамастан, болашақ мамандарда кәсіби міндеттерді шешу қабілетінің дамымайтынын, өз бетінше жетік, білікті, шешімдер қабылдай алмайтынын, студенттердің құқығы жоқтығын, енжарлығын атап өтеді.
Контексті оқытуда нақты жағдайды қабылдауға, түсінуге және қайта құруға әрі жеке бөліктеріне де мән мен мағына беруге көмектесетін адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің ішкі және сыртқы шарттарының жүйесі құрылады.
Мұндай оқуды жүзеге асыру студеттердің кәсіби тәжірибелі істерінің бастапқы контестінде-ақ ақпаратты меңгеруін болжайды. Маман дара және бірлескен талдау және кәсіби жағдайларды шешу барысында жетіліп дамып отырады.
А.А.Вербицкий контексті оқытудың негізгі 7 принципін (ұстанымын) құрастырды:
- студенттің оқу іс-әрекетіне жеке кірісуі;
- кәсіби іс-әрекеттің тұтас мазмұны, түрлері мен шарттарының оқу іс-әрекетінде үлгіленуі;
- оқыту мақсаттарын (кәсіби дайындық) ұйымдастыру түрлерінің тепе-теңдігі;
- бірлескен іс-әрекеттегі жетекші рөл принципі;
- кәсіби маманды оқыту және тәрбиелеу бірлігінің принципі.
Контексті оқытуда іс-әрекеттің негізгі үш түрі мен ауысымының бірнеше түрін бөліп көрсетеді.

  1. академиялық типтегі оқу іс-әрекеті (ақпаратты лекция). Алайда, осы жерде-ақ болашақ кәсіби іс-әрекеттің контекстісі байқалады.

  2. квазикәсіби іс-әрекет – іскер ойын. Ойын сабақтың дәрісханалық түрі болып қалса да, кәсіби іс-әрекеттің контексті болып табылатын маманның кәсіби еңбегінің заттық, әлеуметтік және психологиялық мазмұны құрылады.

  3. оқу - кәсіби іс-әрекет, бұл жерде студент маман қызметін атқарады. Бұған өндірістік тәжірибе, курстық және диплом жұмыстарын т.б. жазу жатады. Осы сатыда оқу іс-әрекетінің кәсіби іс-әрекетке ауысуы жүреді.

Осы үш сатыға оқытатын үш үлгі сәйкес келеді: семиотикалық, имитациялық және әлеуметтік.

  1. Семиотикалық:

    • Оқу мәтінін құрайды (лекцияның, оқу міндеттері мен тапсырмалар);

    • Білімнің жеке меңгерілуі;

    • Жұмыс бірлігі – сөздік әрекет;

  1. Имитациялық:

  • Кәсіби жағдайлар үлгісін құрайды;

  • Дербес ойлау арқылы меңгеру;

  • Жұмыс бірлігі – «кәсібиге ұқсас» әрекет;

  1. Әлеуметтік:

  • Проблемді жағдайларды құрайды;

  • Меңгеру интерактивті топтарда бірлескен әрекет түрінде жүреді;

  • Жұмыс бірлігі -әрекеттер.

Бұл жерде маманның тек заттық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік хабардарлығы да жүреді.
Контексті оқытуда дәстүрлі бақылаумен қатар (есеп, сынақ, тест), аттестациялық өндірістік жағдайлар, іскер ойындар, студенттер үшін нақты әрі түсінікті критерийлер бойынша өзін-өзі бақылау сияқты арнайы бақылауға пайдаланылады.
Контексті оқуда мазмұн зерттеліп жатқан ғылым тұрғысынан да, мамандық тұрғысынан да сарапталады.
Контексті оқу академиялық типтегі іс-әрекеттің әртүрлі түрін білдіреді. Ақпараттың лекция, мәселен, визуалды немесе екі адамдық лекция, жоспарланған қателіктері бар әлде пресс-конференция лекцияларды да, т.б. болып келуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет