Пән бойынша дәріс материалдары


Төленуге тиісті сыйақы есебі



бет22/29
Дата05.09.2022
өлшемі346 Kb.
#148731
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29
Байланысты:
Лекции БУиА каз

Төленуге тиісті сыйақы есебі.Алынған несие, жалдық келісімшарт және шығарылған бағалы қағаздар бойынша төленуге тиісті пайыздардың есебі «Төленуге тиісті сыйақы» деп аталатын шотта жүргізіледі. Олар:
Д-т: «Есептелінген сыйақы бойынша шығындар» шоты,
К-т: «Төленуге тиісті сыйақы» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Есеп айырысу шотынан есептелген пайыздар сомасы төленген кезде :
Д-т « Төленуге тиісті сыйақы» шоты,
К-т « Ақшалар » деп аталатын шот түрінде екі жақты жазу жазылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысу есебі. Зейнетақы қорымен есеп айырысу есебі «Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысу» деп аталатын шотта жүргізіледі. Меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар шарттар бойынша жұмысшы жалдайтын тұлғалар, зейнетақы қорына жарналар аударып тұруға міндетті. Зейнетақы қорына белгіленген мерзімде жарна төленбеген жағдайларда кәсіпорындар өсім сомасын төлейді, сондай-ақ ұйымның лауазымды тұлғаларына бұндай жағдайда айыппұлдар салынуы мүмкін.
Зейнетақы бойынша жарналар сомасы есептеген уақытта кәсіпорынның бухгалтериясында мына түрдегі екі жақты жазу жазылады:
Д-т: «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» деп аталатын шоты,
К-т: «Зейнетақымен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу» деп аталатын шот.
Ал бұл есептелген жарналар қорға аударылған уақытта:
Д-т: «Зейнетақымен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу» деп аталатын шот,
К-т: «Ақша қаражаттары» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылуы тиіс.
Басқа да есептелген шығындар есебі. Басқадай есептелген шығындардың есебі «Басқа да кредиторлық борыштар мен есептелген шығындар» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шотта негізгі құралдарды салаларының шығындарын жабуға арналған және тағы да басқа жасалған резервтер сомаларының есебі жүргізіледі.
Негізгі құрал-жабдықтарды жөндеуге арналған резервтер көп уақыттарда өндірісі маусыммен жұмыс істейтін шаруашылық субъектілерінде құрылады. Бұларды жөндеуде жұмсалатын шығындар жыл бойы бірдей емес мөлшерде жүзеге асырылады. Ай сайын резерв жөндеудің барлық түрлеріне смета бойынша жұмсалатын шығындардың жылдық сомасының 1/12 бөлігі мөлшерінде жазылады.
Негізгі құрал-жабдықтарды жөндеу үшін арналған резерв сомасын құру барысында ай сайын апарылатын шығындар сомаларына:
Д-т: «Тауарларды сату бойынша шығындар», «Жалпы әкімшілік шығындары» және басқа шоттардың тиістілері,
К-т: «Басқа да кредиторлық борыштар мен есептелген шығындар» шоты түріндегі екі жақты жазуы жазылады.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе олардың төлемақысымен байланысты нақты шығындар, өнімнің өзіндік құнына қосылмайды, керісінше оның жүргізілуіне қарай:
Д-т: «Басқа да кредиторлық борыштар мен есептелген шығындар» шоты,
К-т: «Көмекші өндіріс» немесе «Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу» шоты.
Жылдың аяғында пайдаланылмаған резервтер сомасы сторно етіледі (шегеріліп тасталады) .Сондай-ақ бұл шотта басқа да жасалған резервтер есептелінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет