Пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы»


Зертханалық сабақ2 – Полиакрил қышқылының диссоциация константасын анықтау



бет26/36
Дата06.02.2022
өлшемі3,32 Mb.
#79375
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
Байланысты:
ВМС каз
умк хто-17-1
Зертханалық сабақ2 – Полиакрил қышқылының диссоциация константасын анықтау
Сабақ мақсаты: Потенциометриялық титрлеу әдісімен полиакрил қышқылының диссоциация константасын анықтау
Зертханалық сабаққа рұқсат алу сұрақтары:
1. Полиэлектролиттерге қандай полимерлер жатады?
2. Полимер тізбегінің қандай қасиеттері полимерлердің потенциометриялық титрлеу қисығына әсер етеді?
3. Полиэлектролиттердің спецификалық қасиеттері қандай? Олар қаалай байқалады?
Жұмыс барысы:Стақанға 20 см3 дистиллденген су құйып, полиакрил қышқылының өлшемесін ерітеді (0,006 – 0,01 г). Стақанды рН-метрдің титрлеу үстеліндегі магнит араластырғышына орнатады да, оған электродтарды батырып, 0,1 н NaOH ерітіндісімен титрлейді. NaOH ерітіндісін 2-3 тамшыдан қосады, тек бір қосқанда 0,5 см3артық емес, 0,5 мин бойы араластыра отырып, приборлар көсеткіштері бойынша рН өлшейді. Содан кейін NaOH жаңа порциясын қосып, өлшеуді қайталайды.Титрлеуді полиқышқыл ерітіндісінің рН≈11 мәніне жеткенше жүргізеді. Өлшеу нәтижелерін кесте 1 енгізеді.



№ п/п

NaOH ерітіндісінің көлемі, см3

рН

α

1-α

α/1-α

lg(α/1-α)

pH- lg(α/1-α)










0,1






















0,2






















0,3






















0,4






















0,6






















0,8






















0,9













Алынған нәтижелер негізінде потенциометриялық титрлеу қисығын рН-V (мұнд.V-қосылған сілті көлемі) координаталарында салады. Әлсіз қышқылдың сілті қосылмағандағы диссоциациялану дәрежесі α=0 тең деп алынады, ал толығымен нейтралдану нүктесіндеα=1. Сонымен қатарқосылатын сілті V жәнеα арасында тура тәуелділік бар. Ары қарай кестенің басқа бағандары толтырылады. Содан кейін кестедегі мәндер бойынша pH- lg(α/1-α) α-ға тәуелділік графигі салынады.Полиқышқыл диссоциация константасын рКαсалынған тәуелділіктен α=0 экстраполяциялау арқылы анықтайды.


Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Полимер қышқыл және оның төмен молекулалы аналогының арасындағы әрекет ету айырмашылығын түсіндіріңіз
2. Полиэлектролиттің ерітіндідегі әрекетіне ерітіндінің иондық күші қалай әсер етеді?
3. Полиқышқыл ерітіндісінің тұтқырлығының ерітінді рН тәуелділігін түсіндіріңіз


Зертханалық сабақ 3 – Тігілген полимерлердің ісіну кинетикасын зерттеу
Жұмыс мақсаты: Гидрогельдің уақытта ісіну кинетикаларын екі еріткіште зерттеу және ісіну константаларын есептеу
Зертханалық сабаққа рұқсат алу сұрақтары:

  1. Гидрогельдер деген не?

  2. Тігілген полимердің ісіну кинетикасын не сипаттайды?

  3. Не тәгәлген полимерлердің түзілу себебі болып табылады?

Жұмыс барысы:Ісіну дәрежесін анықтау. Ісінген гидрогельден (диаметрі 1см және ұзындығы 0,3-0,4 см) кішкене пластина кесіп алып, калькада өлшейді (бірқалыпты ісінген гидрогель массасы - m). Гель өлшемесін толық кепкенше қалдырады. Гель массасы құақты болу қажет (құрғақ гидрогель массасы – m0). Ісіну дәрежесін келесі формула бойынша анықтайды:
α = (m-m0)/m0
Суда ісіну кинетикасын анықтау. Ісіну кинетикасын бір үлгіде анықтайды (алдынғы тәжірибеде кептірілген гель пластинкасын қолданады).
Құрғақ гельге 10 мл дистиллденген су құяды, 5 мин. қалдырып, ісінген гельді пластикалық торға орнатады (бұл торға алдын ала дистиллденген сумен суланған, 10 рет грушамен үрленген және бюксте өлшенген фильтр салынады).
Ісінген гидрогель салынған торды дайындалған бюкске салады, 10 рет (абайлап!) үрлеп, массасын өлшейді. Келесі өлшеуді 5 мин., 5мин., 15 мин., 30 мин., 1 сағат, 2 сағат, 4 сағатжәне т.с.с. масса тұрақтанғанша жүргізеді. Ісінуді сандық сипаттау үшін α-ны әрбір фиксирленген уақыт τ мәні үшін есептейді.Содан кейін αмакс- α(τ) и lg[αмакс- α(τ)] есептейді. Алынған мәліметтерді кесетеге енгізеді.Ісіну константасы К ағамдағы α(τ) мәндер қатынасымен байланысты
lg[αмакс- α(τ)]= lgαмакс-0,4343Кτ
мұндағыαмакс- α(τ) соңғы өлшеуге сәкес келетінүлгінің максимальді ісіну дәрежесі.
Графикте lg[αмакс- α(τ)]-ныңуақытқа τ (сек) тәуелділігін салады. Алынған түзудің иілу бұрышының тангенсі бойынша еріткіште ісіну константасын анықтайды.

Ісіну уақыты, τ, мин

Ісінген үлгі массасыm(τ), мг

α(τ)

αмакс- α(τ)

lg[αмакс- α(τ)]
















Өзінді тексеруге және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:



  1. Гидрогельдің ісіну дәрежесі қалай анықталады?

  2. Ісіну константасы ісіну дәрежесінің ағымдағы мәндерімен қалай байланысты?

  3. Ісіну дәрежесі және константасы қандай полимерлер үшін анықталады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет