Пән: Конституциялық құқық Дәрістің қысқаша мазмұны Тақырып Конституциялық құқық ұлттық құқықтың жетекшi саласы



бет17/45
Дата17.04.2022
өлшемі134,96 Kb.
#139680
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45
Байланысты:
Конституциялық құқық. Дәрістер кешені
Сабақ 2 Косымша 3 Сәйкестендіру тапсырмалары
Жоспар:
1. Жеке адамның құқықтық жағдайы, оның түсiнiгi және қағидалары.
2. ҚР азаматтарының құқықтық жағдайы мен ҚР азаматтарының құқықтық жағдайының негiздерiнiң арақатынасы
3. ҚР азаматтығы: түсiнiгi, қағидалары. Азаматтықты алу және оның тоқтатылу негiздерi
4. ата-аналарының азаматтығы өзгерген, асырап алған және қамқорлыққа алған жағдайдағы балалардың азаматтығы.
5. азаматтық мәселелерiмен айналысатын мемлекеттiк органдар, азаматтық мәселелерi жөнiндегi арыздар мен ұсыныстарды қарау бойынша өндiрiс.

Конституциялық құқық саласында маңызды орынды жеке адамның құқықтық мәртебесінің негіздерін бекітетін нормалардан тұратын институт алады. Бұл институт Конституцияның екінші бөлімінде, яғни “Адам және азамат” деп аталатын бөлімде реттелген. Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары жоғары бағалы құндылық ретінде ата заңда бекітілген. Сондай-ақ тиісті институттың қатынастары Конституциядан басқа актілерде де толығырақ ашылып, нақтыланады. Мысалы, азаматтық туралы, қоғамдық бірлестіктер туралы, діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңдарда және т.б.


Нормалары жеке адамның мәртебесінің негіздерін бекітетін бұл институт адамның қоғам мен мемлекеттегі жағдайын, олардың өзарақатынасының қағидаларын анықтайтын неғұрлым маңызды бастапқы бастауларды байқатады.
Адамның және азаматтың құқықтық жағдайы – барлық құқық салаларының нормалары жүзеге асу процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастың субъектісі ретінде адам мен азамат ие болатын құқықтар, бостандықтар мен міндеттердің жиынтығы ретінде сипатталса, жеке адамның (жеке тұлғаның) құқықтық жағдайының негіздері – бұл жеке тұлға мен мемлекеттің өзарақатынасын, жеке тұлғаның қоғамдағы жағдайын көрсететін және Конституцияда бекітілген құқықтар, бостандықтар және міндеттер жүйесі ретінде анықталады.
Жеке тұлғаның құқықтық жағдайы алдымен оның мәртебесіне: азамат, шетелдік азамат, азаматтығы жоқ адам екендігіне байланысты. Құқықтардың неғұрлым кең көлеміне (саяси құқықтарды қоса, оның ішінде сайлау құқықтары, саяси партияларға бірігу құқығы, мемлекеттік қызметке кіру құқығы, ...) тиісті мемлекеттің азаматтары ие болады, тиісінше олар неғұрлым көбірек міндеттер атқарады. Әдетте шетел азаматтары саяси құқықтарды иеленбейді. Азаматтығы жоқ адамдардың жағдайы көбінесе шетел азаматының жағдайына ұқсас, теңестірілген болып келеді.
Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің қағидалары:
а) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі және жалпыға тәндігі қағидасы;
б) құқықтар мен міндеттердің біртұтастығы қағидасы – құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асырылуы міндеттерді орындаудан бөлінбейді.
в) мемлекеттің құқықтар мен бостандықтарды сақтау және қорғау, оларды кепілдендіру міндеттілігі қағидасы;
г) конституциялық құқықтар мен бостандықтардың тұрақтылығы қағидасы;
д) адамдардың мүдделерінің мемлекет мүдделерінен басымдығы қағидасы;
е) конституциялық құқықтар мен бостандықтардың заңдылығы қағидасы. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар заңды болуы үшін мына шарттарды сақтау қажет деп есептелінеді: оларды бекітетін Конституцияның халықпен не оның өкілді органымен демократиялық жолмен әрі заңи бекітілген тәртіпте қабылданылуы, конституциялық құқықтар мен бостандықтардың және міндеттердің өзгеруі тиісті заң актілерінің негізінде ғана жүзеге асуы.
Жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негіздері келесідей элементтерді қамтиды. Бұл элементтер жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негіздерінің мазмұнын құрайды:

  • азаматтық. Азаматтық – бұл жеке тұлғалардың арасынан ҚР азаматтарын бөліп көрсететін элемент.

  • конституциялық (негізгі) құқықтар, бостандықтар және міндеттер.

  • конституциялық құқықсубъектілік – азамат құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігіне ие болса ғана конституциялық құқықтар мен бостандықтардың толық көлеміне ие болады және толық көлемде міндеттер атқарады.

  • конституциялық құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асырылу кепілдіктері.

Жеке тұлғаның құқықтық жағдайының басты элементтерінің бірі – азаматтық. Азаматтық институты Республика егемендігінің, тәуелсіздігі мен конституциялық құрылысының айқындаушы белгісі болып табылады, өйткені мемлекеттің азаматтарынан тұратын Қазақстан халқы ғана "мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы" болып табылады және "билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді".
Республика Конституциясының ережелерін талдаудан келіп шығатыны, азаматтық - тұлғаның Қазақстан мемлекетімен конституциялық-құқықтық байланысын білдіреді, ол ұзаққа созылатын және орнықты байланыстармен, олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы болуымен сипатталады. Қандай да бір тұлға нақты бір мемлекеттің азаматы болуы мүмкін, тиісінше сол мемлекетпен құқықтық байланыста болады. Осы байланыстың нәтижесінде тиісті тұлға мен мемлекет арасында өзара құқықтар мен міндеттер туындайды. Олай болса, азаматтық – бұл өзара құқықтар мен міндеттер туындайтын жеке тұлға мен мемлекеттің арасындағы саяси-құқықтық байланыс. Өзімен тиісті байланыста болатын адамдарға нақты мемлекеттің билігі тарайды. Жеке тұлға мен мемлекет арасындағы “азаматтық” байланысы белгілі бір қағидаларға негізделеді. Азаматтықтың жалпы және өзіндік қағидаларын көрсетуге болады. Азаматтықтың өзіндік қағидаларына мыналар жатады:
- азаматтықтың бірыңғайлығы және теңдігі қағидасы – Азаматтықтың бірыңғайлығы туралы конституциялық қағида мемлекеттің біртұтастығынан келіп шығады және Республика азаматтарының, бірыңғай конституциялық құқық субъектілікке негізделген, бірыңғай құқықтық мәртебеге ие екендігін білдіреді. Азаматтықтың теңдігі қағидасы Республика азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға (м\ы азаматтықтың алыну жолына) қарамастан құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің теңдігін білдіреді
- азаматтықтың еріктілігі қағидасы – азаматтық алу және одан шығу ерікті түрде жүргізіледі;
- азаматтықтың тұрақтылығы қағидасы - тұрған жеріне, отбасылық жағдайына, жас шамасына қарамастан ҚР азаматтығы тұрақты болып табылады, яғни біріншіден, ҚР азаматтығы адам қайтыс болғанға дейін (егер азаматтықтан шығып кетпесе немесе айырылмаса) сақталады, екіншіден, Қазақстан Республикасы азаматының ҚР-нан тыс жерде ұзақ мерзім бойы тұрақты тұруы ҚР азаматтығын тоқтатуға әкеп соқтырмайды. Үшіншіден, ҚР азаматының (азаматшасының) республика азаматы емес адаммен некеге тұруы, сондай-ақ мұндай некені бұзуы азаматтықтың өзгеруіне әкеп соқтырмайды. Олай болса, біздің азаматтық тұрақты.
- бір азаматтық қағидасы – ҚР-да азаматтық біртұтас, қос азаматтық мойындалмайды;
- ҚР азаматтығынан айыруға болмайтындығы қағидасы – ҚР Конституциясына сәйкес Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға болмайды;
- азамат пен мемлекеттің өзара жауаптылығы қағидасы – азаматтық байланысы жеке тұлға мен мемлекеттің арасында өзара құқықтар мен міндеттер туындап, өзара жауаптылық жағдайын белгілейді; Тиісті байланыс (азаматтық) нәтижесінде нақты тұлға мен мемлекет арасында өзара құқықтар мен міндеттер, тиісінше жауаптылық туындайды. Мысалы, ҚР-сы өз азаматын қайда болмасын қорғауға міндетті, ал ҚР азаматы оны қорғауға міндетті, т.с.с.;
- ҚР азаматын басқа мемлекетке бермеу қағидасы. Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды;
- қан және топырақ құқығының үйлесімдігі қағидасы - ҚР азаматтығын алу бала туылған кезде оның ата-анасының азаматтығына қарай және ҚР аумағында тууылуына қарай шешілуі мүмкін. “Қан” қағидасы ҚР азаматтарынан туылған баланың туылған жеріне қарамастан ҚР азаматы болып табылатындығын білдіреді. “Топырақ” қағидасы баланың ата-анасының азаматтығына емес, оның туылған жеріне қарай азаматтықты иеленуді білдіреді. Қазақстанда осы екі қағида үйлесімді түрде қолданылады. “Қан” қағидасы бойынша ҚР азаматтығын алу жағдайлары “ҚР азаматтығы туралы” заңның 11, 12 баптарында реттелген, ал “топрықа” қағидасы бойынша алу жағдайлары 13, 14 баптарда қарастырылған.
Азаматтық алу, оның тоқтатылуы, балалардың азаматтығы мәселелері, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және мемлекеттiк органдарының азаматтық мәселелер жөнiндегi өкiлеттiгi “ҚР азаматтығы туралы” 20.12.1990 жылғы заңда толығырақ реттелген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет