Бетте вертикаль бойынша орталықтандыру (Центрировать на странице по вертикали)
Объектілер олардың орталығы беттің орталағымен сәйкес келетіндей орналасады.
Рет (Порядок)
Бұл ішкі меню объектілердің жоспар бойынша орналасу ретін өзгертуге арналған командалардан тұрады.
Құру (Формирование)
Берілген ішкі меню командалары қиылысатын объектілер формасын түрлендіруге мүмкіндік береді.
Біріктіру (Объединить)
Қиылысатын объектілер біреуге айналады және оның шекарасы объектілердің ішкі контуры арқылы өтеді.
Алып тастау (Исключить)
Объектілер қиылысу шекарасы бойынша қиылады.
Қиылысу (Пересечение)
Объектілердің қиылысу облысы алынып, жеке фигураға айналады.
Жеңілдету (Упрощение)
Қиылысу облысы төменгі объектіден жойылады.
Төменгі объектіден жоғарғыны алып тастау (Передние минус задние)
Жоғарғы объектіден қиылысу облысы жойылады, ал төменгі объектілер толықтай жойылады.
Алдыңғы объектіден төменгіні алып тастау (Задние минус передние)
Төменгі объектіден қиылысу облысы жойылады, ал жоғарғы объектілер толықтай жойылады.
Дәріс №6. 3ds max заливка құралын қолдану
Дәрістің қысқаша мазмұны
"Заливка" құралы
"Заливка" құралы жеке топқа ерекшеленеді және келесі элементтерден тұрады:
7-сурет. Заливка құралдар панелі
Бояу түсінің диалогтік терезесі. Пайдаланылатын түстік модельге сәйкес түсті таңдауға мүмкіндік береді.
Градиентті бояу. Объектіні әртүрлі түсті және бір түстен екіншісіне ағымды ауысу әдістерін пайдалану арқылы бояуға мүмкіндік береді.
Тип. Градиентті бояу типін таңдау (сызықты, радиальды, кондық және квадратты).
Орталықтан ығысу (Смещение центра). Орталықтан тонның бөлінуі жүзеге асырылуына қатысты таңдауға мүмкіндік береді.
Параметрлер. Бұл бөлім қосымша баптаулардан тұрады.
Түстің ауысуы. Градиенттің бастапқы, соңғы және аралық түсін орнатуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |