Пәні бойынша дәріс тезистері тақырып 1 Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет32/41
Дата26.10.2023
өлшемі167,79 Kb.
#188456
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41
Байланысты:
Философия лекции 2023

Өзін-өзі бақылау сауалдары:


1.Қоғам философиялық ұғым ретінде қалай қарастырылған?
2.Қоғамдық сананың түрлері атаңыз
3.Мәдениеттің қоғамға қатысы?


ТАҚЫРЫП 13. Тарих философиясы


Дәрістің мақсаты: Тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде талдау.Тарих түсінігімен уақыт туралы көріністердің байланысы. Миф "уақыты"қарастыру, танысу, талдау
Тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде талдау. Тарих түсінігімен уақыт туралы көріністердің байланысы. Миф "уақыты". Уақыттың антикалық түсінігі және тарихтың айналымы. Орта ғасырдағы және Қайта өрлеу дәуіріндегі тарих философиясы. Г.Гегельдің философия тарихы. Марксистік философия тарихы. Тарихтың "сыни" философиясы: Дильтей, Риккерт, Ясперс. Қазіргі заман философиясындағы "тарих мәні", "тарихтың соңы" мәселелері.Тарихтың бағытталғандығы және оның мәні. Тарих философиясының пәні. Тарих философиясының даму кезеңдерін қарастырудың негізгі әдістері.Адамзат тарихы: өткені-бүгіні-болашағы.Тарихтың мақсаты, мәні, бағыты мәселесі.Адамзат тарихының бірлігі мен көптүрлілігі. Тарихи үдерістегі революциялық және эволюциялық. Тарихтың қозғаушы күштері. Тарихтағы прогресс және регресс.Формациялар және өркениеттер. Шығыс-Батыс. Өркениеттер қақтығысы. Біртұтас адамзат пен әлемдік тарихты қалыптастыру үдерісі. Қазіргі өркениет, оның өзгешелігі және қайшылықтары. Адамзаттың даму үрдістері. Асан Қайғы: Жерұйық философиясы. Қазақстан тәуелсіздігі тарихының философиясы. "100 жаңа есім" жобасы – қазіргі Қазақстан тарихының бейнесі. Қазақстанның эволюциялық дамуы – елдің гүлдену мүмкіндігі.


Жоспар:
1.Уақыттың антикалық түсінігі және тарихтың айналымы
2.Тарих философиясының пәні
3.Өркениеттер қақтығысы


Уақыттың антикалық түсінігі және тарихтың айналымы
Антикалық деген термин латынның «antiquus»-«ежелгі» деген мағынаны білдіреді.Антикалық философияның дамуы бес негізгі кезеңнен тұрады:
1). Сократқа дейінгі кезең. Бұл кезең б.з.б. VI ғасырды қамтиды.
2). Классикалық. Бұл кезеңде объектінің мәні субъектіден гөрі арта түседі. Негізгі объект - ғарыш, табиғат, сыртқы әлем. Қала - полистердің рөлі артады. Б.з.б. V-IV ғғ. аралығын қамтыған.
3). Эллинизм. Мұндағы үлкен обьекті - субъект - адам, ол өзін-өзі таниды. Қоғам өмірінде маңызды рөл полисте емес, мемлекеттің қолында. Ескендір Зұлқарнайын (А. Македонский) мемлекеті тұсындағы философиялық мектептер: стоиктер мектебі, эпикур мектебі, скептиктер мектебі т.б. Хронологиялық кезеңі - б.з.б. IV-I ғғ.
4) Римдік кезең. Б.з. V-VI ғғ.
Алғашқы грек философиялық мектебі Милет қаласында пайда болды. Милет мектебі Ежелгі Грекияда б.з.д. VI ғ. өмір сүрді. Бұл Милет мектебінің негізін қалаушылар Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Бұлар дүниені біртұтас, бір-бірінен бөлінбейтін жалпы процесс деп қарай отырып, оның негізін материалдықтан іздеді. Фалес(б.з.д. 640-560 ж.ж.) дүниенің негізін судан, Анаксимандр (б.з.д. 610-540ж.ж) апейроннан(шексіздіктен), Анаксимен (б.з.д. 546ж. туған) ауадан іздеді. Олар өткен дәуірдегі мифологиялық көзқарастан бас тартты. Алдымен жаратылыстану саласын зерттеушілер болды. Олар дүниеде не бірінші деген мәселені емес, керсінше, дүниенің біртұтастығын белгілі бір материалдық бірінші негіз арқылы шешуге тырысты.Эфестік Гераклит(шамамен б.д.д.540ж.). Оның есімі философия тарихында өшпес із қалдырған. Сонымен қатар, Гераклит тарихта Қараңғы деген қосымша атпен белгілі. Мұндай теңеу оның шығармаларының ерекшелігіне: ойлау машығының сипатына, тіліне, стиліне қарай айтылады. Гераклиттің ойлары өте қысқа әрі жинақты келеді. Ол түсініксіз сөздер арқылы терең ой жүйесін ширатып, әрбір құбылыс пен заттың мәнін ашуға тырысады.Гераклит қарама-қарсылықтардың бірінсіз-бірі өмір сүрмейтіндігін дәлелдеп шықты. Ол дүниенің тұрақсыздығын, оның үнемі қозғалыс пен өзгерісте, жалпы дамуда болатынын айқындап берді. «Өзендегі суға екі рет түсе алмайсың, өйткені ол ағып жатыр» дейді. Мұның өзі барлығы ағып, үнемі дамуда болады деген пікірді білдіреді. Гераклит қарама-қарсылықтардың бір - бірінен ажыраспайтынын, бір - біріне өтетінін, алмасатынын, бірін-бірі толықтыратынын, бірі жойылса, екіншісі де жоғалатынын айқындап берді.Гераклит сол кездегі басқа ойшылдар сияқты жаратылыстану саласымен айналысып, дүниенің негізін материалдық біртұтастықтан іздеді. Сондықтан да ол дүниенің негізін отта деп есептеді.Гераклит – көрнекті диалектик, теориялық ойлаудың шым-шытырман тұңғиығына, оның қайшылықтары мен бұрылысы көп жолдарына батыл көз жүгірткен ғұлама философ. Гераклиттіңдиалектикасы көптеген келелі мәселелерді көтерді. Сондай проблемалардың бірі таным процесін, әсіресе, диалектикалық танымның салыстыру әдісімен қалыптасатынын атап көрсетті. Салыстыру арқылы жақсылық пен жамандықтың, әсемдік пен көріксіздіктің т.б, жігін ашып, мәнін негіздеуге тырысты.Грек философиясында Гераклит диалектикасына қарама-қарсы бағытта пайда болған сол кездегі ағымдардың бірі - Элей мектебі болды. Ол мектептердің өкілдері – Парменид пен Зенон. Парменид пен Зенон бастаған Элей мектебі келелі философиялық мәселелерді көтерді. Ең алдымен олар болмыс туралы проблеманы жан-жақты талқылады.Пифагоршылдар –ежелгі грек философы, әрі математигі, Пифагордың ізбасарлары. Олар дүниенің негізін сандық қатынастарда, сан барлық заттар мен процестердің мәні деп есептеді. Сандардың негізі әрбір зат пен процестің өлшемінде жатыр.
Тарих философиясының пәні


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет