«Педагогика, дефектология» кафедрасы


Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар



бет42/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

1. Д.Г.Деллингерованың оқу тапсырмаларын пайдалана отырып, нақты бір тапсырманы ойластырыңыз?


2. Г.А.Баллдың оқу тапсырмаларын пайдалана отырып, нақты бір тапсырманы ойластырыңыз?


ХІ. Психологиядағы оқыту әдістері


Дәстүрлі оқыту әдістеріне сипаттама

Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмүны, әдістері және үйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады.


Әдіс сөзі грек тілінен алынған, яғни белгілі ақиқатқа, шыңдыққа, мақсатка жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамасын береді.
Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздік "әдіс" — мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет"- деген анықтама береді.
"Әдіске" қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: "белгілі бір мақсатты кездеген Мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас және іс-әрекет".
Олай болса оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
2. Оқыту әдістерінің көптүрлілігі, оларды топтастыру
Оқу процесінде білім берудің көздеріне қарай қолданылатын әдістер:
Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жүмыс.
Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация.
Тәжірибелік әдістер: лабораториялық, практикалык, графикалық, әр түрлі жаттығу жұмыстары.
Оқыту процесінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс - сөздік немесе оқытушының ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесінде басқа әдістерге қарағанда жетекші роль атқарады.
Бұл әдісті қолданғанда оқытушы оқушыларға білім берумен қатар олардың таным белсенділігін арттыруға (зейін, қабылдау, ойлау т.б. процестеріне) байланысты да әрекет. жасайды.
Оқытушы оқу материалын ауызша баяндауы көп жағдайда түрлі көрнекі және техникалық құралдарды пайдаланумен ұштастырылады.
Ауызша баяндаудың тағы бір ерекшелігі, оқытушының түсіндіруі мен оқушылардың үғыну процесінің қатар жүруінде. Түсіндіру барысында әңгіме, әңгімелесу, ауызша-жазба және лабораториялық жұмыстарын қажетіне сай қатар қолдану керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет