«Педагогика, дефектология» кафедрасы



бет21/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22
42 сабақ 1 курс үй жұмысы, Психология 11 апта 2 тапсырма, Еңбек психологиясы (2), 5 бжб 3 т
Лектордың ым-ишарасы
Лектордың ым-ишарасы оның қолдары мен білектерінің, басының, мойнының, иығының, дене бітімі мен бөксесінің, аяқтарының қозғалысында байқалады.
Лекцияны тыңдауда, студенттер лекторға - оның тұрысына бет әлпеті мен жүріс-тұрысына, қолының қимылдарына т.б. көз тастап, байқамастан лектордың айтқандарын қабылдауы не қабылдамаулары жайлы шешім қабылдап отырады.
Ым-ишараның дұрыс өз орнымен қолданылуы да оңай емес. Жаңадан лекция оқыған лектор қажетті мүсінін қалыптастырып, лекцияны оқу барысында өзін ұстауға үйренген соң ғана кейін ым-ишарамен айналысқаны абзал.
Сөйлеумен қатар, ым-ишара да оның эмоциялы дыбысталуын күшейтіп, қайратты күштің әсерін береді, адамның ақыл-ой іс-әрекетінде толығымен қанағаттандырылмалмайтын табиғи қажеттіліктеріне жауап береді.
Егер лектордың қимылдау ниеті пайда болса, оны тежеуге болмайды. Ондай импульстар туындамаса, ым-ишараны механикалық тұрғыда енгізудің қажеті жоқ. Ым-ишара ырықсыз туындауы тиіс.
Тағы бір есте ұстайтын маңызды жай – ым-ишараның үздіксіз қайталана бермеуі; себебі, әрбір айтылған сөз ым-ишараны қажет ете бермейді ғой. Ым-ишараны да басқара білу қажет, ол шектелген акт емес, бүкіл дене тұрқының элементі болып саналады.
Лектор ым-ишараны түрлендіріп, жаңартып отыруы тиіс.
Ым-ишараны сөз сипатына, қажетіне қарай және аудиторияның ерекшеліктеріне сәйкес пайдалану керек.


Лекцияның қорытынды бөлімі
Лекция оқу барысында-ақ оқытушы оның қорытындысын ойластыруы керек. Лекцияны орта жолда үзбей, уақытты есептеу қажет. Әдеттте, материалды қорытындылауға 5-7 минут өзі де жетіп қалады.
Лекцияны қорытындылай келе, оқытушы тыңдаушылардың сұрағына жауап береді, қорытындылайды, өздік жұмысқа байланысты әдістемелік нұсқаулар беріп, ұсынылатын әдебиеттерді атап шығады.
Лекцияны мазмұны бойынша конструктивті, ал эмоциялы құрылымы бойынша жағымды аяқтаған дұрыс. Студенттер құмартып және қызығушылық танытып, лектордың ұсынысын келесі күні-ақ орындауға шабыттанып, жақсы көңіл-күйде қайтулары керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет