33 жаттығу
Қатысушылар жұпқа бөлінеді. Дәріс өтетін бөлмеге бір- бірінен бір жарым және екі метрлік арақашықтықта орындықтар қойылады.
Нұсқаулық: «Жұптың бір мүшесі соқыр адам секілді көзін жұмады, ал екіншісі оның жетектеушісі болады. Оның міндеті серігін бөлме ішінде қойылған орындықтар арасынан өткізу.(кей жағдайда, егер дәріс өткізілетін бөлмеде мүмкіндігі болса, топ мүшелеріне дәлізге шығуды, баспалдақтармен көтеріліп түсуді және т.б. ұсынуға болады.) сіздер қажетті қашықтықты жүріп өтіп, өз орындарыңызға оралғаннан кейін ролдеріңізді ауыстырасыздар».
Тапсырма орындалғаннан кейін жаттықтырушы топқа: «Жаттығуды орындау барысында қандай қиыншылықтар болды?», «Сіз соқыр адамның ролінде және жетектеуші адамның ролінде болғанда өзіңізді қалай сезіндіңіз?» және т.с.с. сұрақтар қоюға болады.
Жоғарыда аталған сұрақтардың біріншісі жауап берушіге жаттығуды орындау кезінде пайда болуы мүмкін эмоционалдық шиеленушілікке жауап қайтаруына, сондай-ақ басқа адамдармен өзара әрекет жасауда қиындықтар тудыруы мүмкін өзінің мінез-құлқының ерекшеліктері мен қасиеттерін сезіну жолына қадам жасауына мүмкіндік береді.
Екінші және үшінші сұрақтардың жауабы жұптағы өзара әрекеттің сипаттамасын талқылауға көшуге, өзара әрекетке лайық құралдарды таңдауға септігін тигізетін факторларды анықтауға мүмкіндік береді: бұл ең алдымен серігін түсіну және сезіну. Кей кезде, «соқыр» адамның ролінде болған бір қатысушы оны жетелеуші адамның қолы мықты болып, өзіне еркіндік аз берілсе деп айтса, ал басқасы, керісінше, ол тым басым қысым көрсетілуден ол қолайсыздық сезінгенін айтады. Бұл екі әсердің де артында жетектегімен қатынас көрсетудегі жетектеушінің жағынан түсінбеушіліктің туындағаны тұр.
Сонымен қатар, екінші сұраққа жауап бере отырып, қатысушылар өздерінің рефлексивтік қабілеттерін, өз сезімдері мен күйлерін вербальды жеткізу қабілеттерін жетілдіре түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |