«Педагогика, дефектология» кафедрасы


Шығармашылық бағыттағы өзіндік жұмыстар



бет56/64
Дата05.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161228
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   64
Байланысты:
ЖОО психол ОӘК 21-22
42 сабақ 1 курс үй жұмысы, Психология 11 апта 2 тапсырма, Еңбек психологиясы (2), 5 бжб 3 т
Шығармашылық бағыттағы өзіндік жұмыстардың мақсаты оқу материалы негізінде шығармашылыққа ұмтылу, соның нәтижесінде жаңалық ашу, жаңаны игеру.
Білік және дағдыны қалыптастыруға арналған өзіндік жұмыстарға жалпы оқу және кәсіби білік, дағды қалыптастыратын жұмыстар жатады.
Алған білімдерін бекітуге және жүйелеуге арналған өзіндік жұмыстар жоғарыда көрсетілген өзіндік жұмыс түрлерін орындау үрдісінде жүзеге асады.


Өзіндік жұмысқа арнлған тапсырмалар.

  1. Ғылыми зерттеу жұмыстарында және көпшілікке арналған ғылыми әдебиеттердегі эксперименттік зерттеудің суреттемесін тауып, оның ғылыми аппаратын талдау.

  2. «Психология тарихы» бойынша түпнұсқаларға сүйене отыра глоссарий құрастырыңыз.

  3. Ғылыми психологиялық монографияның бір тарауынан тезистер құрастырыңыз.



ХҮ. Психология пәні оқытушысының қызметіндегі психологиялық ағарту


Психологиялық ағартудың түрлері мен әдістері

Студенттердің психологиялық білімін жетілдіру мақсатында, оқыту мотивациясын жоғарылатудың, психология ғылымына назар аударту мен қызығушылықты тудырудың тиімді әдістерінің бірі – сабақтан тыс психологиялық шараларды ұйымдастыру. Олардың танымдық әлеуеті мол.


Студенттер дәрісханада психологиялық пәндерден ғылыми - теориялық тұрғыда біліммен қарулана отырып, психологиялық білімдерін жетілдіреді. Алайда бұл болашақ маманды толыққанды кәсіби маман ретінде жан-жақты дайындауда аздық етеді. Сондықтан мұнымен қоса сабақтан тыс психологиялық шараларды жүйелі түрде ұйымдастырып, ретіне қарай жүргізіп отыру, студенттердің өз мамандығына деген қызығушылығын арттырып, іскерлік дағдыларын шыңдап, білімдерін тәжірибелік тұрғыда толықтыруларына мүмкіндік береді.
Психологиялық ағартудың негізгі мақсаттарына:

  • Көпшілікті өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі оқыту, іс-әрекет, қарым-қатынас, тұлға психологиясының негіздерімен таныстыру;

  • Психологиялық білімге деген қажеттілік пен оларды өз өмірі мен іс-әрекетінде пайдалану ниетін қалыптастыру;

  • ағарту түрлеріне: ғылыми-танымал лекциядар, әңгімелесу,семинар, көрмелер, кәсіби психологтармен кездесу жатады.

Ағарту жұмысын жүргізу барысында ұсынылатын ақпараттың кейбір ерекшеліктерін, оны жеткізу әдісін де ескерген жөн:

    1. Өз білімімен басқалармен бөлісуге қатысты психологтың шынайы ниетінен байқалатын қайырымдылық;

    2. Мазмұнның, жұмыс түрі мен әдістердің, тыңдаушылардың жас ерекшелігі және кәсіби ерекшеліктеріне, даму деңгейіне сәйкес келуі;

3. Ғылымилығы, яғни бұл окуьлтті ғылымды, балгерлік пен сиқырлықтың әртүрлерін пайдалану мүмкін еместігін білдіреді.
4. Ұсынылғалы тұрған ақпараттың тәжірибедегі қажеттілігі мен мақсатқа лайықтылығы.
Мектеп оқушыларымен, олардың ата-аналарымен, оқытушыларымен, сондай-ақ, кәсіпорын басшыларымен, сауда қызметкерлерімен, менеджерлермен және т.б. категориядағы мамандармен жүргізген жұмыстың келешегі зор.
Ата-аналар, мектеп оқушыларымен, оқытушыдармен жүргізілетін жұмысқа тоқтала кетейік.
Осылар басқалармен салыстырғанда психологиялық ағартуды аса қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет