«Педагогика, дефектология» кафедрасы


Психологияны оқытудағы оқу тапсырмаларын



бет41/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22
42 сабақ 1 курс үй жұмысы, Психология 11 апта 2 тапсырма, Еңбек психологиясы (2), 5 бжб 3 т
Психологияны оқытудағы оқу тапсырмаларын
топтастыру кестесі
3-кесте



Тапсырмалар тобы

А

Б

В

А

Оқу ақпаратын меңгеру тапсырмалары

Тікелей сұрақтар

Жанама (ой)

Тапсырмалар – проблемалар

Б

Кәсіби тапсырмалар

Тікелей сұрақтар

Жанама (ой)

Тапсырмалар – проблемалар

Психологияны оқытуда тапсырмалардың барлық түрін қолданған дұрыс.


Оқу тапсырмаларының мысал келтірейік. А тобындағы тапсырмаларды жалпы психология курсын меңгеру мысалы арқылы көрсетуге болады.
а) Тапсырмалар – қарапайым сұрақтар, талаптар
- Естің қандай түрі жанамаланған деп аталады?
- Қабылдаудың анықтамасы қандай?
- Зейіннің көлемін қандай әдістермен зерттеуге болады?

б) Жанама тапсырмалар


- Кешқұрым қандай гүлдер ашық боп көрінеді: мак(көкнар) әлде көккекіре ме?
- Түйсіну мен қабылдау процестерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?
- З. Фрейд пен К. Юнгтің тұлға теорияларының ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
- Кей адамдар адам әңгімеге, басқа да дыбыстарға т.б. алаңдамаса, зейінді келеді деп есептейді. Басқалары, жұмысын атқара отырып айналасындағыны естіп, көріп отыратын адам зейінді деп есептейді. Үшіншілері ұсынылған тесттен бірден көп детальдарды байқауға қабілетті адам зейінді деп түсінеді. Сонымен, қай субъект зейінді?

в) Тапсырмалар-проблемалар. Мұндай тапсырмалар ретінде ғылыми проблемалар алынуы мүмкін.


Мұндай мәселелердің қайнар көзі диссертациялық зерттеулерден туындайды. Мысалы:
- Мектеп жасына дейінгі балалардың шылым шегуге қатынастарын зерттеу әдістемесі қандай болуы мүмкін?
Бұл тапсырманы топпен шешкен жөн. Талдаудың нәтижесінде студенттер диссертанттың әдістемесіне келеді: 1) әңгімелесу, 2) проективті сурет (шылым шегетін және шекпейтін адам), 3)таңдау (10 ертегі кейіпкерлерінің ішінен шылым шегетіндер мен шекпейтіндерді таңдап алу), 4) «Туған күн» атты рөлдік ойын.

Б тобындағы кәсіби типтегі тапсырмалар (психологиялық кеңес беру курсынан алынған мысалдың негізінде).


а) Тапсырмалар – қарапайым сұрақтар, талаптар.

  • Дұрыс жауабын таңдаңыз.

Қорғау жобалары:

  1. қорғаудың анықтамасымен;

  2. қорғаудың дамуын түсінумен;

  3. қорғаудың мақсатын анықтаумен;

  4. жаңа қорғауларды дамытумен;

  5. жоғарыда көрсетілгендердің барлығымен;

  6. 1,2,3 бөлімдегі көрсетілгендермен сипатталады.



б) Жанама тапсырмалар. Бұл кәсіби білімдерді түсіндіретін тапсырмалар.
- Төменде келтірілгендердің қайсысы клиенттің кедергілеріне жатады (кеңесші белсенді тыңдау үшін оларды жеңуі тиіс)?

  1. кеңесшіге деген сенімсіздік;

  2. өте күшті эмоциялар (ашу, депрессия, мазасыздық);

  3. ұялу, қысылу сезімі;

  4. мәдени, жыныстық, діни айырмашылықтар;

  5. сөзшеңдік;

  6. көрсетілгендердің барлығы;

  7. 2 мен 5-тен басқасының барлығы. (В.Е.Каган, 1999).




  • Төмендегі сөздерге метафора ойлап табыңыз: адамның негізі, бостандығы, еркі, дамуы, жеке басының дамуы, рефлексиясы, әрекеттерінің ішкі жоспары (Г.С.Абрамова, 1996).

  • Клиенттің «Жауын астындағы адам» суретін талдау (Остер Д. , Гоулд П. , Психологиядағы сурет. М., 2000 37-40 б).

Клиент стресс жағдайын қалай қабылдайды?
Мазасыздандырған ортада қызмет ету үшін қандай дара мүмкіндіктері бар?
Мазасыздандырған жағдайда клиент мінез-құлқын сәтті жоспарлай ала ма?
Ол басына төнген қиын жағдайларда қалай қорғанады?

в) тапсырмалар – проблемалар. Оған көбіне психологтың кәсіби іс-әрекетінде шешуіне тура келетін, клиенттің шынайы сұраныстары жатады.


Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін тапсырмалардың сапалы болғаны ғана емес, сондай-ақ, олардың жинағы мен жүйесінің де сапалы болғаны қажет. Сонымен қатар, осы жүйенің келесідегідей ерекшеліктерін де ескерген жөн:

  • Қолайлы саны (олар оқып отырған тақырыптың барлық негізгі түсініктерін қамтуы керек);

  • Түрі бойынша әртүрлі болуы крек (барлығының көрсетілгені дұрыс);

  • Мазмұны тартымды болуы керек;

  • Қысқаша құрастырылғаны болуы керек.

Оқу тапсырмаларын психология пәнін жүргізу кезінде пайдалану психолог - мамандардың аса жоғары деңгейде дайындығын қамтамасыз етеді, сонымен бірге оқытушылардың өзінің іс-әрекетінде психологияны оқу мен оқыту заңдарын нәтижелі пайлана білу іскерлігін қалыптастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет