Педагогика ғылым ретінде және оны білімнің ерекше саласына бөлу. Кез-келген ғылымды зерттеу, әдетте, осындай сұрақтарды түсінуден басталады: «белгілі бір ғылым қалай пайда болды және дамыды және оның зерттеу тақырыбы қандай болды?»


) Мектептің тәрбие жүйесі туралы түсінік. Әртүрлі тәрбие жүйелерінің сипаттамалары



бет33/65
Дата20.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#163473
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65
Байланысты:
1-100 пед ОТВЕТЫ (копия)
Ïåäàãîãèêàëû? çåðòòåóä³? ?ä³ñíàìàëû? íåã³çäåð³ ìåí ?ä³ñòåð³ ïåäà, Презентация отчет к педагогическому совету Адаптация 5 класса (копия)
46) Мектептің тәрбие жүйесі туралы түсінік. Әртүрлі тәрбие жүйелерінің сипаттамалары.
Мектептің тәрбиелік жүйесі – мектептің тұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы және баланың әлеуметтенуі мен дамуының мақсатқа бағытталған факторы. “Тәрбие жүйесі”-тұлғаның рухани және адамгершілік жағынан қалыптасуы мен шығармашылық дамуын қамтамасыз ететін әлеуметтік шындық компоненттерінің тобы.
Тәрбие жұмысы-бұл жеке тұлғаның неғұрлым толық дамуына бағытталған мақсатты іс-әрекет. Педагог -тәрбиешінің есінде ең алдымен тәрбиешілік және дамытушылык іс-әрекет, ұжымды ұйымдастыру және дамыту, оқушы тұлғасының қалыптасу мәселесі тұруы керек. Мектепте ұйымдастырылатын іс-шаралардың мақсаты оқушылардың дүниетанымын дамытып, қалыптастыру, өмір жайлы түсінігін жетілдіру, мектептегі іс-шаралар оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, мектепке деген жағымды эмоция қалыптастыруы тиіс. Мектептік іс-шаралар дарынды, жігерлі, оқушылардың өзін-өзі көрсетуіне, өз орнын түсінуге, ерік жігерін шыңдауға бағытталуы керек.
Тәрбие жүйесі – педагогикалық жүйе. Оның жұмыс істеуі келесі педагогикалық міндеттерді жүзеге асырумен байланысты:
1) оқушылар арасында табиғат, қоғам, адам туралы ғылыми білімнің тұтас жүйесін қалыптастыру;
2) баланың шығармашылық қабілеттерін, оның бейімділігін және дарындылығын дамыту;
3) оқушылардың қоршаған шындықтың әртүрлі аспектілеріне және өзіне деген құндылық қатынастарын қалыптастыру;
4) балада өзін-өзі тануға, өзін-өзі құруға, өзін-өзі жүзеге асыруға және өзін-өзі бекітуге ұмтылысы мен қабілетін дамыту;
5) балалар мен ересектердің дамуы мен өмір сүруіне қолайлы орта ретінде білім беру ұйымында ұжымды қалыптастыру.



47) Мектеп пен отбасы тәрбиесінің өзара әрекетінің мазмұны, формалары мен әдістері. Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері мен негіздері.

Білім беру мекемесі мен отбасының өзара әрекеттесуінің барлық нысандары мен түрлерінің негізгі мақсаты – балалар, ата-аналар мен педагогтар арасында сенімді қарым-қатынас орнату, оларды бір ұжымға біріктіру, олардың мәселелерін бір-бірімен бөлісіп, бірлесіп шешу қажеттілігін тәрбиелеу.Білім беру мекемесінің отбасымен қарым-қатынасы ынтымақтастық пен өзара әрекеттестікке негізделуі керек. Мектеп пен отбасы ұлттық сананың қорғаны болуға, оқушылардың бойында туыстық сезім, ата-ана, жас балалар, қарттар алдынға парыз сезімін қалыптастыруды үйретуге тиіс. Ата-ана мектеппен байланысын күшейтуі арқылы ғана бала тәрбиесінде жақсы жетістікке қол жеткізе алатыны ақиқат. Ата-ана мен ұстаздар арасындағы қарым-қатынасынан біз тамаша нәтиже күтеміз. Бар әдемілік пен әдептілікті бойына жинаған, халықтық тәрбиемен сусындаған, өз отбасына, өз ұстаздарына, өз мектебіне, сыныптас достарына, еліне құрмет сезімі қалыптасқан жеке тұлға қалыптастыра аламыз.


Отбасы мен мектептің өзара әрекетінің басты қызметтері:
•ақпараттық;
•тәрбиелік-дамытушылық;
•қалыптастырушылық;
•қорғау-сауықтырушылық;
•бақылаушылық;
•тұрмыстық.
Отбасы мен мектептің өзара әрекет формалары::

1)Оқушылардың үйіне баруы. оқушылардың үй жағдайымен, күнделік өмірімен, тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әртүрлі тақырыптарда ата – аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу.


2) Ата-аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер, мысалы, күнделік өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бол уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты формалары қарастырылады.
3) Әлеуметтік. Ата-аналарды қоғамдық тапсырмаларға араластыру. Бұл форма балаларды тәрбиелеу біліктілігін қалыптастыруға, белсенді ойлауды тудыруға ықпал етеді.Ол үшін оқу жылының басында ата-аналар жиналысында сыныптың тәрбие жоспарын талқылғаннан, кейін ата-аналардың арасында сауалнама жұмыстары жүргізілуі тиіс.
4) Ата-аналар үшін кеңес- ол ата-анамен жеке -дара кездесу түрінде, кейбір оқушыға қатысты жалпы жиналыста айтуға болмайтын түйіні қиын, маңызды мәселенің көзбе-көз сөйлесу барысында айтылуымен, оның шешімін табуда өзара пікір алмасуымен құнды. Ата-аналарға кеңес беру формасы , егер атап-ана тек пассивтік түрде тыңдаушы болып қалса, онда ол оң нәтиже бермейді. Ол үшін педагогтар ата-аналармен кеңесе отыра, бұл жағдайдан шығудың тиімді жолдарын бірлесе қарастырулары тиіс.

Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері мен негіздері.


Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Ол баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі - бала тәрбиелеу. Басты міндеттері:


- баланы үйлесімді дамыту;
- бала-денсаулығына қамқорлық жасау;
- оқуына көмек қөрсету;
- еңбек тәрбиесін жүзеге асыру және мамандық таңдауға көмектесу;
- тұлғаның әлеуметтенуіне көмектесу;
- Ізгілік, эмоционалды адамгершілік қатынас тәжірибиесін қалыптастыру;
- жалпы мәдени және интеллектуалдық дамуына қамқорлық жасау;
- қызығушылығын, қабілетін, бейімділігі мен шығармашылығын дамыту;
- өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамытуға дайындау;
- жыныстық тәрбие, болашақ отбасылық өмірге даярлау.
Сонымен қатар отбасы тәрбиесінің мәңгілік басты құрауыштары бар. Олар:
- отбасы тәрбиесінің ахуалы (дәстүрі, қатынасы, жайылдығы);
- отбасы өмірінің күн тәртібі;
- әрекеттер мазмұны (әкенің, шешенің, әженің, атаның, балалардың),
Баланың отбасындағы өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда күн тәртібін жасау мен талап коя білудің мәні ерекше. Күн тәртібі баланың еңбегі мен демалысының парасаттылықпен, жас және дербес ерекшелігіне сәйкес өтуін қамтамасыз етуі тиіс. Отбасы мүшелері бала бойында жақсы әдеттерді қалыптастыруды және оның дүниетанымын, өмірлік бағыт-бағдары мен көзқарастарын дұрыс қалыптастыруды мақсат тұтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет