Өзгерту
Топ 6-7 адамнан тұратын шағын топқа бөлінеді.
Нұсқаулық: Бір-біріңізге зер салыңыз. Шағын топ бойынша әрбір серігіңіз қалай қозғалатынын, сөйлейтінін, қарайтынын, жауап қайыратынын есіңізге түсіріңіз. Ең алдымен неге назар аударатынын, ал неге немқұрайдылықпен қарайтынын есіңізге түсіріңіз. Әңгімені қалай бастайтынын, әңгімені аяқтағысы келгенін қалай білдіретіндігін есіңізге түсіріңіз. Бұл тапсырмаға бей- жәй қарамаңыз. Бұл жұмысты орындау үшін біздің он минут уақытымыз бар».
Он минуттан кейін жаттықтырушы нұсқаулықты жалғастырады. «Қазір мен Болат пен Қарлығашқа назарымды бөлемін. (жаттықтырушы әр шағын топтан бір-бір адамның есімін атайды) Мен сіздерді «түсінушінің» ролінде болуды ұсынамын.сіз өз міндетіңізді анықтағаннан кейін, біраз уақытқа бөлмеден шыға тұруыңыз керек болады. Сіздің міндетіңіз бөлмеге оралғаннан кейін сіздің серіктеріңз шағын топтың қай қатысушысының мінез- құлқын бейнелеп тұрғандығын үш минут уақыт аралығында бақылап түсіну болмақ. Әрі бұл кезде кейбіреулер өздерін бейнелеуі тіпті кей жағдайда сізді «бейнелеуі де» мүмкін екендігін ескеріңіз».
Одан кейін жүргізуші екі адамның бөлмеден шыға тұруын өтінеді де, шағын топтарға кімді бейнелейтіндіктерін анықтап алуға мүмкіндік береді. Әртүрлі варианттар болуы мүмкін:
қатысушылардың бірі өзін, ал қалғандары кез-келген басқаларды бейнелеуі мүмкін;
шағын топ теңдей екіге бөлінеді, әрқайысысында бір-бір адамнан өз өз қалпында, ал қалғандары олардың ролін ойнап бейнелеуіне болады;
шағын топ теңдей екіге бөлінеді, оның бірі екінші жартысындағы біреуді, ал екінші бөлігі «түсінуші» болған адамды бейнелеуіне болады және т.с.с.
Шағын топтар өз таңдауын жасағаннан кейін, жүргізуші бөлмеден шығып кеткен қатысушыларды шақырады. Жаттығуды талқылау барысында негізінен басқа адамның мінез-құлқын бейнелеушілер мен оны «түсінушілер» тап болған қиындықтарға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ жаттығу барысында әрбір қатысушы сезінген сезімдер туралы айтуға болады; басқаларды бейнелегендер мен өзін қалай бейнелегенін бақылаушылардың немесе түсіну тапсырмасын шешушілердің бойындағы сезімдер әртүрлі болады. Талқылау барысында, сонымен бірге, ақпарат беруші, ерекшелендіретін немесе адам жайлы ақпарат бермейтін ретінде тіркелген белгілер туралы әңгіме қозғауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |