Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары



бет127/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

49 – жаттығу

Топ шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Қанекей сиқырлы дүкен ойынын ойнайық. Нақтырақ айтсақ, бұл биржа болмақ. Әрбір сәт сайын сатуға өз тауарын ұсынып, есесіне өзіне басқа бір нәрсеге тапсырыс жасауға болады. Мысалы, мен: 500 грамм шыдамдылықты 100 грамм зеректілікке айырбастаймын- деп айтамын. Егер қатысушылардың арасында өзінің 100 грамм зеректілігін беріп, 500 грамм менің шыдамдылығымды алғысы келген адам болса, онда бұл келісім жасалғандығын білдіреді. әрбір қатысушы саудаға өзінің тауарын ұсынғаны маңыздырақ, өйткені біздің биржамыз өркендеу үстінде және бізге тауардың әралуандылығы қажет».

Жаттығу топтың әр мүшесі бір реттен биржада өз тауарын ұсынып шыққаннан кейін немесе топтың барлық мүшелері қажетті және жекелік қасиеттерді алудағы өз қажеттілігін қанағаттандырғанан кейін аяқталады. Бірінші жағдайда жаттығу тек көрсету сипаттамасында болады, ал екінші жағдайда ол негізінен топтық өсіңкілікке терең ықпал етеді.

Жаттығуды талдау барысында топқа: «Бұл жаттығу сіздің бойыңызда қандай сезімдер тудырды?», «Бұл жаттығудың нәтижесінде, сіз өзіңіз туралы қандай жаңа маңыздылық алдыңыз?» деген сұрақтар қоюға болады.

Бірінші жағдайда, топ мүшелері де және жаттықтырушының өзі де тек сезімдер туралы айтуына болады (көп жағдайда бұл сізбен айырбас жасаушы бір де бір адам табылмай қалған кездегі адасқандық сезімі және жаттығу соңында топтан байқалатын жылылық пен қолдау сезімі). Сезімдер туралы сұрақты жаттығу қатысушылардың біріне терең әсер еткен кезде немесе қатысушылардың бірі өзінің бұрындағы да басқа келісімдерге қатысқандығын сылтауратып биржаға өз тауарын ұсынудан мүлде бас тартқан қарсылықтарға тап болған кезде қою тиімді болмақ.

Өзі туралы жаңа білімге қатысты сұрақтар ішкі құндылықтардың иерархиясы, өз-өзін қабылдау, өз-өзіне сын айту және өзіне қалжынмен қарай беру қабілеттіктерінің мәселелеріне назар аударуға септігін тигізеді.

Сондай-ақ бұл жаттығу топ мүшелеріне «сенсорлық қабылдауды» «эмоционалдық уайымдардан» ажырата алуына тырысуға мүмкіндік береді. Көп жағдайда топ мүшелерінің ортаға салған пікірлерінде жаттығуды орындау барысында өз уайымдарына қатты назар аудармағанда, басқалардың жекелік қасиеттері, олардың өздеріне қатынасы және оларды не толғандыратыны, нені жоғары бағалайтындығы туралы ақпарат алуға болар еді деген ойлар айтылды.

Осыған ұқсас көптеген басқа жаттығулардағыдай, бұл жердегі өз-өзін ашу деңгейі негізінен жаттықтырушы топқа деген қатынасында өзін қаншалықты ашық және сенімдірек ұстайтындығына байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет