36 жаттығу
Барлық қатысушылар шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық: Сіздер 5 минут уақыт аралығында бүгінгі күннен алған әсеріңіздің суретін салуыңыз қажет. өз суретіңізді кез- келген қырда салыңыз, ең бастысы онда сіздің бүгінгі жұмыс күнінің бейнесі, сіздің көзқарасыңыз бейнеленуі тиіс (тапсырманың сипаттамсын өзгертуге болады. Аталмыш тапсырма екінші жұмыс күнінің соңына қарай ұсынуға болады, ал үшінші күні тапсырада «Менің өмірлік кредом», ал төртінші және бесінші күндері – «Пейзаж» тапсырмасы ұсынуға болады). Сіздің салған суретіңізді ешкім көрмеуіне тырысыңыз. Аяқтаған суреттеріңізді маған беріңіздер (суреттердің барлығы жаттықтырушының қолына тигеннен кейін, ол әркімге өз салған сурет тимейтіндей, қатысушыларға таратып шығады.) Ал енді бұл суреттің авторы кім екенін ойланыңызда, астына атын жазыңыз.
Қатысушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін, жаттықтырушы әрқайысысына суреттің авторын атап, неліктен мұндай шешімге келгенін түсіндіруін ұсынады. Басқа қатысушылар, сондай-ақ суреттің авторы үнсіз мұқият тыңдайды.
Одан соң жаттықтырушы топқа назар аударып: «Басқа болжам бар ма?» деп сұрайды және қатысушыларға өз пікіріне дәйектер келтіруін өтінеді. Осылай барлық суреттер талқыланады. Суреттер топ жұмысының уақыты барысында бөлмеде қалады. Бұл тапсырманы орындау, сенситивтілікті жаттықтырумен қатар, күні бойғы жұмыстың мазмұныны рефлексиялауға мүмкіндік береді, алған тәжірибені жүйелеуге көмектеседі.
«Менің өмірлік ұстанымым» және «Пейзаж» суреттерімен жұмыс жасау барысында, жаттықтырушы қатысушыларға: «Серік қандай пейзаждарды салмайтын еді?», «Өзінің өмірлік ұстанымын бейнелей отырып, Асхат ненің суретін салмауы мүмкін?» деген сұрақтар қоюына болады.
Бұл сұрақтарды талқылауға суреттердің авторлары да қатысады, бұл кең мазмұндық мағлұмат береді.
Достарыңызбен бөлісу: |