Аналогияның жалпы сипаттамасы. Индукция сияқты, аналогия білімді ауыстырумен байланысты, бірақ индукциямен салыстырғанда, ондағы білім бір объектіден өзіне ұқсас объектіге аударылады. Индукция кезінде объектілердің ортақ белгілерінің басқа объектілерге ауысуы жүзеге асырылғанмен, бұнда білімді жалпылау жүзеге асады. Сондықтан индукцияны жекеден жалпыға қарай ой қорытындысын жасау ретінде анықтайды, ал аналогия жеке объектіден басқа жеке объектіге қарай ой қорытынды жасау ретінде қарастырылады. Осылайша, аналогияға екі объектінің бір белгілері бойынша, олардың ұқсастығын басқа белгілері бойынша тұжырым жасау негізінде ой қорытындысы ретінде анықтама беруге болады.
Сондықтан, аналогияны іздеу белгілері мен қатынастары бойынша, екі объектінің ұқсастығы мен айырмашылығын қалыптастыру үшін, оларды салыстырудан басталады. Содан кейін, ұқсас белгілер мен қатынастар арасында бір-бірімен салыстырылатын маңызды және мәнді белгілер анықталады. Егер қарастырылатын объектілер мәнді белгілері бойынша ұқсас болса, онда олар алғашқы белгілері мен қатынастары бойынша да ұқсас деп айтуымыз дұрыс болар еді.
Аналогияның түрлері.Аналогияда бір объектіден екінші объектіге қасиеттер немесе қатынастарды ауыстыру жүруіне қарай, оның формасы бойынша негізгі екі түрін атауға болады: қасиеттер аналогиясы және қатынастар аналогиясы. Қасиеттер аналогиясында ұқсас объектілер қасиеттері бойынша салыстырылады және бағаланады. Сондықтан осы жағдайда ауысатын белгі ретінде қасиетті атауға болады.
Қатынастар аналогиясында объектілер арасындғы қатынастардың ұқсастығы қарастырылады. Объектілердің өзі әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, атомның бірінші моделі Күн жүйесінің аналогиясы бойынша құрылған болатын, бұнда Күн ретінде атомның ядросы алынды, ал планеталар ретінде ядроның айналасындағы электрондар алынды. Бұл модельдегі қатынастар аналогиясы белгісіз болып қалады, бірақ кейбір көрнекі ассоциациялар кеңістік өлшемі бойынша сақталып қалады.
Аналогияның мүмкін боларлық сипаты.Толық емес индукциядағыдай, аналогия бойынша ой қорытындысының нәтижелерінің мүмкін боларлық сипаты болады, қазіргі заманғы логикада бұндай ой қорытындыларын шынайылар қатарына жатқызады. Бұнда аналогияның мүмкін боларлық дәрежесі кең ауқымда болады, ол мүмкін боларлықтың кішкентай дәрежесінен басталып, практикалық шынайы мүмкін боларлық дәрежемен аяқталады. Логикалық әдебиеттерде аналогиялар арасындағы айырмашылықтар әдетте, сапалы формада сипатталады, яғни қатал емес немесе қатал аналогия ретінде қарастырылады.
Аналогия бойынша қорытынды жасаудың шынайылығы немесе мүмкін боларлығы төмендегілерге тәуелді болады:
таңдалатын қасиеттер немесе қатынастардың мәнділігі;
салыстырылатын заттар мен құбылыстардың басқа мәнді қасиеттері мен қатынастарындағы ауыстырылатын белгілермен байланысының болуы;
объектілердің ұқсас қасиеттері мен қатынастарын дәл сандық формада көрсету мүмкіндігі.
Аналогияның әлсіз дәлелдеуші күші болады, сондықтан көп жағдайда жаңа болжамдар мен заңдылықтарды іздеу үшін қолданылады. Аналогия бойынша ой қорытындыларының мүмкін боларлық дәрежесін ұқсақтық теориясының талаптарын сақтау және белгілі жағдайлардың болуына қарай арттыруға болады, онда қол жеткен мүмкін боларлықтың кез келген дәрежесі практикалық шынайылықтан ешуақытта артпайды. Бұл ереже атап айтсақ, аналогияның қазіргі формаларына енгізіледі, олар математикалық тұрғыда дәл құрылуы керек, ал модельден түпнұсқаға өту барысында ұқсақтық теориясының талаптары сақталады. Олардың мүмкін боларлық дәрежесін арттыруға болады, бірақ ол қатал аналогияның деңгейінде сақталып қалады.