Педагогика тарихы


Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі интеграциялық процестердің мақсаттары



бет104/113
Дата18.11.2022
өлшемі2,03 Mb.
#158802
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   113
Байланысты:
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет. (3)

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі интеграциялық процестердің мақсаттары жоғары білім алуға мүмкіндік берудің алғы шарты ретінде 12-13 жылдық мектептегі оқыту жүйесіне көшу; оқу мерзімі 4 жыл және квалификациясы еңбек нарығы сұранысын қанағаттандыратын және әрі қарай білім алуды жалғастыруға жарайтын “бакалавр” дәрежесі бар жоғары білім беру; “магистр” және “доктор” дәрежелері бар аяқталған жоғары білім беру; барлық ұлттық жоғары білім беру жүйелеріне European Credіt Transfer System (ECTS) есептік бірлік жүйесін немесе қайта есептеу, жинақтау функцияларын қамтамасыз ететін және шетелде оқытудың академиялық талап тұрғысынан мойындалуына кепілдік беретін біріккен жүйе арқылы білім беру.
Кредиттік оқыту жүйесінің негізгі принциптері ұлттық білім беру жүйелерін халықаралық деңгейде адамдарға қолайлы жерінен білім алуға мүмкіндік беру; кез-келген ұлттық білім беру жүйесімен сәйкестігі; жоғары білім берудің барлық бағдарламалары мен формаларының (күндізгі, кешкі, арақашықтықтан (дистанциялық), сырттай оқыту) қолданылуы; халықаралық есептік ауысу мүмкіндігі; “диплом қосымшаларының” жалпы еуропалық үлгіге сәйкестігі.
Қазақстандық жоғары оқу орындарының әлемдік білім кеңістігіне енуі үшін төмендегі сатылар енгізіледі:
1. Бакалавриат (жоғары кәсіптік білім) – 4 жыл; төменгі сатысы – 2 жыл;
жоғары сатысы – 2 жыл.

  1. Магистратура (жоғары кәсіптік білімнің екінші сатысы) екі траекторияда іске асады: кәсіптік магистратура (триместрді қамтиды) - 1 жыл;

ғылыми магистратура – 2 жыл.

  1. Докторлық бағдарлама - жоғары кәсіптік білімнен кейінгі докторлық

бағдарлама екі траекторияда іске асады:
кәсіптік магистратурадан кейін –3 жыл,
ғылыми магистратурадан кейін –2 жыл
Халықаралық ұлттық білім беру жүйесінің бағдарламасына сәйкес жоғары және жоғары кәсіптік білімнен кейінгі білім берудің кредиттік технология негізінде үш деңгейлі академиялық дәрежелер енгізіледі: бакалавр, магистр, доктор. Кредиттік оқыту жүйесі - бірізді емес (нелинейная) оқыту жүйесіне жатады, яғни, оқу процесін жекелей жоспарлау арқылы білім алушының шығармашылық ізденісі негізінде құрылады.
Кредиттік технологияның негізгі ерекшелігі студенттің жекелей оқу жоспарын құруында болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет