Жүгері дәндерінің химиялық құрамы келесідей (% -дық көрсеткіште): крахмал 69-72; еритін көмірсулар 3-5; белок 11-*13; пентозандар 4-4,5; клетчатка 1,7-2; май 5-6,5; күл 1,5-2.
Дәнды сулау. Бұл маңызды және қиын процестердің бірі. Дәндер түп жағы сүйірленген ағаштан жасалған (тек конусы шойыннан құйылған) цилиндрлік аппараттарда немесе тат баспайтын алюминнен жасалынған аппараттарда сулавндырылады.
Мезганы сүзу. Ұсақтаудан алынған езбе ірі мезгадан тұрады (бөлшектері 600мкм және ұсақтары 100-600мкм тұратын). Мезгадан бос күйдегі крахмалджы айыру үшін арнайы торлары бар сүзбелер қолданылады. Ірі мезгаларға колосникті торларды қолданады, колосниктердің аралары 1-1,2мм шамасында болады. Ал ұсақ мезганы сүзу үшін № 49 жібек сүзгішті немесе №55 капрон сүзгіш пайдалынады.
Крахмал сүтін рафинирлеу. Алғашқы және екінші ұсақталғаннан алынған крахмал сүттеріндегі дән бөлшектерінің мөлшерлері бірдей болғандықтан оларды біріктіріп соңғы тазарту үшін №65 және 67 жібек сүзбесінен (немесе №71 және 73 капрон сүзбе) өткізіледі. Алынған ұсақ мезга жалпы елеуіш жүйесіне шайылуға жіберіледі, ал крахмал сүті центробежді сепарирлеу орталығына түседі.
Глютенді айырып алу. Глютен – аз мөлшері крахмал дәні мен ерімейтін белоктың бөлшектері. Бұл бағалы белоктық шикізат жоғары концентрленген құрғақ малдың қорегін дайындауға пайдаланылады. Жүгері-крахмалдық зауыттарда глютенді айыру үшін центробежді сепараторлар қолданылады.