37 жаттығу
Жаттығу топ жұмысының соңғы күнінде өткізіледі. Барлық қатысушылар шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық: «Мен қазір әрқайысыңызға топтың бес мүшесінің есімі жазылған текшелерді таратамын. (жаттықтырушы топ мүшелерінің тренингтегі белсенділік деңгейі, көріну мөлшерінің анықталуы негізінде жаттықтырушы толтырған текшелерді таратады. Әрі ол келесі белгілерді ескеруі қажет:
әр текшеге топтағы қарама- қарсы деңгейдегі белсенділікке ие қатысушылар енеді;
текшелерге барлық қатысушылардың сондай-ақ жаттықтырушының да есімі жазылады;
текшелерге қатысушылардың есімінің енуінің жиілігі шамамен бірдей. Текшелерді тарату кезінде, жаттықтырушы қатысушыларға өз есімі жазылған текшелер тимеуін қадағалауы тиіс.)
Қазір біз текшеде есімі жазылған әрбір адамға сипатама береміз, бірақ сипатамамыз мейлінше қысқа әрі ол адамды тануға мүмкіндік беретіндей болуы керек.(жаттықтырушы қалжын түрде топтың өмірінен қандай да бір мысал келтіруіне болады: «Айталық, Дастан үнемі кешігетін, сондықтанда егер біреу «Кешігуші» десе онда кім туралы айтылғаны бірден түсінікті болады.») Дайындалуымыз үшін бес минут уақытымыз бар».
Жаттығу аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы ең дәл және қысқа берілген сипатамаларға сүйене отырып, нәтижелерді талқылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |