Ортаға негізделген ұстаным. Ұстанымның бастауы. Адамның жеке әлеуметтік дамуы, тәрбиесі оның тіршілік қарекеті ортасына тікелей байланысты екенін И.Г.Песталоцци негіздеп берді. Ол бала тәрбиесіне қолайлы ортаны қалыптастыру қажеттігін атап көрсетті. Бұл ұстанымның маңыздылығын А.С.Макаренко да сезініп, ескерген болған. Ол тәрбие ісі арнаулы дайындалған ортада жүргізілуі тиіс деп санады. Бұл - отбасына да, арнаулы мамандандырылған тәрбие мекемесі үшін де маңызды нәрсе.
Орта адам өзін танытатын (бұл - тіршілік қарекеті, мақұлдау, күдіктену, қолдау ортасы немесе басқаша орта) орын ретінде қаралады; немесе кеңес беру жұмысын іске асыратын (орталықтағы арнайы жабдықталған бөлме, үй іші жағдайы, мектеп) орын.
Орта факторлары – бұл онымен өзара әрекетте адамға тікелей ықпал ететін факторлар. Олар өсу үстіндегі адамның әлеуметтену үдерісінде бойына сіңіретін тікелей әлеуметтік тәжірибе мен әлеуметтік рөлдерді атқарады. Бұл арқылы әлеуметтік қоршаған ортамен басқару және адамның олар арқылы мақсатты түрде бағытталған жеке дамуды, әлеуметтенуді ынталандырудағы өзара әрекеті қажеттігі және мұның негізінде ортаға негізделген қағида жатқаны түсіндіріледі.
Ұстанымның мәні. Әрбір фактор әлеуметтік педагог ескеруге тиісті өзінің тәрбиелік ықпалына, ерекшелікке ие (тәрбиелік әлеует). Орталық фактор тәрбиелік ықпалды ынталандыра, оны белгілі бір мазмұнмен толтыра және бейтараптандыра алады, тіпті оған қарсы тұра алады. Бұл ерекшелікті тәрбие қызметінде оны ынталандыру үшін ескеру маңызды.
Ұстанымның негізгі талаптары:
- әрбір тәрбиелік іс-шара үшін неғұрлым қолайлы (жеткіліксіз қолайлы, қолайсыз) орта болады және оны ықпал ету шараларын әзірлеу және іске асыруда ескеруді қажет етеді;
- үдерісті ынталандыруы, оның неғұрлым толық жетістікке жетуін қамтамасыз ете алатын орталық факторлар әлеуметтік-педагогикалық қызметтің мақсаттарын (түпкі ой-ниеті), субъекті мен объектінің ерекшеліктерін ескере отырып анықталады;
- әлеуметтік педагогқа ортаның ықпалын болжай білу және неғұрлым оң мүмкіндіктерді толық пайдалануға ұмтылу, онымен бір мезгілде жағымсыз ықпалдарды азайта немесе бейтараптандыра білу қажет;
- орта факторы кез-келген адамға, әсіресе өсіп келе жатқан әсершіл адамға ерекше қатты әсер ететіндіктен, оған кәсіби қызмет - орта факторы баланы тәрбиелеудің құралы рөлін жиі атқарады. Бұл баламен жұмыс істеуде орта ықпалының сипатын болжай білуді және оны әлеуметтік-педагогикалық жұмыс үдерісінде мақсатты түрде пайдалануды талап етеді.