Педагогика тарихы


Ғасырлар тоғысындағы білім беру жүйесіндегі интеграциялық процестер



бет103/113
Дата18.11.2022
өлшемі2,03 Mb.
#158802
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   113
Байланысты:
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет. (3)

Ғасырлар тоғысындағы білім беру жүйесіндегі интеграциялық процестер
Ұлттық және әлемдік білім беру жүйесін кіріктіру мәселесін негізге ала отырып жасалған “Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы” білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттерін және оны іске асыру тетіктерін айқындайды, әрі Қазақстан Республикасының заңнамасына, білім беру жүйесін басқару мен қаржыландыруға, құрылымы мен мазмұнына, кадр саясатына және әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады. Бұл жаңа бағдарлама экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда қазақстандық білім беру жүйесінің сапасын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулердің қажеттігінен туындады. Білім беру жүйесі қоғамның экономикалық-әлеуметтік дамуына байланысты дамиды. Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалық мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономика саласында айтарлықтай табысқа қол жеткізді. ХХІ ғасырдың басында Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне қосу ұлттық экономикалық даму үрдісінің негізінде іске асырылды. Республиканың жалпы орта білім беру жүйесін 12 жылдық әлемдік білім кеңістігіне сәйкестендіре отырып көшіру негізгі реформалардың бірі болып отыр.
Қазақстандағы жалпы орта білім беру жүйесінің 12 жылдық мектеп жүйесіне көшуі бүгінгі әлемдік білім кеңістігіне енудің бірден-бір жолы болып табылады. Әлемдік деңгейде білім беру жүйесіне зер салатын болсақ, білім беру жүйесі 12 және 13 жылдықтан тұрады. Мысалы, Ұлыбританияда 12-13 жыл, Франция, Испания, Польша, Жапонияда –12 жылдық, Италия, Швеция, Германияда 13 жылдық білім беру жүйесі бойынша білім беріледі.
Еуропалық кеңес қабылдаған декларацияда әлемдік орта білім беру жүйесі 12 жылдық білім беруді қамтамасыз етуді көздеп отыр. Егер кейбір елдерде орта білім беру 12 жылдан кем болса, онда білімді жоғары білім беру жүйесінде толықтыруды қажет етеді. Жалпы орта білім берудің құрылымы – бастауыш (1-4 сынып), негізгі (5-9 сынып), жоғары (10-11,12) сынып. Жалпы білім беретін 12 жылдық мектепте тұлғаның білім, білік және дағдыларын қалыптастырумен қатар, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру басты орын алады.
Қазіргі таңда республиканың жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесі кредиттік оқытудың Еуропалық жүйесіне көшірілді. Кредит дегеніміз – студенттің немесе оқытушының оқу жұмыс көлемінің өлшем бірлігі.
Кредиттік оқыту жүйесін 1869 жылы Гарвард университетінің президенті Чарльз Элиот енгізген. Бұл жүйе Америкада білім сапасын жетілдіру мақсатында мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін енгізілді. 1988 жылдан бастап Еуропа елдері де кредиттік жүйеге көше бастады. 1999 жылғы 18-19 маусымда Еуропалық мемлекеттердің білім министрлерінің бірлескен отырысында кредиттік оқытудың еуропалық жүйесі қабылданды.
Халықаралық білім кеңістігінде жоғары білім бойынша кредиттік оқытудың іргелі төрт жүйесі бар. Олар: Еуропалық жүйе -ESTS, американдық жүйе -USCS, британдық жүйе - CATS, Азия мемлекеттерінде және Тынық мұхиты кеңістігіндегі жүйе –UCTS. Қазақстанда білім жүйесін негізінен Еуропалық кредиттік жүйеге /ESTS/ енудің алғашқы қадамдары іске асты. Еуропалық кредиттік жүйе бойынша Еуропадағы Ұлыбритания, Франция, Испания, Германия, Италия, т.б. іргелі мемлекеттерде білім беріледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған кредиттік оқыту жүйесі - білім беру жүйесінің Лиссабондық конвенцияның(1997) және Болон декларациясының(1999) Ережелерінің негізгі ұстанымдарын басшылыққа алып жасалынды. Қазақстан Республикасы алдына қойған негізгі мақсаты - кредиттік оқытудың Еуропалық жүйесіне (ESTS) ену. Әлемдегі 1200 университетте жоғары білім беру Еуропалық кредиттік оқыту жүйесі негізінде іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет