Сана- адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.
Сананың құрылысы:
1) Сананың өзі.
2) Обьект пен субьектініажырату. Жеке адам өзінің санасына сүйене отырып, өзін және өзінің әрекеттерін басқа адамдардан ажырата алады. Яғни адамдардың «мен және мен емес» деген ұғымды ажыратуы.
3) Адамның өзі іс- әрекетіне мақсат қоюы.
4) Керекті қатынастарды орнату.
Сана жеке адамға тән дара қасиет. Жеке санамен қатар өмір сүрген ортаға байланысты қалыптасатын қоғамдык сана да болады, адам санасының мазмұнына оның өскен ортасы, қоғамдық болмысы ықпал жасап отырады. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Адам санасының осы екі түрін де қоғамдық болмыс белгілейді. Экономикалық қатынастардың өзгеруімен бірге адамның санасы да өзгереді. Сананың дамуы сыртқы ортаға тәуелді болып отырады дейтін түсінікті ғылымда детерминистік принцип деп атайды. Детерминизм тек сана құбылыстарының пайда болуы мен даму жолдарын ғана түсіндірмейді, сонымен қатар табиғаттағы заттардың барлығының шығу тегі объективті себептіліктің заңдылықтарына бағынады деп үйрегеді. Сана арқылы адамның коршаған орта, әлеммен қарым қатынасы мақсатты түрде реттеледі. Ол адамның сезу, түйсік, елестету, ойлау сияқты психикалық іс-әрекеттер жиынтығынан тұрады. Сана адамның ми қозғалысының жемісі. Адамда, жануарларда болмысты сезімдік процестер, қабылдау арқылы танып, бағалайды, бірақ адам объективті дүниені ақыл-оймен бейнелеп ойлауымен және оны тіл арқылы жеткізе білуімен ерекшеленеді.Сананың көмегімен адам қоршаған ортадан бөлініп, жеке тұлға екендігін сезініп ұғынады, бұл өзіндік санадеп айтылады. Адамның сана сезімі барлық уақытта топтық, қоғамдық сана сезіммен тығыз байланысты болады. Сондықтан адам тек өзін-озі түсініп қана қоймай болмысты сезінуге талаптанады, сөйтіп әрбір сана қоршаған әлемнің заттары мен құбылыстарын сезінумен қатар адамның өзін-өзі, өзінің ішкі дүниесін сезінуден түрады. Сана сезімі бір жағынан танымдық, екінші жағынан әрекеттік құбылыс. Сана - психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекет формасы, адамның еңбек әрекетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келуі қоғамдық тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі. Сана бұл қоғамдық болмыс.
Сана құрылымында төрт негізгі сипат (А.В.Петровский) байқалады:
1.Сана қоршаған дүние туралы білімдердің жиынтық бірлігі, Оның құрылымына барша танымдық процестер енеді: түйсік, кабылдау, ес, ойлау, қиял.
2.Санада субъект пен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында адам тек өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам ғана тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика әрекетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті.
3. Мақсатты болжау әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын-ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады.
4. Сана құрылымында әрекетке орай. қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі объективті, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды. Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық- еңбек әрекетіне көшуі болып табылады. Осы өмірдің нәтижесіне психиканың жаңа түрі - адамның санасы пайда болады.
Сана - психика дамуының ерекше сапалы түрі. Жануарлар дүниесінің эволюциясында сананың өзіндік ұзақ тарихы бар, сол алғаш рет адамда еңбек және қоғамдық қатынастарды қалыптасу үрдісінде пайда болды. Адамның саналы іс-әрекетінің айырмашылығы негізгі үш белгіден тұрады: осы белгілерді ішінде біріншісі- адамның саналы қызметінің биологиялық мотивтерге байланысы міндетті емес. Кей жағдайда саналы қызметі биологиялық ықпалдарға және қажеттіліктерг бағынбайды, олармен қарама-қарсылықта болады немесе олардыбасып тастайды. Адамдардың саналы қызметінің екіншіерекшелігі жануарлармен салыстырғанда орта жағдайы бейнелей алатындығы.
Үшіншіерекшелігі - жануарлардың мінез-құлқынан адамның саналы іс-әрекетінің айырмашылығы білім мен ептілігі, бұл қоғамдық тарихи жинақталған және оқуда берілген жалпы қоғамдық адамзаттық тәжірибені меңгеру аркылы қалыптасады. Демек, адамдардың меңгерген білімдері, ептіліктері, мінез-құлық тәсілдері оның өз тәжірибесінің нәтижесі емес, ұрпақтардыңқоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеру арқылы қалыптасады, адамның саналы қызметі жануарлардың мінез-құлқынан түбірінен ерекшелейді.
Мәдениет – қоғам болмысының формасы
Болмыс категорияларын талдай келе, енді бүгінгі таңдағы ғылымға мәлім ең күрделі дәрежеде ұйымдасқан қоғам болмысына келіп тірелдік. Өйткені біз білетін Ғарыштағы Жер бетінде өмір сүріп жатқан саналы пенде - адамдар - бір-бірімен бірігіп, сан-қилы қарым-қатынастарға түсіп қоғамды құрайды.
Қоғам ұғымының орнына көп жағдайда оған мән-мағынасы жағынан жақын категориялар қолданылады. Сондықтан ең алдымен біз оларды бір-бірінен айыра білуіміз қажет. «Ел» және «қоғам» категорияларын салыстырсақ, біріншінің географиялық жағы басым. Мысалы, Қазақ елі - Азия құрлығының ортасында, мүхиттардан алыс орналасқан ел. «Қауым» және «қоғам» категорияларына келер болсақ, біріншіге отбасы, ру, тайпа, халық, ұлт секілді әлеуметтік ұйымдасу формалары жатады. Ал «мемлекет» пен «қоғамды» салыстырсақ, ол мұхиттағы айсберг саяқты : судың бетіндегі көрінетін алып мұздың кішкентай ғана бөлігі - ол мемлекет болатын болса, су астындағысы - қоғам. Қоғам өміріндегі сан алуан қарым-қатынастардың ең негізгілерін ғана мемлекет заң арқылы ретке келтіре алады, қалғандары әдет-ғұрып, моральдық, эстетикалық, т.б. әлеуметтік нормалардың негізінде қалыпқа келеді.
Кең түрде алғанда, қоғам деп адамдардың арасында қалыптасатын сан алуан байланыстар мен қарым-қатынастардың жиынтығын айтамыз. Бұл арада мына нәрсеге көңіл аудару қажет: ол байланыстар мен қарым-қатынастар сол қоғамның өзіндік өмір сүруіне жеткілікті болуы керек. Алайда «өз-өзіне жеткілікті» деген ұғымның өзін нақтылай түсу қажет. Өйткен себебі, бүгінгі таңда бірде-бір мемлекет, қанша алып болса да, барлық қазіргі өмірге керекті заттарды шығара алмайды. Сондықтан басқа елдермен экономикалық, саяси-құдтық, мәдени-рухани байланыстарға түседі. Олай болса, «өз-өзіне жеткілікті» деген ұғымды қалай түсінуге болады?
Екінші үлкен сұрақ: қоғам өміріндегі сан алуан байланыстар мен қарым-қатынастардың ішіндегі негізгі, оның іргетасын құрайтындар қандай болмақ?
Сонау көне заманнан бері созылып келе жатқан үрдіс - қоғамдағы рухани, саналы байланыстарды негізгі деп есептеу. Өйткені бір қарағандағы қоғамның жануар тобырынан айырмашылығы - ондағы рухтың пайда болып, сол қоғамға тигізетін зор әсерінде болса керек. Қоғам өмірінде өмір сүріп жатқан нақтылы тірі адам басқалармен саналы қарым-қатынасқа түседі. Ол өз алдына неше түрлі мақсат-мұраттар қойып, оларды іске асыруға тырысады. Яғни идея әрқашанда алда, соңынан ол іске айналады. Олай болса, қоғам өмірін анықтайтын - билік басындағы ұлы тұлғалардың саналы іс-әрекеті. Мұндай көзқарасты сонау Көне заманнан бастап Жаңа дәуірде өмір сүрген ағартушылардың еңбектерінен байқауға болады.
«Халық - шөп, ел билеуші - жел. Жел қай жаққа үрлесе, шөп сол жаққа майысады» - дейді көне Қытай философиясы.
Қоғам, адам және қоғамдық қатынастар туралы ой-пікірлер, идеялар мен ұғымдар алғашқы қауымдық қоғам дәуірінде - ақ қалыптаса бастаған. Адамдардың алдында қоғам деген не, ол қалай пайда болды, ол қалай дамиды, дамудың көздері мен қозғаушы күштері неде, қоғамдық құбылыстар мен процестердің байланысы қандай, өзара әсер, себеп, қарым-қатынастар заңдылықтары бар ма деген және басқа да көптеген сұрақтар,ой-пікірлер мен идеялар туады. Ал мұндай ой-пікірлер мен идеялар адамдардың қоғамға бірігуіне және осының негізінде өздерінің тіршілігін сақтау, күн көру, одан әрі даму қажеттілігіне, олардың тікелей тәжірибелік өміріне байланысты пайда болған.
Ғаламдық мәселелер - [франц. global - баршаға ортақ] - адамзаттың бұдан былайғы тағдыры және әлеуметтік дамуы шешілетін аса маңызды мәселелер жиынтығы. Қазіргі өркениетке тән құбылыс-ғаламдық қауіпқатердің әршуі. Олар әртүрлі және күннен-күнге үдей түсуде. Ғылыми әдебиеттерде бұл мәселелер үш топқа жіктеледі:
1. Халықаралық қатынастар саласымен байланысты мәселелер:
Соғыс және бейбітшілік мәселелері;
Этнологиялық мәселелер;
Дамушы елдердің экономикалық артта қалуын жеңу мәселесі;
Космос пен Әлемдік мүхитты бейбіт игеру мәселелері;
2. Жеке түлға мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты мәселелер:
Демографиялық мәселе;
Аштық пен тоя тамақтанбаумен күрес мәселесі;
Ғылыми-техникалық дамудың жағымсыз салдарын жою мәселелері; аса қауіпті індеттерді жою мәселесі;
Рухани ортаны және адамзаттың мәдени әркелкілігін қорғау мәселесі;
3. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа байланысты мәселелер:
Экологиялық;
Шикізаттық;
Энергетикалық;
Ауа райы және т.б. мәселелер.
Ғаламдық мәселелерді шешудің басты шарты - әлемдік қауымдастықтың мақсатты түрде келісілген саясат жүргізуі. Оның мынадай стратегиялық аса маңызды екі бағытын атап көрсетуге болады: ғылыми-техникалық саясат және қазіргі халықаралық қатынастарды реформалау. Алғашқысы экологиялық, шикізаттық, энергетикалық және т.б. қолданбалы сипаттағы мәселелерді шешуге ғылыми-техникалық алғышарт- тар жасауды, ал, екіншісі әлемдік қауымдастықты әділ демократиялық негізде реформалауды кәздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |