«Педагогика, дефектология» кафедрасы



бет58/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22
42 сабақ 1 курс үй жұмысы, Психология 11 апта 2 тапсырма, Еңбек психологиясы (2), 5 бжб 3 т
Ата-анамен жұмыс

Ағартудың мақсаты:



  • баланың тұлғасының қалыптасу және дамуы жайлы психологиялық заңдар мен осы заңдарды тәрбие үрдісінде ескеру туралы білім беру;

  • баланы түсіне білу және олармен жайлы қарым-қатынас орната білуге үйрету;

  • ата-ананы балаларына мұқият (зейінді) болып, олармен шұғылдануға шақыру.

Ата-анамен жүргізілетін тиімді жұмыс түрі – психологиялық лекторий ұйымдастыру. Алайда лекторий жайлы қалыптасқан білімдер баяғыда ескірген. Лекторий дегеніміз – бұл лекциялар циклы емес, оның мазмұны екі бөлімнен тұрады:
А) теориялық; Б) тәжірибелік.
Теориялық бөлім - әдетте, машықтанған психологтар оқитын ғылыми-танымал лекциядар циклынан тұрады. Мұндай лекцияға қойылатын басты талаптың бірі – тыңдаушыларға қызықты әрі қажетті мазмұн. Қызықсыз лекция ата-ананы үрейлендіріп, психологтың мәртебесін түсіреді. Қайсыбір тыңдаушыларға қандай лекциялардың қызық екенін (ата-ана, оқушылар, оқытушы) Н.В.Самоукинаның (29) еңбегінен табуға болады. Егер де лекция мазмұны қызықты, бірақ тыңдаушылар категориясына қажетсіз болса, онда олар бұл лекцияға келесі уақытта да келеді деп күтудің қажеті шамалы.
Лекцияны дайындау барысында психолог Н.В.Самоукина мен басқа да психологтар көрсеткен кемшіліктерді ескерген жөн:

  • нақты мысалдары жоқ шамадан тыс теориялық мазмұн;

  • немесе керісінше теориялық негізі жоқ жалаң кеңестер;

  • әрекеттер мен жағдайлар өз атынан («Мен санаймын», «Менің білуімше») жүреді;

  • материал тыңдаушылардың жасынан, даму деңгейі мен кәсіби ерекшелігі және қызығушылығынан тәуелсіз түрде баяндалады.

Ата-ана санатындағы тыңдаушылар психологқа белгілі бір қиындықтар тудырады.
Ата-аналардың бір категориясы психологиялық білімдер қажеттілігін ұғына бермейді. Мұндай ата-аналар өздері барлығын мұнсыз да дұрыс орындап жатырмыз деп сенеді. Мұндай сенімді жеңіп шығу оңай жұмыс емес. Ол тәжірибе мен мұқият дайындықты талап етеді. Келесі категория қиындыққа бетпе-бет келгенде әлсіз болады. Олар баланы түсінбейді, қалай тәрбиелеу керектігін білмейді және әрекет жасауға аса талпынбайды да. Мұндай ата-аналарды көп нәрсеге олардың қолы жететініне жігерлендіру ( рухтандыру, қайраттандыру), үйретіп көрсету керек.
Қиындықтар психологиялық заңдылықтар туралы қалыптасқан жалған білімдерге байланысты туындайды. Мәселен, темпераментті тәрбиелеуге болады, қабілеттер тұқым қуалау арқылы берілген, қатаңдық- барлық жамандықты бірден-бір жеңу жолы панацея (жалған тәуіптердің барлық ауруға ем болады деген жалған лекциясы) т.б. деген сенімдер. Ата-ананың көпшілігінде экстерналды сенімдер, баланың жасы ұлғаюына байланысты қарым-қатынасты ауыстыра алмауы басымдау келеді.
Лекторийдің теориялық бөлімі өз аумағына лекциялар, әңгімелесу, талқылау семинарларын қамтиды, оларды дөңгелек үстел басында жүргізген жақсы. Бұл лекция оқушы мен тыңдаушылар арасында байланыс орнатуға жағдай жасайтын еркін ахуалды орнатады.
Лекторий тақырыбын да балалардың жасына сәйкес жоспарлау қажет. Жалпы сипаттағы лекциялардың тиімділігі шамалы. Тақырыптар тізімі құрастырылады. Бұл тізім ата-аналар жиналысында өздерін қызықтыратын тақырыптарды белгілеу мақсатында ұсынылады. Таңдалған тақырыптар лекторий негізі болып саналады.
Тәжірибе бөлімі.
Лекторий тәжірибе бөлімінсіз жай ғана формалды іс-шара болып көрінеді. Ата-аналардың лекциядан естігендерінің көпшілігі түсінуді, тереңдей түсуді, яғни нақтылай түсу мен түсіндіруді, тіпті кей сәттері арнайы жаттығуды да талап етеді.
Тәжірибелік бөлім түрлеріне:

  • ата-ананы мазалайтын өмірлік жағдайларды талдауға қатысты практикумдар (мұндай жағдайлар жинағын психологтар Р.Баяйрд пен ДЖ.Баяйрдтың «Сенің беймаза жасөспірімің» атты кітабынан табуға болады М., 1999);

  • сұрақ-жауап типі бойынша сабақ. Сұрақтарды ата-аналардан алдын- ала алған дұрыс, бірақ бірден жауап беруге де болады, алайда, сабақтың бұл түрі оқытушыдан сұрақтарды болжай білу мен оперативті ойлай білу қабілетін талап етеді;

  • тренингтер. Қарым-қатынас тренингтері ең танымал болып саналады. Олар қызықты әрі пайдалы.

Ата-аналарды баланың оқуына көмек көрсетуге үйрету тәжірибеде аса маңызды әрі аз пайдаланылады. Бұл ата-аналарды қайтадан партаға отырғызып оқулықтар бойынша білім беру деген сөз емес. Маңыздысы басқада. Ата-аналарды балалардың үй жағдайында өздік жұмыстарын басшылыққа алуға, зейін, есте сақтау үрдістерін, эмоцияларын басқара білуге үйрету керек;
- диагностикалық сабақтар. Ата-аналардың өз балаларын зерттеуге, оған зейіндірек болуға, кішкентай болса да өзгерістерін байқай білуге үйрету қажет. Осы мақсатқа орай бақылағыштыққа жаттықтыру ұйымдастыруға болады (темпераментті, жетекші қабылдау жүйесі мен эмоциялық күйлерді анықтау).
Ата-аналарға арналған лекторий құрамында жеке дара кеңес беру болмаса, лекторий толық деп есептелмейді. Баланың басындағы қиындықтарды түсіне алмайтын, әсіресе оларды жоюға күші жоқ ата-аналар әр уақытта да кездесіп жатады.
Ескеруді талап ететін кейбір қағидаларға тоқтала кетейік:

  1. Кеңес беру қатаң түрде жеке дара жүреді және бөлек бөлмеде өтеді. Ешкім кедергі жасамауы қажет. Ата-аналар белгіленген уақытқа келуі тиіс. Ата-аналардың көпшілігіне дерлік кеңес беруді жаза бермеңіз.

  2. Қайырымдылық – байланыс пен сенім орнатудағы басты нәрсе.

  3. Шешім – тек бірлесіп қабылданады.

  4. Әңгімелесудің аяғы тек жақсылыққа деген үмітпен аяқталуы тиіс.

  5. Келесі кездесуді жоспарлау (ненің өзгеретінін білген жөн)керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет