12-дәріс
Табыстар мен шығындарды тану және қаржылық нәтижелер есебі
Алдағы кезең кірістерінің есебі. Кәсіпорынның ағымдағы кезеңде алған, бірақ бұдан кейінгі кезеңдерге жататын табыстары алдағы кезеңдерінің табыстары болып есептеледі. Есепті кезеңдер арасындағы осындай кезеңдерді шектеу ұйымның шаруашылық қызметін дәлме-дәл анықтау, салық салу және қаржылық есеп беруді тиімді етіп жасау үшін қажет болып табылады. Алдағы кезеңдер табыстарының есебі «Алдағы кезең табыстары» деп аталатын шотта жүргізіледі.
Кәсіпорындар орта және ұзақ мерзімді құнды қағаздарды олардың атаулы құнынан жоғары бағамен сату арқылы таратуына болады. Бұл жағдайда сату бағасы мен атаулы құнының арасындағы жағымды айырма «Алдағы кезең кірістері» деп аталатын шоттың кредиті бойынша есепке алынып, содан кейін құнның төмендеуіне қарай:
Д-т: «Алдағы кезең кірістері» деп аталатын шот,
К-т: «Құнды қағаздар шығыс етілуінен алынатын кірістер» деп аталатын шот түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
«Алдағы кезең кірістері» деп аталатын шотта алдын-ала сатылған айлық және тоқсандық жол жүру билеттері бойынша кәсіпорынға келіп түскен ақшалар және жүк немесе жолаушылар таситын көлік құралдары үшін күні бұрын төленген ақы есептелінеді. Жоғарыда аталған төлемдер кәсіпорынға келіп түскен кезде:
Д-т: «Ақшалар» шоты,
К-т: «Алдағы кезең кірістері» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Қаржының төленуіне қарай есепті айдың табысы болып саналатын, бұрын яғни алдан ала алынған табыстар ұйымның бухгалтерлік есебінде:
Д-т: «Алдағы кезең кірістері» деп аталатын шоты,
К-т: «Тауарлар сатудан алынатын және басқадай алынатын кіріс», «Акциялардан дивиденд және сыйақы түріндегі кіріс» немесе «Негізгі емес қызметтен алынатын басқадай кіріс» деп аталатын шоттардың тиістілері түрінде жазылған бухгалтерлік жазуда көрсетіледі.
Табыс дайын өнiмдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады; олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келiсiмшартта анықталады: ал мәмiледен шығатын табыс сомосы бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңiлдiктерiн ескере отырып; олардың құндарын өлшейдi. Сатып алушылардың алған активтер үшiн төлеген сомасын сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде. Тараптар өздерiнiң келiсшартында бухгалтерлiк есептiң мынындай басты қағидаларына көңiл бөледi: есептеу, шындық, аламалау, яғни, екi жақты да бiрдей көру, сақтық жасау т.б. тауарды сатқаннан түскен табыс келесi жағдайды сақтаған кезде танылады: табыс сомасын үлкен деңгейдегi дәлдiкпен бағалағанда, яғни екi тапрап та мәмiлеге қатысқан кезде, сатушы қандай соманы сүрап отырғанын және қандай соманы сатып алушы төлейтiндiгiн бiлген жағдайда, мәмiлемен байланысты экономикалық олжаны және соны субъектiнiң алу ықтималдығы бар болуы мүмкiн. Ал бұл сатушының сатқан тауары үшiн келiсiм – шартта көрсетiлген соманы сатып алушының төлейтiндiгiн туралы сенiмiн бiлдiредi.
Келесi шарт сатушыдан сатып алушыға өтетiн меншiк құқығы болып табылады, бұл әдетте берiлген кезден басталады, ал егер сатушы меншiк иесi ретiнде құқығын және мiндеттемесiн сақтаған болса, онда ол сатылған болып табылмайды және табыс танылмайды; мәмiле бойынша күтiлетiн шығын үлкен нөлдiк деңгейдегi бағалауды қажет етедi.
Көрсеткен қызметтен және орындалған жұмыстан алынатын табыс ретiнде танылады:
- есеп беру күнiне мәмiленiң аяқталу кезеңi үлкен деңгейдегi дәлдiкпен анықталса;
- мәмiленi жүргiзу кезiнде жұмсалған шығыстары да, мәмiленi аяқтау үшiн қажет шығыстары дв үлкен деңгейдегi дәлдiкпен бағаланса.
Субъект барынша дәлдiк деңгейде табысын анықтай алады, ол мәмiлеге қатысушылармен төлем жағдайы мен тәсiлiне, күтiлетiн компенсациясына әрбiр тараптың құқығына қатысты мәселелер бойынша мәмiлеге қатысушылармен ортақ шешiмге кеоген жағдайда қол жеткiзедi.
Мәмiленiң сипатына қарап оның аяқталу кезеңiн анықтаған кезде мына әдiстерiнiң бiрiн пайдаланады:
- белгiлi бiр күнге жалпы мәмiле бойынша жасалған шығыстардың пайыздық қатынасы;
- белгiлi бiр күнге жалпы мәмiле бойынша орындалған қызметтiң пайыздық қатынасы;
- орындалған жұмысты талдау.
Аралық негiзде жасалатын төлемдер, яғни сатып алушылардан алынған аванстар табыс болып танылмайды.
Қызмет көрсетудеiң, яғни мәмiленiң нәтижесiнде үлкен деңгейдегi дәлдiкпен табысты анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, табыс жұмсалған шығыс мөлшерiнде танылады, яғни ол сол шығыстың орнын жабады.
Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыстардың есебі.Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыстардың есебі ХҚЕС бойынша 60-бөлiмшесiнiң шоттарында ұйымдастырылады. Бұл топқа мына төмендегi синтетикалық, әрi пассивтiк шоттар жатады:
6010 – "Өнiмдерді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi) сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыс" шоты. Бұл шотта өнiмдi сатудан, орындалған жұмыстардан және сыртқа көрсетiлген қызметтерден түсетiн табыстар көрсетiледi. Аталған шотта өнiмдi сатудан, жұмыстарды және қызметтердi жасайтын материалдық өндiрiс саласындағы кәсiпорындар пайдаланады. Есептi кезең бойы 6010-шоттың кредитiнде дайын өнiмдi, жұмыстарды және қызметтердi сатудан түскен табыс сомалары жинақталады.
6010-шоты бойынша жасалған шоттардың корреспонденциясы төменде келтiрiлген.
Кесте 1. «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын табыс» шотының корреспонденциялары
Қатар
№
|
Шаруашылық операциялардың мазмұны
|
Шоттар корреспонденциясы
|
дебет
|
кредит
|
1
|
2
|
4
|
5
|
1.
|
Салықтық шот – фактураларының және накладнойдың негізінде келісімді бағасы бойынша дайын өнім босатылды
|
1210,2110
|
6010
|
ҚҚС, сомасына, 12%
|
1210,2110
|
3130
|
2.
|
Жұмыстары қабылдау актіслурінің негізінде, негізгі және қосалқы өндірістердің цехтарында орындалған жұмыстар мен қызметтер
|
1210,2110
|
6010
|
ҚҚС сомасына, 12%
|
1210,2110
|
3130
|
3.
|
Сатып алушылар ұсынған шоты бойынша есеп айырысу шотына қаражат келіп түсті
|
1040
|
1210
|
Дайын өнiмдi, жұмыстарды және қызметтердi сатудан түскен сомасы есептi кезеңнiң аяғында Жиынтық табыс (залал) шотына көшiрiлiп жазылады. Бұл кезде 6010-шоты дебеттеледi де, 5410-шоты кредиттелiнедi.
Қаржыландырудан түсетін табыстардың есебiн есептеу үшiн типтік шоттар жоспарының "Қаржыландырудан түсетін табыс" деп аталатын бөлiмшесi арналған және оған келесi пассивтiк күрделi шоттар жатады. 6110,6120 – "Акциялар бойынша дивиденттер және сыйақы түріндегі табыстар" шоты ұзақ мерзiмдi жалға берiлген қарыздары (заемдары), сатып алынған бағалы қағаздары, пайыз түрiнде табыстарды, акция бойынша алынған дивиденттердi есептеуге арналған.
Пайыз түрiнде алынатын табыстар ХҚЕС 33 сәйкес активтерден алынатын шынайы табыстарды уқытша қатынастық негiзiнде ескередi. Мысал, субьектiң тауарды сатып алушыларда 24% жылдық мөлшердегi векселi бар делiк. Қарыз сомасынан вексель бойынша ай сайынғы табысы 2% (24/12) құраған. Табыстан төленетiн дивидендтер акционерлердiң оны алуы туралы құқы белгiленсе ғана танылады.
Сауда ұйымдары қаржы шаруашылық қызмет көрсету кезінде есепті кезеңде болашақ кезең операциялары есебінен табыс таба алады.Бұл тәжірибе жүзінде болашақ кезең табысы деп аталады. Болашақ кезең табысына: алдын ала аванс ретінде жалдаушыдан түскен жал төлемі немесе пәтер төлемі; коммуналдық қызмет төлемі, өткен жылдың есепті кезеңінде анықталған материалдың жауапкершілікті тұлғадан түскен қарыздардың түсуі жөне сома айырмаларынан түскен табыстар жатады. Сауда ұйымдардың қаржылық шаруашылық қызметінің нақты қорытынды нәтижесін беру үшін, болашақ кезең шығындарын саралап, ол көрсеткіштерді оның қатысы бар кезеңге жатқызу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |