«Педагогика, дефектология» кафедрасы


Психология пәні оқытушысы



бет61/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22
42 сабақ 1 курс үй жұмысы, Психология 11 апта 2 тапсырма, Еңбек психологиясы (2), 5 бжб 3 т
Психология пәні оқытушысы
іс-әрекеттерінің түрлері

Психология пәнінің оқытушысы қазіргі кезде мектептің, сондай-ақ, жоғары оқу орындарының даму сатысында жаңа курстар мен пәндерді тез әрі жеңіл игеруге қабілетті болуы керек. Психологтарды дайындайтын әртүрлі мектептердің көп болуы олардың біріңғай оқу бағдарламасымен жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді. Сондықтан, психология пәнінің оқытушысы мектептердің, жоғары оқу орындарының, бөлімдердің, бөлінген сағат ерекшеліктерін ескере отырып, осындай бағдарламаларды құрастырулары қажет.


Курстың оқу бағдарламасын құрастыруға кіріспес бұрын, курстың мақсаты мен нені қажет ететінін, тыңдаушылардың ерекшеліктерін, жүзеге асыру мүмкіндіктерін (орны, уақыты, оқытушыдар құрамы т.б.) анықтап алған жөн.
Келесі сатыда курстың мазмұны жасалады. Атау беріліп, оқу сағатындағы ұзақтылығы анықталады.
Содан кейін курстың бөлімдері жоспарланады, ал әрбір бөлім тақырыптарға өрбиді. әрбір тақырыптың мазмұны шағын, бірақ мәнді сұрақтарға дамиды (Психология пәнін жүргізу әдістемесі бойынша бағдарламаны қарау).
Теориялық курстың бағдарламасы практикуммен қоса жүреді (егер ол өз бетінше бөлек курс ретінде жүрмесе).
Бұд жағдайда практикум әр күн сайын жоспарланады. Олардың қатарына психотехникалық ойындар, тренингтер, диагностика бойынша практикумдар жатады.
Әр тақырыптың бағдарламасына әдебиеттер таңдалады.
Кей жағдайда (мектеп оқушыларына арналған психологиялық бағдарламаларда) курсты әрбір сабақтың мазмұнына дейін жіктеп жоспарлаған пайдалы (М.А.Подвойская, 1993).
Бағдарламада материалды мақсатқа лайық ұсына білу мен әдеттегі қателіктер көрсетілген қысқа әдістемелік кеңестер қамтылады.
Қосымшаға мыналарды кіргізуге болады:

  • өздік жұмысқа арналған тақырыптар тізімі;

  • өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар;

  • индивуалды зерттеулерге арналған тапсырмалар;

  • ұсынылатын әдебиеттердің толық тізімі (олардың қайдан алынғаны туралы қысқаша аннотациясы болса жақсы).

Бағдарламаның көркемделуі:

  • титулды бет;

  • түсініктеме (кіріспе, бағдарламаның арналуы, ерекшелігі, спецификасы т.б.);

  • оқу-техникалық жоспар (кесте) (төменге қара);

  • мазмұны 1. Бөлім

2. Бөлім
3. Бөлім

  • әдебиеттер тізімі;

  • қосымша.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет