«Педагогика, дефектология» кафедрасы


сурет. З.Фрейд бойынша тұлға құрылымының моделі



бет36/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22
42 сабақ 1 курс үй жұмысы, Психология 11 апта 2 тапсырма, Еңбек психологиясы (2), 5 бжб 3 т
1сурет. З.Фрейд бойынша тұлға құрылымының моделі



2 сурет. К.Юнг бойынша тұлға құрылымы

3 сурет. Трансактілі талдаудағы тұлға(Э.Берн).




4 сурет. Ырықты және ерікті мінез-құлық моделі

Бұл модельдер оқыту мақсаттары үшін құрылмаған. Олар – авторлардың ғылыми рефлексиясының нәтижелері, олардың кәсіби ойлауын жанамалау құралдары.


Психологияны оқытуда модельді пайдаланғанда, оқытушы білімнің шығу тегін, қайнар көздерін, шешілмеген мәселелерін көрсетіп, студенттердің ойын кемеңгер ғалымдардың жолымен алып жүреді.
Графиктік модельдер материалдың мазмұнын ауызша түсіндірумен қатар көрсетілгенде ғана олардың дидактикалық қызметі толықтай көрініс береді.
И.М. Сеченов адам ойының түйсіктер аймағынан шартты белгілердің жүйесі ретінде ішкі сөйлеу аймағына алмасатынын айтқан. Онсыз ойлаудың бейнелі кейпінен айрылған элементтері санада белгілене алмайтын еді.
Кеңесшінің тәжірибесінде белгілерден құралған модель адамның өзінің психикалық өмірін жанамалау құралы ретінде қызмет етуі мүмкін.
Танымал психолог Г.С. Абрамова Л.С. Выготскийдің адам санасының жоғары психикалық қызметтері жайлы идеяларын дамыта отырып, өмірлік стресті басынан кешірген ересек адамда өзінің мінез-құлқын басқаруға қажетті белгілері болмайды деген. Психологиялық кеңес беруде психолог адамның психикалық ақиқатындағы жаңа құрылымдардың пайда болуына, оның функционалды жүйелерінің қайта құрылуына және өзінің психикалық өмірін жаңаша көруіне ықпал ететін белгілердің иесіне айналуы мүмкін.
Графиктік модельдерді (белгілерді) психологтар өмірлік стрес- ті басынан кешірген адамның «Мен» бейнесін белгілеу үшін, адамдардың арасындағы күрделі өзара қатынастарды, өзара әрекеттесу жағдайларын белгілеу үшін қолданады.
Ондай модельдер клиентке (немесе психологқа) назарын проблемада шоғырландыруына, кеңесу жағдайынан жырақ қалып, оны жақсырақ сезінуіне ықпал етеді.
Шеңбер белгісіндегі модельдің аса тиімді екендігі анықталды (Г.С.Абрамова). Шеңбер – «Меннің» керемет моделі (Мен-белгі). Шеңбердің негізінде адамға біртұтас зат ретінде оның психикалық ақиқатының құрылу ерекшеліктерін: психикалық кеңістіктің өлшемін (шеңбердің көлемі арқылы); «Меннің» және оның белсенділігінің шығу тегін (шеңберді құру арқылы); әрқилы күштердің (сыртқы және ішкі) ықпалынан туындаған өзгерістер түрлерін; шекаралардың сапасын (қарсыласу және оның түрлері); «Меннің» сапасын (құру түрлері, құрушы күштерді белгілеу) көрсетуге болады.
Келесі мысалды қарастыралық: бірінші сыныпта оқитын баласының мектептегі қиындықтарына қатысты ұйымдастырылған кеңес. Ата-анасы мектепте үлгерімнің өзгеруіне сыртқы жағдайлар маңызды деп санаған. Дегенмен, тексерудің нәтижелері бірінші сынып оқушысының мектептегі оқуға дайындығының төмен деңгейін және мидың минималды дисфункциясын айғақтатады.
Әңгімелесу барысында психолог «Мен-шеңберін» қолданады. Шеңбер шекарамен тұтастығы ретінде баланың психикалық ақиқатын бейнеледі. Шекаралар болғандықтан, қарама-қарсылыққа тап болған сыртқы әсерлер бағытты сызықпен (стрелкамен) бейнеленеді.
Ішкі күштер (шеңбердің ішіндегі стрелкалар) психикалық ақиқаттың тұтастығын қамтиды. Психолог психикалық ақиқаттың қалыпты тіршілігіне қажет сыртқы және ішкі күштердің арақатынасын және балада сол арақатынастың бұзылуына назар аударған.










Осылайша, графиктік модель ата-аналардың жағдайды түсінулеріне көмектесті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет