Ортаны педагогикаландыру ұстанымы.
Ұстанымның бастауы. Адамды тәрбиелеуде ортаның маңыздылығын ескере отырып, ортаның тәрбиелеуіне ұмтылу маңызды.
Ортаны педагогикаландыру ұстанымын С.Т.Щацкий және оның ізбасарлары негіздеді. Ол әлеуметтік педагогтың баланы тәрбиелеу үдерісі іске асырылатын ортаның немесе тәрбиелеу ықпалынан кейін баланың түсетін ортасы факторларының мүмкіндіктерін зерттеп-білуінің қажеттігіне және осы білімін нақтылы жағдайда адамды мақсатты түрде тәрбиелеу жұмысына пайдалануына назар аударды. Педагог орта балаға қоғамдық сипатта әсер ететіндіктен, оған қоғамдық фактор ретінде қарады. Тұрғылықты жері бойынша тәрбие жұмысын – қоғамдық педагогикалық жұмыс деп санады. Осылайша ол балалар мен жасөспірімдердің тіршілік қарекетіне орта әсерін педагогикаландырудың қажеттігіне назар аударды.
С.Т.Щацкий әрбір тәрбиеленушінің жеке ойлағанынан гөрі педагогикалық ортадан тәрбиелеудің неғұрлым биік мұратын көре білді. Тәрбиеленуші осы мұратқа жақындай отырып, тәрбиелеуші ортаның өніміне айналады. Ол баланың осы социум талап еткен субмәдениетті сіңіруіне мүмкіндік туғызады. Сондықтан, осы ортаны түсіну, яғни көру, сезіну, болжамдау және керек нәрсені құру қажет. Осы мағынасында орта факторы өзін құраушыларды тәрбиелеуде алдыңғы орынға шығады. Ол балаларды тәрбиелеудің алдыңғы құралы функциясын атқарады. Педагог үшін оң мәнді әлеуметтік- педагогикалық бағытта неғұрлым елеулі рөл атқаратын нәрсе - мектептің жақсы ұйымдастырылған педагогикалық (тәрбиелеуші) ортасы. Ерекше маңызды фактор - отбасындағы ортаны педагогикаландыру болып табылады.
Ұстанымның мәні. Ұстаным негізінде баланың неғұрлым қолайлы жағдайда дамуы және тәрбиеленуі үшін, оның өмір сүру ортасын басқару мен тәрбиелеу үдерісінде талап етілетін жағдайларды мақсатты түрде туғызуға бағытталған педагогикалық ортаның тәрбиелеуші қызметін зерттеу қажеттігі жатады.
- орта белгілі бір субмәдениетті білдіреді, оны есепке алуды, сондай-ақ, нақтылы баланы тәрбиелеу үшін неғұрлым мақсатқа сәйкес мәдени ахуалды құра білуді (ықпал ете білуді) талап етеді;
- тәрбиелеу қызметінің мақсатын, технологиясын және орталық жағдайларын білу;
- тәрбиелік мақсатқа жетуге ұмтылдыратын жағдайларды (мәдени-тәрбиелеуші ортаны) бағытты түрде құру;
- тәрбиеленушіні өзін-өзі танытатын тәрбиелеуші ортаға қосудың көптеген түрлері мен әдістерін мақсатты түрде пайдалану;
- тәрбиелеудегі ортаның жағымсыз факторларын бейтараптандыру және жеңудің мүмкіндігін қарастыру;
- тәрбиеленушінің тәрбиелеуші ортада өзін-өзі танытуына түрткі болып, белсендіретін жағдайлар туғызу.