Дж. Моренода жекешілдіктің кеңеюі жүзеге асатын бағытты анықтайтын «теле» факторының түсінігі бар. «Жекешілдік» терминінің аясында Дж. Морено «өткендегі атқарылғандардың және болашақтың болжамының «бізді» түп негізімізден өзгерткеннен кейін, менен немесе сізден қалған» деп түсінді (32). «Теле» факторының негізін Дж. Морено проекцияның (басқаларға өзінің көзқарасын міндеттеу және олардың шынайы болмауына жол беру) және ретроекция (айналасындағылардың ойлары мен сезінулерін иеленуге ұмтылу) арасындағы айырмашылық арқылы ажыратты. Өзінің «Спонтандық театры» кітабында ол: «Кейбір адамдарда ретроекцияның күші ақылға сыймайтын деңгейде дамиды. Оларды біз батырлар және кемеңгерлер деп атаймыз. .. Теле – басқалардың тәжірибесін ғажайып жеңілдікпен үндестіру процесі, және басқа біреудің ойларын өзіне тартып алу жолымен емес, басқалардың өздері өз сезімдерін «теле»-ге айқара ашу икемділігіне орай үндестіруі болмақ... «Теле» жекешілдік шекарасын ақылға сыймайтын шегіне дейін ашу мүмкіндігін танытады. (32).
Креативтілік жеке тұлға дамуының өзгеруге, стериотиптерден бас тартуға дайын екендігін анықтайтын күшті фактор болып отыр.
Бірақ, ең бастысы, бізді креативті болуға жетелейтін әрекет бұл бүгінгі әлемнің құбылмалығы.
Осының барлығының әсерінен әр адам қандайда бір белгілі деңгейде иемденетін қабілеттілікті - креативтілікті дамытуға мүмкіндік беретін құралдарды іздеу қажеттілігі байқалады.
Шығармашылық қабілеттілікті дамытатын бағдарламаларды құрудың әртүрлі белгілі тәсілдері бар. Бұл бағдарламалардың басым көбі креативтіліктің қандайда бір құрамдылығын дамытуға көзделген.
Олардың ең қолайлысы шығармашылық қабілеттілік күрделі міндеттерді соның ішінде, мектеп оқушыларының өнімді ойлауын дамытуға арналған М. Вертгаймердің тәжірибелеріне арналған шешу процесі кезінде жанданатын дәстүрлі тәсілдер.
Шығармашылық ойлауды дамытудың қорытынды бағдарламаларын бір мезгілде американдық зерттеушілер Е.П. Торрансон мен Э.Де Боно талқылаған.
Торренс әдістемесінің негізіне қаланған жетекші идея, бұл ойлаудың стандартты және шектеуін сырттай міндеттеуді жеңу идеясы болды. Ол талқылаған тренингтің негізгі әдістемелік құралы ретінде анаграммалар мен психогимнастикалық жаттығулар тапсырмалары жатады. Шығармашылық қабілеттіліктің дивергентік ойлау сияқты элементінің жаттығуға көнімділігін мойындай отыра, Торренс шығармашылық процестің мойындалмайтын бөлшектерін ынталандыруға мүмкіндік беретін амалдарға қойылатын талаптарды құрастырды.
Сонымен, инкубация процесін ынталандыру амалдарына қойылатын талаптар деп ол төмендегілерді атайды:
1. Олар сананың қарапайым жағдайдан ерекше күйге ауысуына жәрдем жасау қажет, тым болмағанда, қысқа уақыт аралығында.
2. Олар интеллуктуалдық, еріктік және эмоционалдық функциялардың өзара әрекетін қоздыру мүмкіндіктерге ие болуы қажет.
3. Олар мәселемен шынайы қақтығыс қамтамсыз етуі, оған бойлай алуды, эмоционалды еліктіре алуды қамтамсыз етуі қажет.
4. Олар қарама- қарсы түсініктердің, бейнелердің, ойлардың қақтығысын қамтамасыз етуі қажет.
Э. Д. Бононың бағдарламасы да шығармашылық ойлауды дамытуға бағытталған. Де Боно креативтік ойлауды дмыту ұстанымдарын құрастырды:
міндеттерді шешуге қажетті және жеткілікті талаптарын айыру;
ұқсас міндеттерді шешу барысында алынған тәжірибелерден бас таруға дайындығын дамыту;
заттың көпқырлылығын көре алу қабілеттілігін дамыту;
тәжірибенің әр түрлі саласының қарама- қарсы ойларын біріктіре алу және мәселені шешу барысында алынған бірлесулерді пайдалана алу қабілеттіліктерін дамыту;
аталмыш білім саласының әр қилы ойларын сезіне алу және олардың ықпалынана босану қабілеттіліктерін дамыту.
Де Боно амалдарын қолдану варианттары осы жинақтың жаттығуларының бірінде келтіріледі.
Креативтік мінез –құлықтың факторы ретінде ойлаудың жігерлігін дамытуға 1981 жылы Лейпциг университетінде Й. Шмидт талқылаған бағдарлама арналған. Тренингтің негізінде Д.Н. Узнадзе талқылаған мақсат туралы теориялық түсінік жатыр. Бұл ерекше бағдарлама жоғарыда аталып кеткен тәсілдер сияқты шығармашылықтың когнитивтік компоненттерімен байланысты.креативтіліктің мінез-құлықтық көрінісіне белгілі дәрежеде назар аударылатын және ойлау мен әрекеттің нәтижесін біріктіретін және олардың өзара ықпалын ескеретін әдістемелік құралдар пайдаланылатын креативтілік тренингінің бізге белгілі жалғыз болжамына Натали Роджерстің бағдарламасы жатады (29).
Креативтілік табиғаты туралы теориялық түсінігімізді жинақтаған тәжірибеге және машықтық бағдарламалардағы шығармашылық процесіне қатысты бар қысқа сипаттамамызды үзе отырып, келесі қорытындылар жасайық:
шығармашылықты зертеуші теоретиктердің, және практиктердің көпшілігі шынайы өмірге қатысы жөніндегі формалдық қисынның өнімдік емес, нормативтік сипатамасын, оның уақыттан тыс сипаттамасын мойындайды;
шығармашылық процестің кейбірі тренинг тәжірибесінде қолданылған және талқыланған мойындалмайтын детерминантарын басқару және ынталандыру тәсілдері белгіленген;
креативтіліктің дамуында жетекші роль дивергенттік ойлауға сипатамасын дамытуға берілген компонентік тәсіл басымдылық алады.
Достарыңызбен бөлісу: |