Тыңдаушылардың қажеттіліктерін анықтауға арналған кері байланыс сұрақтары:
Оқудың алғашқы екі күнінде Сіз не үйрендіңіз?
Сізге өтілген материалдар түсінікті және қолжетімді ме?
Бағалау
Бағалау деген не? Бағалау не үшін қажет?
Бағалаудың мақсаты қандай? Бағалаудың мүдделі тараптары кімдер?
Бағалау
дегеніміз не?
Бағалау латын тілінен аударғанда «біреумен бірге отыру» дегенді білдіреді. Бағалау кезінде біз оқушымен бірге отырамыз. Біз бағалауды оқушымен бірге және оқушы үшін іске асырамыз. Біз жай ғана оқушыны бағалау тәсілін қолданумен шектелмейміз.
Грин, 1999
Бағалау – бұл мұғалімдер мен оқушылар оқу үдерісін дамыту үшін дәлелдер жинақтау мақсатында қолданатын ресми және бейресми үдерістер.