Байланысты: 1 аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі
ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ Мақсат – жас ұрпақтың тәрбиесіне біріңғайкөзқарас қалыптастыру, Қазақстан
Республикасында балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие
үдерістеріне барлық субъектілердің іс-қимылдарын келістіру және сабақтастықты
қамтамасыз ету.
Міндеттер: жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы мен болашағын қоғамның
түсінуін актуалдандыру;
тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда интеллектуалдық, ұйымдастыру-
шылық-педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдісте-мелік және т.б.
ресурстарды шоғырландыру;
балалар мен жас өспірімдердің және жастардың түрлі әлеуметтік
топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай
алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде
ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік
кеңістік құруды ұйымдастыру;
жас ұрпақтың өзінің рухани - адамгершілік, инттеллектуалдық, өмірі мен
өз денсаулықтары мен аман-есендігі үшін әлеуметтік құзыреттілік пен
жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау;
жас қазақстандықтарды толераттылық құндылықтар, келісімділік пен
ұлтаралық қатынас мәдениеті негізінде тәрбиелеу;
балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа оң көз-
қарасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, әлеуметтік-педагогикалық
жағдай жасау;
өмір бойы білімін арттыруына, кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі
табысты көрсетуіне қажетті жағдай жасау.