Динамикалық жадылармен жұмыс істеу процедуралары мен функциялары.
Үйме администраторы.
Осы уақытқа дейін біз статикалық мәліметтер және айнымалылармен жұмыс істедік. Мұндай айнымалылар программаның басында жарияланып, программаның жұмысы аяқталғанша бар болады – бұл статикалық айнымалылар. Сәйкесінше, бұл айнымалыларды сақтауға арналған жады бөлініп, ол программа жұмысы барысында босамайды. Әрине, бұл компьютер жадысын пайдаланудың тиімді емес тәсілі. Бұл дәрісте мүмкін тәсілді қарастырамыз – ол динамикалық айнымалылар, яғни мұндай айнымалылар оларды қолдану алдында жасалып, оларды қолданып болғаннан кейін бірден жойылады (алып тұрған жадыны босатады).
Әрине, Turbo Pascal тілінде мұны жүзеге асыруға болады және осы мақсатта динамикалық жады қолданылады.
Динамикалық жады үйме (куча) деп те аталып, Turbo Pascal тілінде шамамен 300000 байт көлемі бар байттар массиві ретінде қарастырылып, әлдеқайда үлкен мәліметтер құрылымдарын өңдеуге мүмкіндік береді. Алдыңғы дәрістерде кәдімгі жадыны қолдана отырып, LongInt типті 20000 элементтен тұратын массив жасай алмадық (ол үшін 80000 байт жады қажет, ал құрылымданған типтер үшін максималды өлшем 65520 байт). Дегенмен, динамикалық жадының көмегімен әлдеқайда үлкен массивті өңдеуге болады. Әрине, мәліметтерді динамикалық түрде орналастыру кезінде статикалық мәліметтер сияқты оларға атаулары бойынша қатынас жасай алмаймыз. Сол сияқты динамикалық түрде орналасқан мәліметтердің саны мен типі алдан ала белгілі болмайды. Мәліметтер үшін динамикалық жады программаның жұмысы барысында бөлінеді (босатылады). Turbo Pascal-да динамикалық жадыны басқару үшін нұсқауштар деп аталатын қолайлы құрал пайдалынады.