«Педагогика, дефектология» кафедрасы


ІХ. Психологияны оқытудағы



бет34/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22
42 сабақ 1 курс үй жұмысы, Психология 11 апта 2 тапсырма, Еңбек психологиясы (2), 5 бжб 3 т
ІХ. Психологияны оқытудағы
жанамалау тәсілдері

Л.С.Выготский бойынша жоғары психикалық қызметтер жанама, жасанды сипатқа ие. Белгілердің құрастырылуы мен пайдаланылуы адам санасының дамуында жаңа кезеңді анықтайды, яғни бұл мінез-құлықты меңгеру кезеңі.


Соған орай адам санасының қалыптасу мен қызмет ету, оның жоғары психикалық қызметтері заңдарының меңгерілуі сананың символды қызметінің заңына арқау етпей жүзеге асуының мүмкін еместігін болжауға болады.
Педагогикалық психологияда жанамалау түсінігіне тікелей қатысты «көрнекілік» деген термин жиі қолданылады. Алайда оны әрқилы түсінуге болады.
Адамның танымдық іс-әрекеті өзінің негізінде әрдайым біртұтас психикалық бейнелерге: қабылдау, қиял мен ойлау бейнелеріне сүйенеді. Сондықтан оқытуда шынайы заттардан аса абстрактілі белгілік-символдық үлгілерге дейін көрнекіліктің әртүрлі құралдары пайдаланады. Бірақ әр зат көрнекі емес.
Көрнекіліктің А.Н.Леонтьев құрастырған психологиялық ұстанымы бойынша: екі іс-әрекет: студенттердің көрнекі материалмен іс-әрекеті және оқыту процесінің негізін құрайтын іс-әрекет сәйкес келсе, зат көрнекі болады.
Розенцвейгтің тестінде сыналушының ситуацияның жеке бөліктерін емес, оны толықтай қамтығаны өте маңызды. Сондықтан сыналушының іс-әрекеті экспериментшінің ойластырған іс-әрекетіне сәйкес келеді, демек зат (суреттер) көрнекі болып табылады. Егер суреттерде бөтен бөлшектер бейнеленсе, ситуацияның мәні айғақталып, сыналушы мүлдем басқа іс-әрекетті орындайтын еді (бөлшектерді қарайлайтын еді) әрі ол экспериментішінің ойлағанындай болмас еді. Мұндай жағдайда зат көрнекі болмайтын еді.
Объектіні бейнелеу тәсіліне қарай психологиядағы көрнекі құралдар (Гамезо М.В., Салмина Н.Г.,) - табиғи, көркем суретті (изобразительные) және белгілік болып жіктеледі.
Психологиялық ғылымның абстрактілігіне орай психологияны оқытуда табиғи құралдар қолданылмайды.
Бейнелеу құралдарына:

Фотосуреттер. Психология бөлмесінде көрнекті психологтардың портреттерінің және қысқаша өмірбаяндарының болғаны дұрыс.
Фотосуреттерді эмоцияларды зерттеуде пайдаланған абзал.
Эмоциялардың, әсіресе оның күрделі түрлерінің нақты талданбайтыны белгілі. Бір ғана эмоцияны әр адам әртүрлі қабылдауы мүмкін. Бұл үрдісте адамның жеке дара тәжірибесі үлкен рөл ойнайды. Психотерапевтер мен психиатрлардың эмоцияларды оқуда өте шебер екендігі белгілі. Сондықтан психология сабақтарында эмоциялар бейнеленген фотосуреттердің көрсетілуі, студенттердің эмоциялардың әрқилы көріністерін танудағы қарапайым тәжірибесін одан әрі толықтырар еді.
Әдістемелік құрал ретінде қажет фотосуреттердің жиыны болмағандықтан, оқытушының оның дербес қорын жинауы қиын-ақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет