Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары


жаттығу Барлық қатысушылар 4-5 адамнан топқа бөлінеді. Нұсқаулық



бет119/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

41 жаттығу

Барлық қатысушылар 4-5 адамнан топқа бөлінеді.



Нұсқаулық: «Қазір әрқайысымыз басқалар ол қандай әңгімелесуші деп ойлайтындығы туралы өзінің көзқарасын айтамыз. Мысалы (жаттықтырушы құрамына Торғын, Асхат, Олжас, Сәуле енген шағын топтың біріне жақындайды) Торғын ол қандай әңгімелесуші деп Асхат не ойлайтындығы жөніндегі өз пікірін айтады, ары қарай Олжас не ойлайтындығы туралы, одан соң Сәуле не ойлайтындығы туралы пікірін айтады. Торғынның пікірі былай айтылуы мүмкін: «Менің ойымша, Асхат сен мен көп нәрсе білетін, зерек бірақ кейде асығыс шешім жасайтын әңгімелесуші деп санайсың (ойлайсың)». Бұдан соң, Асхат, Олжас, Сәуле өздерінің қай пікірмен келісетіндерін, ал қайысысымен келіспейтіндіктерін айтады».

Жаттығуды талқылау барысында: «Сіздің шағын топпен жұмысқа қатысты әсеріңіз қандай?», «Сіздің әріптестеріңіз әңгімелесуші ретінде сіз туралы не ойлайтындықтарын жорамалдауда, қаншалықты тура болдыңыз?» деген сұрақтар қоюға болады. Әдетте машықтық топтың мүшелері бұл тапсырманың қиындығы туралы айтады.

Бұл жаттығу адамның Мен - бейнесін қалыптастыруға, яғни, аталмыш жағдайға тартылған басқа адамдардың алдында ол қандай адам ретінде көрінетіндігі туралы қабілеттілігін дамытуға бағытталған. Адам бойында барабар Мен - бейнелердің басым болуы - бірлескен өзара әрекеттің басты талабы. Олар мінез- құлықтың бейімділігін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге Т.Шибутани (19) жазғандай: саналы ой иесі бола отырып, көп жағдайда адам өзін бір - бірінен ерекшеленетін бірлік ретінде сезіне бермейді; әрі бұл сезінудің өлшем деңгейі әр алуан болуы мүмкін!. Шындығында да, адамдар көп жағдайда басқа адамдардан қандайда бір жағдайды өздеріне тән сипатта қабылдауды күтеді. Өмірге, әрі өз-өзіңе басқа адамның көзімен қарау оңай емес. Бұған жаттығуға қатысушылардың көзі жетеді.

42 жаттығу
Жаттығу жұмыстың үшінші - төртінші күндерінде өткізіледі. Топ бір-біріне кедергі жасамай әңгімелесе алатындай орналасқан үштікке бөлінеді. Әрбір қатысушыда қалам мен қағаз бар.

Нұсқаулық: «Қазір мен сіздерге әрқайысыңызға қатысты сұрақтар қоямын. Сұрақтардың түрі әралуан, мүмкін олардың кейбіріне жауап беру белгілі деңгейде қиындықтар тудыруы мүмкін. Сондықтанда мен сіздердің жұмыс мақсатын еске түсіріп, бұл жұмысқа жинақы түрде қатысуыңызды өтінемін. Сонымен, сіз менің сұрағымды естисізде, оған жазбаша өз жауабыңызды бересіз және сіздің екі серігіңіздің жауабын жобалай жазасыз. Барлығы тапсырма орындап болғаннан кейін, ал оны орындауға үш минут уақыт беріледі, бір-бірімізге сұрақ қоймай және талқыламай әрқайысымыздың жауабымыз бен болжамымызды тыңдаймыз».

Жаттығу басқаны түсінуге негізделген болжамдық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған. Жаттықтырушы біртіндеп жаттығуды күрделіндіреді. Мысалы: «Демалыстың сіз қандай түрін қалайсыз: тауда немесе теңізде демалуды ма?»; «Сізге қайысысы артығырақ ұнайды: керамика, майлы бояу немесе кескіндеме ме?»; «Топ мүшелерінің арасынан кімнен сіз демеу көресіз?»;

«Топ мүшелерінің қайысысының мінез-құлқы кейде сізге кедергі жасайды?»; «Сіз өзіңізге жұмысқа шақырғыңыз келген топтың үш мүшесін атаңыз?»; Арамызда үшеуін атау керек «кім топта барлығымызға артығырақ пайда тигізе жұмыс істеуде?»; «Арамыздағы кіммен сіз өзіңізді жайлы сезінесіз?» және т.б. сұрақтар тізбегі топтың даму деңгейіне және құрамына байланысты әралуан болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет