«Педагогика, дефектология» кафедрасы


Суретшілер еңбегінің репродукциясы



бет35/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22
42 сабақ 1 курс үй жұмысы, Психология 11 апта 2 тапсырма, Еңбек психологиясы (2), 5 бжб 3 т
Суретшілер еңбегінің репродукциясы тұлғаның жеке қасиеттерін, темперамент көріністерін, эмоцияларын көрсету үшін жалпы, жас ерекшелік, әлеуметтік және педагогикалық психологияда пайдалануға болады.
«Қиял» тақырыбында, танымал суретшілердің еңбегі агглютинация (әйел басты, құс денелі кейіпкерлер бейнеленген «Қуаныш пен қайғы өлеңі» В.М.Васнецов), типтеу сияқты күрделі түсініктерді түсіндіруде пайдалы болуы мүмкін.
Суретшілердің әртүрлі жанрдағы суреттері білім алушылардың адамның көркем шығармашылық қиялының ерекшелігі мен сан алуандығын түсінулеріне көмектеседі.
Портреттік сурет адамды «тану» өнеріне оқытудың үлгісі ретінде қолайлы.
Плакаттар. Бұл құралдар оқытушының түсіндіруіне сүйеніш, көмек болса, тыңдаушыларға оқу материалын тікелей көрсетуіне арналады. Мәселен, тақта бетінде рефлекторлық іс-әрекеті механизмінің суретін салып жатқаннан гөрі, дайын плакатты пайдаланған орынды (М.В.Гамезо, И.А.Домашенко,1998).
Плакат түрінде көру иллюзиялары, Гильфорд ұсынған интеллектінің моделі, А.Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы т.б.көрсетілуі мүмкін.
Көрнекіліктің белгілік-символдық құралдарына жеке символдарды, белгілерді, графиктерді, кесте, схемаларды, кестелерді белгілерден құралған модельдерді жатқызуға болады.
Белгілерден құралған модель. Модель (В.Штофф бойынша) бұл - объектіні бейнелей отырып, оның зерттелуі сол объекті жайлы жаңа ақпаратты беретіндей алмастыруға қабілетті материалды немесе ойша елестетілетін жүйе болып табылады. Модель психикалық бейненің бітістерін қамтитындықтан көрнекі болып табылады.
Оқу үрдісінде объектінің модельдеріне сүйену арқылы, ғылыми теория мен материалды ақиқаттың арасындағы байланысты қамтамасыз етуге, зерттелінген материалды есте жалпылуға және сақталуына ықпал етуге болады.
Психологияны оқытуда кеңінен қолданылатын модельдерге:

  • Зиглер мен Хьеллдің (1-сурет) талдамасындағы З. Фрейдтің тұлғаның топографиялық моделін;

  • К.Юнгтің тұлға құрылымының моделін (2-сурет);

  • Э. Берннің адамның психикалық өмірінің моделін (3-сурет);

  • В. А. Иванниковтың ерікті әрекет механизмінің моделін (4-сурет) жатқызуға болады.




бейсаналылық

сана алды

сана



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет