Пәннің оқу-әдістемелік кешені (контент) «мектепке дейінгі, бастауыш білім және өнер» кафедрасының мәжілісінде қаралды



бет64/77
Дата12.12.2021
өлшемі1,59 Mb.
#99910
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   77
Байланысты:
315727788.docx жас ерекшел псих лекция

БОӨЖ тақырыптары:

  1. С.Холл рекапитуляция теориясы, Э.Шпрангер жеткіншек жастық мәдени-психологиялық концепциясы.


12-АПТА

12-ДӘРІС.

ЖЕТКІНШЕК ЖАС КЕЗЕҢІНДЕГІЛЕРДІҢ ПСИХИКАЛЫҚ

ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ
Дәрістің мақсаты: Студенттерге жеткіншек кезеңінің баланың жас ерекшелігіндегі ерекше орны оны «өтпелі, бетбұрыс, қиын, сыналатын»кезең екенін түсіндіріп ұғындыру.
Дәрістің міндеті: Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік жас ерекшелікдың барлық жақтарынынң негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады.
Дәрістің жоспары:

12.1 Жеткіншектік кезеңнің бала жас ерекшелікындағы алатын орны мен маңызы.

12.2 Жеткіншек организмінің қайта құрылуы.

12.3 Жеткіншектік шаққа өтуде адамның басында болатын жаңа құрылымдар.


Жеткіншектің кезеңінің шектері шамамен балардың орта мектептің V-VIII сыныптарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14—15 жасқа дейінгі арлықты қамтиды, бірақ жеткіншектік жастың іс жүзінде басталуы V класқа өсумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы мүмкін.

Жеткіншек кезеңінің баланың жас ерекшелігіндегі ерекше орны оны «өтпелі, бетбұрыс, қиын, сыналатын»кезең деген атауларды бейнеленген. Бұл атауларды осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірден екіншісіне өтуімен байланысты жас ерекшелік процесінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік жас ерекшелікдың барлық жақтарынынң негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімінің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынасын, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалармазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.



Мектеп психологиялық қызметінің алдында тұрған күрделі проблемалардың бірі - жеткіншек жасындағы оқушылар жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларға дер кезінде қажетті психологиялық көмек көрсету. Мектеп психологтарының осы салада жүргізетін жұмыс мазмұнын анықтау үшін осы жас кезеңінің ерекшеліктерін және әр жеткіншектің өзінің алдында тұрған қиындықтарды зерттеу қажет.

Психологиялық қызметті ұйымдастыру үлгілері және балаларды зерттеуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер жүйесі қазіргі кезде жан-жақты зерттелінуде. Оның негізін құрушылар И.В.Дубровина, З.А.Малькова, В.М.Вульфсон, К.Р.Рональдо, Г.Б.Радионов, И.А.Соколова, А.С.Овчинников, И.О.Татур, М.Р.Битянова, Л.И.Прихожан, Р.С.Немов, В.Г.Гильбух, Е.И.Рогов, Р.Римский, С.Римская т.б. ғалымдар өз еңбектерінде психолог қызметінің мақсаты мен міндеттері, психологиялық қызметтің моделі, мектегі психологияльщ қызметтің мазмұны мен зерттеу жүргізуде пайдаланылатын әдістемелері анықталған. Бұл ұсыныстардың негізгі қағидалары мектеп психологиялық қызметінде кеңінен қолданылып жүр. Сонымен қатар әр жас кезеңінің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар.

Жеткіншек жас кезеңі психолог қызметінде ерекше орын алатындығы дәлелденген.
Жеткіншек жас кезеңі «өтпелі кезең», «қиын жас», «пубертаттық жас» деген аттармен аталып, осы кезде балалардың ересектіккке өтуіндегі проблемалары көрсетіледі. Бұл проблемалардың барлығы осы жас кезеңінде өтетін психофизиологиялық өзгерістер, жыныстық жетілу процестерімен байланысты. Мектеп психологтары осы қиындықтардың теориялық негіздеріне қанық болғанымен дәл көмек көрсетуге, әр баланың проблемасының ерекшеліктеріне толық түсінуге негіз болатын қазақ тіліндегі оқулықтар мен әдістемелік құралдардың тапшылықтары қосымша кедергі болып отыр. Тек соңғы кезде С.Х.Бектенгалиева, Н.Қ.Ддгарова «Бала бақшадағы психологиялық қызметті ұйымдастыру» кітабы, жақында жарық көрген әдістемелік құралдар Л.К.Көмекбаеваның «Психологиялық қызметті ұйымдастыру», Т.Р.Нұрмұхамбетова, Ш.Е. Рсмаханбетова «Тәжірибелік психология» кітабы осы олқылықты толықтыруға мүмкіндік жасап жатыр.

Дегенмен жеткіншек жас кезеңінің қыр-сырын нақты көрсететін құрал жоқ. Осы жұмысқа біршама даярлықтан өту үшін дипломдық зерттеу тақарабын «Жеткіншек жас аралығындағы психологиялық мінез-құлық ерекшеліктері» деп анықтадық. Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жеткіншек шағы (10-15 жас, ең қиын кезең болып саналады.) Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгірімі төмендейді. Қыздар мен ұлдардың арасындағы қарым-қатынас та қалыпты болмайды. Жеткіншектік кезең қиын әрі сыналатын кезең деп саналады.


Бұлай бағалау, біріншіден, осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты, бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен қарым-қатынастарын түбірімен өзгертетін сипатта болады, мұның өзі біршама қысқа мерзімде болуы мүмкін, көбінесе күтпеген жерден болады да, жас ерекшелік процесі секірмелі, қауырт сипат алады. Екіншіден, болып жатқан өзгерістер екінің бірінде бір жағына жеткіншектің өзінде, әртүрлі елеулі субьективтік қиыншылықтардың болуымен қабаттасады, оны тәрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады, жеткіншек ересектерді ықпалына көне қоймайды, онда тіл алмаудың, қарсылық пен наразылықтың әр түрлі формалары шығады (қиқарлық, дөрекілік, қарсылық, тентектік, бүкпелік, тұйықтық).

Бала жеткіншек шаққа өткен кезде оның нерв жүйесінің құрылымы морфологиялық жағынан жетіліп болады. Оның одан әрі қарай дамуы ағзаның барлық қызметіне және екінші сигналды жүйенің жетілуіне оңайлылыққа түспейді.



Жеткіншек жас аралығындағы психологиялық мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау, диагностикалау әдістерін жүйеге келтіру. Жеткіншек жасындағы мектеп оқушыларының жекелік психикалық қасиеттерін зерттеп, ауытқуы байқалған балаларға көмек көрсету жолдарын анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет