Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931)кең ауқымдағы, тұтас, бөлек бітімді, салмақты ойы бар тұлға. Ол тек қана ақын, ойшыл, ғана емес, өз Отанының патриоты. 30 жылдардың басында Қазақстанда аштық пен ауру белең алып, халықты баудай түсіргенде, Шәкәрімнің бұл саясатқа наразы араша айқайына мемлекетте қалыптасқан саяси жүйе жазалаумен жауап берді. Дана ғалымның тазалығы мен тұтас болмысы басшылыққа жақпады. Уақыт шеңберінде билік өз дегенін жасап бағады. Егер тұлға белгілі бір жағдайда билік құрылымына бейімделсе, мәңгілік пен ақырғылықтың арасында өзіндік гармония тууы мүмкін. Алайда, талант ақырғыдан да асып түсуді талап етеді.Сондықтан да тұлға билікпен тайталасқа түседі. Осы тайталасты жеңу мүмкін емес шығар, сол себепті Шәкәрімдей тұлғаның қайғылы өмірі трансцендентті, өз заманының тарихи шеңберінен асып түсіп күнделікті, сол бір мезеттегі сәттен жоғары тұрып, абсолютті мәңгіліктің көшбасшысы болып табылады. «Әр заманның, әр мәдениеттің, әрбір салт-дәстүр жиынтығының өз ерекшелігі, өзіне тән сұлулығы мен қатыгездігі бар». Кейбір азаптар оған табиғи, тән боп көрініп, оған көнбістік танытады. Гессенің «Дала қасқыры» романының кейіпкері Гарри Гадерд «Нағыз азап-тозақ деп адам баласының екі дәуір, екі мәдениет, екі дін қиылысып жатқан кездегі өмірін айтамыз», - дейді.Шығармалары: «Үш анық», «Мұсылмандық шарты» т.б.«Үш анық» еңбегінде ол «Анық дегеніміз не?» деген сұрақ қояды және бұл проблеманы шешудің ерекше жолын ұсынады аныққа, ақиқатқа баратын күрделі, қиын жолды баса көрсете отырып, ғалым ақиқатты (анықты) адам Сана көзімен көруі және қабылдауы керек дейді.Жаратушы иенің мәнін зерттеуге ұмтыла отырып Шәкәрім Анық дербес «өмір сүретін» әрбір адамның жанында өмір сүреді деген шешімге келеді. Жанның алғашқы қажеттілігін ол «ұждан» деп атайды. «Адамның қарапайымдылығын, әділдігін, мейірімділігі мен бірлігін орыстың «совесть» сөзімен атайды. Бұған сенбеген адам жүрегін ешбір ғылым, ешқандай өнер, бірде бір жол және ешқандай заң тазарта алмайды. Бірақ егер адам ұжданды жанның алғашқы қажеттілігі деп сенсе, оның жүрегін ешнәрсе қарайта және қатайта алмайды», - деп жазды Шәкәрім. Ол үш өмірлік анықты, дәлірек атасақ: ұдайы өзгеріп отыратын Универсумда өзінің алғашқы себебі деп жаратушы Иені алады; Жаратушы барлық тірі, тіпті өлі табиғатқа жан берген, дене өлген соң жан өзі дербес өмір сүреді; өлгеннен кейін жан асқақ және тыныш болуы үшін, адамға ар-ұжданмен өмір сүру керек. Бұл фәниде адам Ұжданына сәйкесұстанымда болғаны жөн. Осы үш Анық Адамның рухани көтерілуіне ең мықты сүйеніш болып табылады.Көріп отырғанымыздай, Шәкәрім шығармаларында айтылған және толғанған өмірлік маңызы бар проблемалар бүгінгі күні қоғам сенім мен адамгершіліктің кемшін түсіп жатқан кезінде де өз маңыздылығын жоғалтпай отыр.Шәкәрім Ұжданды тек жай ғана адамгершілік - этикалық категория түріне емес, әлемнің түпнегізі, субстанция болып табылатын маңызды философиялық категория ретінде қарастырған аз ғана философтардың бірі. Бұл ретте ол алғашқы, адамға дейін өмір сүреді, Космосқа барабар, сөйтіп адам дүниеге келе отырып Ұжданмен қиылысады, оны бойына жинайды. Шәкәрімнің ұжданды бұлай ұғындыруы оны Бердявқа және XX ғасырдың көптеген адамгершілік проблемасын терең қойып және жоғары балаған өзге де орыс ойшылдарына теңестіреді, тең әлемдік масштабтағы ойшылға айналдырады. Оларда адамгершілік құдайға теңестірілді. Шәкәрім де осы бағытта болды, бірақ ол басқа қайталанбас интерпретацияда болды. Тек қана Ұждан адамдағы барлық адамилық пен адамгершіліктің өзегі болып табылады. Ұлы Абай: «Дана деп немесе ойшыл деп тек өз шеберлігімен, ойларымен және тәжірибелігімен жоғарғы рухани күштер санасына жеткен және өзіне махаббат пен шындықты біріктірген жанды ғана айта аламыз», - деген еді. Міне, Шәкәрім де қазақ руханилығының бір тұлғасы ретінде осы сөзге лайық ғалым.Ғұлама Шәкәрімнің философиясы біртұтас дүниетанымның мәндік қырын ашып көрсетеді. Адам жәй ғана космостық, табиғи тіршілік иесі ретінде емес, өзегін адамгершілік Ар ұждан құрайтын тұлға ретінде көрінеді. Бұл жәй ғана Құдайдың немесе ғарыштың сыйы емес, әр адамның өзін өздігінен жасайтын ішкі жұмысы. Міне, Қазақстандағы XIX-XX ғ.ғ. басындағы философияның дамуының жалпы кезеңдері осындай. Бұл философия қазақ руханилығының дамуындағы маңызды кезеңдерінің бірі. Қазақ философтары батыс философиясының экзистенциалистік сарынын басып озды. Қазақ философиясының антропологизмі космоцентризммен органикалық түрде үндесті: адам тек табиғаттың жемісі ғана емес, өзіне өмір нәрін, ғарыш даналығын жиған, онымен, табиғатпен, қоршаған ортамен гармонияда өмір сүретін ғарыштық дамудың нәтижесі. XIX-XX ғ.ғ. басындағы қазақ философиясы тек қана ағартушылық философия болып қана қоймай, өзіне саналы бастауды психоэмоционалдық, сезімдік жақтарымен бірлікте жинай білді. Міне оның батыстық философиямен салыстырғанда ерекшеліктері осында жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |