Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары


жаттығу Топ шеңбер құрап отырады. Нұсқаулық



бет130/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

51 жаттығу

Топ шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Біз басқа адамды қабылдауда әртүрлі сенсорлық каналдарды пайдалану маңыздылығны көрсетіп өттік. Бір жағынан, біз басқа әрекеттерді қабылдай алу қабілеттілігі, басқа адамды «ойнау» оны жақсы түсінуге көмектестіндігіне көз жеткізе алдық. Қазір екі қатысушы өз денелеріндегі жалпылама сезіну арқылы басқа адамдардың өзіне қатынасын анықтау қабілеттілігін дамыта алады. Бұл қабілеттілікті «арқалық сезімталдық» деп атауға болады, себебі барлық қатысушылар екеуіне арқасымен бұрылып тұратын болады, ал екі қатысушы олардың өздеріне деген қатынасын жақсы сезіну үшін арқасымен, бір бүйірімен тұруға тырысады. Поль Экманның пайымдауынша, біздің денеміз – «нашар өтірікші», ал бет- жүзіміз – жақсы өтірікші». Осы себептен біз аталмыш жаттығуға бет жүзімізге қарау және басқа адамдардың жанарымен кездесу мүмкіндігін қоспадық.

Топтың қалған барлық мүшелері, менің шешімімен ерікті түрде үш шағын топқа бөлінетін болады, олар өздерінің арқалық сезімділігін жаттықтыратын екі қатысушыға белгілі бір қатынасты, белгі-бір эмоцияны бейнелейтін болады. Бұл қатынас топтағы қатысушылардың нақты қатынасымен еш байланысты емес. Әр топтың қатынасын мен белгілеймін. Сонымен, екі қатысушы бөлмеге оралған кезде, терезе алдында ортаға арқасымен қарап, қандай да бір қатынасты «ойнаған» төрт адам отырады, мысалы, қазір кірген адамға масаттанған, оң жақ қабырғада, ортаға арқаларымен қарап, бұл адамдарға қандай да бір белгілі қатынасты білдіріп, «ойнаған» төрт адам қатармен отырады, ал сол жақ қабырғада да кіргендерге үшінші қатынасты «ойнаған» төрт адам отырады (оларда ортаға арқаларымен қарап, қатар құрап отырады). Жаттықтырушылардың міндеті- үнсіздік сақтау, ілеспелі түрде әр шағын топтың қасына келіп, қастарында тұрып, оларға бірде бет-жүзімен,бірде бұйірімен, бірде арқасымен қарай бұрыла қатар бойымен жүріп өтеді, оларға қарай еңкеюіне, кейін шегінуіне, қайтадан жылдам жақындауына және т.с.с. болады. әрбір екі жаттықтырушы әр шағын топтың қатынасын дене жақындығымен зерттеп шыққанан кейін, олардың ортаға тұрып, менің сұрақтарыма жауап беруін өтінемін, ал ортаға арқасымен қарап, қандай да бір қатынасты бейнелеушілерге мен арнайы нұсқаулық беремін.

Ал енді, қазір кім өзінің «арқалық сезімділігін» жаттықтырғысы келеді?».

Бұл жаттығуды орындауға шыққан екі қатысушы дәлізге шыққанан кейін, жаттықтырушы шағын топтарды орналастырады да, шығып кеткендерге арналған белгілі қатынастарды белгілейді: мысалы, бір шағын топқа – қорқыныш, басқасына – махаббат, үшіншісіне – жиіркенушілік; немесе қорқыныш, махаббат және қызғаныш; немесе қызғаныш, сенімсіздік және масаттану және т.с.с. (Жек көру, кекшілдік сияқты қатынастарды бейнелеу оны бейнелеуші адамдарда қолайсыз сезім тудыруы мүмкіндігін және тіпті кейде бұл сезім оны қабылдаушылардікінен де күшті болатындығын есте сақтау қажет. Соңғы әрекет өте ұзақ болуы мүмкін, сондықтанда жаттықтырушы негативті эмоцияны таңдаған және оны бейнелеуші шағын топтың құрылуына назар аударуы қажет. Ол адамдар өте шыдамды және эмоциялық сезім оларды оңайлықпен баса алмайтын болуы қажет).

Жаттықтырушы бірінші шағын топтың қасына келеді де, әр қатысушыға шығып кеткен адамдарға деген тапсырылған қатынасты өзіне ұйытуы қажет екендігін ұсынады: «Мен сені қызғанамын, өйткені сен тапқырсың, сені қызғанамын... мен сені қызғанамын...., қызғанамын..., қызғанамын... өйткені сен маған қарағанда ойнақылаусың... ашықсың... жеңілтексің.... мен сені қызғанамын және т.с.с. басқа топқа ол қорқынышты өзіне ұйытуды ұсынады: «Мен сенен қорқамын, өйткені сен маған тисуің мүмкін... Мен сенен қорқамын.... қорқамын.... сен менен мықтырақсың.... сен мұнда болғанда маған қорқынышты... және т.с.с.». үшінші топқа махаббатты (немесе сүйіспеншілікті) өзіне ұйтуды ұсынады: «Сен маған қатты ұнайсың, сен сондай сүйкімдісің.... Мен саған махаббат сезімімен қараймын... Сені сүйемін болды....» және т.с.с.

Бұл өз-өзіне сендіруді қатысушылар жаттығу барысында іштерінен қайталап тұруы қажет.

Жаттықтырушы шығып кеткендерді шақырады және олар үнсіз күйде әр шағын топқа жақындайды және әртүрлі дене қимылдары мен тұрысымен тәжірибе жасайды. Әдетте, әр шағын топтың қасынана белгілі бір жағдайды сезінгеннен кейін, олар өздері-ақ ортаға шығады. Шағын топтағы барлық қатысушылар арқаларымен отыра береді. Жаттықтырушы ортада тұрған екі қатысушыға олардың қатынасын түсіндіретін сұрақтар қояды және олардың жауаптарын арнайы кодтармен белгілеп жазып алады: Қ (қызғаныш), Қ (қорқыныш) немесе М (махаббат) яғни, олардың әрқайысысының көрсеткен топтарға байланысты белгілейді. Қойылатын сұрақтардың шамалы үлгісі:

1. Қай топтың қасында арқамен тұрған жайлырақ?

2. Егер сен шағын топтардың бірімен ұрсысып қалсаң, онда қайысысмен ұрсысуың мүмкін? (Жаттығуларды көп жағдайда әйел адамдар өте жақсы орындайды).

3. Олардың қайысысымен сен жылдам татуласар едің?

4. Кімді аяр едің?

5. Кімді жек көрер едің?

6. Кіммен бірге жұмыс істегің келеді?

7. Кіммен бірге саяхатқа барар едің?

8. Шағын топтардың қайысысына назар аударар едің?

9. Шағын топтардың қайысысына «шайтанға жол сілтер» едің?

10. Ал қайысысын санаториге жіберер едің?

11. Шағын топтардың қайсысына сыйлық берер едің?

12. Кімге қатты сөз айтқың келеді?

13. Кімге жылы сөз айтқың келеді?

14. Қай шағын топпен әріптес болар едің?

Жаттықтырушы қатысушыларды жауабының кейбірі сәйкес, ал кейбірі мүлде өзгеше болатындығын нәтиже барысында байқаймыз.

Сұрақтардың қатары жаттықтырушылардың сезімінің әр қырын ашатындай толыққанды болуы керек. Жаттығу аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы барлық қатысушылардың шеңбер бойына оралып, өздеріне ұйытылған эмоцияларды «лақтырып тастауды» ұсынады. Тіпті психодрама немесе социдрамадағыдай «ролге қайта ауысуды» ұсынуға болады. Бұдан соң ол өз сұрақтарын қайтадан оқып шығады да, топ мүшелеріне әр жаттықтырушы қалай жауап бергеннін көрсетеді. Мысалы ол: « Қай топтың қасында арқасымен қарап тұру жайлырақ болды? - деген сұраққа Олжас «қорқыныш» тобын, ал Торғын – «махаббат» тобын таңдады; «Кімді аяр едің?- деген сұраққа екеуі де «қызғаныш» тобын таңдады» - деп айтады.

Талқылау барысында жаттықтырушылар өздерінің сезімдері туралы, ал қандай да бір қатынасты бейнелеушілер - өздерінің сезімдері туралы айтады. Көп жағдайда қатысушылар үшін жаңалық болатыны - адамның «арқасымен» қатынастың нәзік қырларын, әрі нағыз қатынастан әлсіз болатын «ойналған» қатынастарды сезіне алу қабілеттілігі болмақ.

Кей жағдайларда, бұл жаттығудан кейін, қайта жинақталу кезеңі қажет, өйткені көптеген қатысушылар үшін қандайда бір күйге ену кезіндегі эмоционалдық жағдайдан босау оңай бола қоймайды. Осы себептерге орай бұл жаттығу аса қатерлі жаттығулар қатарына жатады. Тек кәсіби жаттықтырушылардың, психотерапевттермен, кеңесшілердің тобына ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет