«Педагогика, дефектология» кафедрасы



бет33/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22
42 сабақ 1 курс үй жұмысы, Психология 11 апта 2 тапсырма, Еңбек психологиясы (2), 5 бжб 3 т
ә) аудиоаппаратураны (үнтаспаларды) жатқызуға болады. Оларды жалпы психология және т.б курстарда есту түйсіктерін, қабылдауды, есту сезімталдығының табалдырығын көрсету үшін пайдалануға болады.
Психология сабақтарында сөйлеудің екпінін, дауыс ырғағын және оның т.б. сипаттамаларын талдай отырып, оның үзінділерін тыңдаған жөн.
Клиентпен сұхбат орнатуда кеңесші сөзінің тыңдалуы студенттің –болашақ психологтың кәсіби сөйлеудің кемшіліктері мен жетістіктерін сезініп, дер кезінде алдын алуға көмектеседі.
б) әдетте әртүрлі баспа материалдарын экранға түсіру үшін пайдаланылатын проециялық аппаратураны жатқызуға болады. Оған эпипроекторлар (сызбаларды, кестелерді, ғалымдардың портреттерін, әртүрлі суреттерді көрсету немесе қайта салу үшін қажет) жатқызуға болады. Алайда эпипроекторлар міндетті түрде қараңғылықты талап етеді. Ал кодоскоптың қолданылуы қараңғылықты қажет етпейді.
Кодоскоп арқылы мөлдір таспада жасалынған немесе оқытушының сабақ барысында орындаған жазбаларын экран бетіне түсіруге болады.
Психологиялық лабораторияларда классикалық эксперименттерді көрсетуге арналған құралдардың болғаны дұрыс. Оларға: бұрмалаушы көзілдірік, полиграф т.б. жатады.
Әртүрлі дағдыларды меңгеруге арналған құралдар: қимыл-қозғалыс дағдыларын өңдеуге арналған Рупп аппараты, жарыққа деген жауапты реакцияны қалыптастыратын құралдар болуы тиіс.
Техникалық құралдарды пайдалануда адамның әртүрлі ақпараттарды қабылдау заңдарын естен шығармау керек.
Мәселен, техникалық құралдардың пайдаланылуы, түсіндірумен қатар 20-25 минутты қамтиды. Пайдаланбас бұрын мақсат қойылып, студенттің іс-әрекеті анықталуы тиіс.
Бақылау құралдары бағдарламалап оқытуға дағдыландыратын үйретуші машиналарды, сынақ пен емтихандарға дайындалу жаттықтырғыштарды, сондай-ақ, тұлғаның танымдық процестері мен қасиеттерін тексеруге арналған құралдарды білдіреді (бұлар компьютерлік диагностикалық әдістемелер).


Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар:
1. Оқытуда қандай техникалық құралдар жиі қолданылады?
2. Сабақ барысында талапқа сай техникалық
құралдарды қанша уақыт мөлшерінде пайдалану қажет?
Неліктен?
3. Техникалық қауіпсіздік жағдайларымен таныссыз
ба, ол не үшін қажет.
4.Лекция, семинар, практикалық, лабораториялық
сабақтар барысында мүмкіндігіне орай техникалық
құралдарды пайдаланыңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет