«Педагогика, дефектология» кафедрасы



бет19/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22
42 сабақ 1 курс үй жұмысы, Психология 11 апта 2 тапсырма, Еңбек психологиясы (2), 5 бжб 3 т
Лектордың сөйлеу мәнері
Лектордың ауызша сөйлеу тілі лекция оқуда маңызды рөлге ие. Оның түсініктілігі, эмоциялылығы, бейнелілігі көбінде студенттердің оқу материалын қаншалықты түсінгендерін және меңгергендерін анықтайды.
Салыстыру, риторикалық сұрақтар, персонификациялау, теңеу, аллегориялар, гиперболалар, афоризмдер, мақал-мәтелдер және жаңылтпаштар тәрізді әдістемелік тәсілдердің пайдаланылуы сөйлеу тілінің сөздік бейнесі болып табылады.
Лектордың сөйлеу екпіні оның шеберлігінің басты белгісі болып табылады. Көптеген адамдар, әсіресе тәжірибесін жаңадан бастаған оқытушылар, тез сөйлеп, студенттер естігендерін мағыналап, түсініп үлгіре алмайды. Ересек адамдардың жартысынан көбісі 13 сөзден тұратын сөйлемдерді есте сақтай алмайтындары белгілі. Ұзақ сөйлемдерді (18сөзден тұратын) аудиторияның 15 пайызы ғана түсіне, меңгере алады. Егер де сөз тізбегі алты секунтдан асып кетсе, тыңдаушылар сөйлемнің мәнін жоғалтады.
Ғалымдардың пікірінше, лекция оқудың ыңғайлы жылдамдығы секундына екі сөзден аспауы керек.
Дегенмен, лекция динамикалы болуы тиіс. Негізгі әрі маңызды есебіндегі ақпарат неғұрлым баяу айтылып, қажетінше қайталанады. Бұл студенттердің дәл маңызды, негізгі ақпаратты жазып алуларына мүмкіндік береді. Алайда, асыра қайталай беруге де болмайды, өйткені студенттер мәтінді егжелеп оқығанда жазып алуға дағдыланып, оқытушының қайтара қайталауын талап ете бастауы мүмкін.
Сөйлеудің қаттылығы оның тағы бір мәнді ерекшелігі болып табылады. Шамадан тыс қатты айтылған сөз тыңдаушылардың жүйкесін шаршатып, оның қажуына, тіптен уақытша жұмыс қабілетін жоюына алып келуі мүмкін. Керісінше өте ақырын сөйлеу ұйқыға шақырып, жалықтырып жібереді.
Ауызша сөйлеу тілі дыбыстарды айтумен қатар, дауыс ырғағын, қисынды екпіндер мен кідірістерді қамтиды. Осы құралдар арқылы оқытушы оқу материалына деген эмоциялы қатынасын білдіре алады.
Нақтылық, шабыттылық, өз өзіне деген сенімділік және достық екпіні оқытушы келбетінің жақсы белгілері болып табылады. Жақсы лектор әрдайым «Мен» және «Олар» ұстанымының орнына, «Біз» атты ұстанымға сүйенеді. Осындай шағын сөздің өзі оқытушы бен студенттерді бірлескен танымдық іс-әрекетке жұмылдырып, өзара іскер әрекетестікттің қалыптасуына ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет